- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі – мұнай химиясының басты саласы
- •2.Стереоретті изопренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Уретанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Синтетикалық каучуктер өндірісі дамуының тарихи сатылары.
- •2.Стереоретті бутадиенді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Силоксанды каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1.Каучуктер сыныптамасы. Синтетикалық каучуктердің типтері.
- •2.Стереоретті бутадиен-стиролды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
- •3.Полисульфидті каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкани-заттардың қасиеттері
- •1.Алу тәсіліне қарай каучуктерді сыныптау
- •2.Полиизобутиленді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3.Изопренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері .
- •Этилен-пропиленді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Акрилатты каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Арнай мақсатқа арналған каучуктер.
- •Бутадиен-нитрилді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Фторкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат.
- •Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •Хлорпренді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизат-тардың қасиеттері
- •Табиғи каучуктің технологиялық қасиеттері
- •Бутилкаучукті алу, құрылысы және қасиеттері
- •Полиизобутиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы
- •2. Статикалық бутадиен-стиролды сополимерлерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук вулканизаттарының қасиеттері және қолданылу аумағы
- •2. Изопренді каучуктер. Литий-органикалық катализаторларда изопренді каучуктерді алу.
- •3. Бутадиен-нитрилді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучукті алу
- •2. Силоксанды алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулка-низаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучуктің химиялық құрылысы.
- •2. Уретанды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутилкаучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулкaнизаттардың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук түрлері және олардың физикалық қасиеттері
- •2. Акрилатты каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Бутадиенді каучуктер негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттар-дың қасиеттері
- •1. Табиғи каучук макромолекулаларының құрылысы және оның каучуктің техникалық қасиеттеріне әсері.
- •2. Полисульфидті каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Этилен-пропиленді каучуктің макромолекулалық құрылысының резиналардың вулкандау қасиеттеріне әсері
- •1. Каучуктер өндірісіне арналған басты шикізат
- •2. Хлорпренді каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
- •3. Тиоколдар негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері
- •Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):
1. Табиғи каучуктің химиялық құрылысы.
Табиғи каучук полимерінің негізгі бөлімі қайталанып отыратын изопентен буындарынан құралады және формуласы мынадай болады:
/
Каучук – гуттаперча стеоизомері транс – конфигурацияға ие:
Плантацияларда қасиеттерi жағынан бiрыңғайлау және сапасы жоғары каучуктердi алу жөнiнде тәжiрибелер жүргiзiледi. Негiзiнен жұмыстар латекстi сұйылтуды азайту және коагуляциялағандағы рН реттеуге жұмылдырылған. Жаңа әдiстер флокулянған дисперсияларды алуға немесе оны бiрқалыпты кептiруге мүмкiндiк беретiн, үздiксiз тәсiлмен ұсақ дисперстi коагулюмдi алуға бағытталған. Нәтижесiнде, тұрақты рН латекстi сұйылтпай алынған каучуктер бiрыңғай, модулдерi жоғары және механикалық қасиеттерi жоғары болатыны анықталды.
2. Уретанды каучуктерді алу, құрылысы және қасиеттері
Уретанды каучуктер екi сатылы конденсациялық процесте алынады және қолданылатын полиэфирлердiң типiне қарай күрделi эфирлi мен жай эфирлер негiзiнде алынғандарға, ал өңдеу тәсiлiне байланысты - құйма және бiлiктенген болып бөлiнедi.
ССРО уретанды каучуктерден арнайы құрылымды қалыптарда құю әдiсiмен қасиеттерi әртүрлi СКУ-7 мен СКУ-8 маркiлi дайын вулканизаттар шығарылады. Одан басқа бiлiктенген полиуретандар СКУ-ПФ (жай эфирлер негiзiндегi уретанды синтетикалық каучук) алынады.
Күрделi эфирлi уретанды каучуктер. Күрделi эфирлi уретанды каучуктер үшiн бастапқы өнiмдер гликолдер, екi негiздi қышқылдар мен диизо-цианаттар болып саналады. Гликолдерден көбiнесе этиленгликоль, пропилен-гликоль мен бутандиол, қышқылдардан – адипин қышқылы қолданылады. Диизоцианат-тардан көбiнесе 1,5-нафтилендиизоцианат қолданылады:
N = C = O
O = C = N
Уретанды каучуктердi алу процесi келесi сатылардан тұрады:
полиэфирдi синтездеу;
изоцианатполиэфирдi алу;
изоцианатполиэфирдiң молекулалық салмағын арттыру;
вулкандау.
Вулкандауды мөлшерi мол диизоцианатпен немесе пероксидтермен жүргiзедi. Макромолекулалардың көлденең тiгiлуi бос изоцианат топтарының құрамында активтi сутегi бар полимер топтарымен (уретанды және карбамидтi топтар) әрекеттестiру арқылы қамтамасыз етiледi.
Жай эфирлер негiзiндегi уретанды каучуктер. Күрделi эфирлер негiзiн-дегi уретанды каучуктердiң созылымдылығының температуралық шегi тар (-30-дан +1300С дейiн). Жай эфирлер негiзiнде алынатын каучуктерде бұл кемшiлiк жойылған. Бастапқы өнiмдер оксиэтилен, оксипропилен, окситетраметилен сияқты эпоксиқосылыстар болып табылады. Одан әрi диизоцианаттармен әрекеттестiруде қажет болатын, полиэфирдiң соңында гидроксил тобы болу үшiн азғана мөлшерде гликолдердi қосады.
Уретанды каучуктердiң құрылымының олардың қасиеттерiне әсерi. Уретанды каучуктерде полярлы топтардың мөлшерiнiң көп болуынан оларда молекулааралық әрекеттесулер жоғары болады. Бұл полимердiң кристалдануы-на, соның салдарынан модулдерiнiң, қаттылығының, үзiлуге және жұлмалауға берiктiгiнiң өсуiне ықпал етедi. Молекулааралық әрекеттесу шамасы полиэфир-дiң құрылысы мен типiне, әсiресе полиэфир мен диизоцианат типiне байла-нысты; бұл жердегi гликолдердiң рөлi елеусiз.
Толықтырғыштарды енгiзу уретанды каучуктердiң қасиетiн азғана өзгер-тедi, өйткенi қасиеттерi негiзiнен тiзбектердiң бағытталуы және молекула-аралық әрекеттесулермен анықталады. Жай эфирлерден алынатын уретанды каучуктер үшiн, көлденең химиялық тiгiлу мен активтi толықтырғыштардың әсерi кристалданбайтын каучуктердiң әсерiне ұқсас.
Жылу әсерiне ең тұрақтысы пероксидтермен вулканданған полиуретандар.
Уретанды каучуктердiң мүжiлуге және озон әсерiне, сондай-ақ радио-активтi сәулеленуге төзiмдiлiгi жоғары. Полиуретандар газ өткiзгiштiгi жағы-нан бутилкаучукке, майға төзiмдiлiгiнен – полихлорпренге ұқсас, тотығуға төзiмдiлiгi жағынан барлық каучуктен асып түседi.
Полиуретандар әсiресе жоғары температурада бу, қышқылдар және сiлтiлер әсерiне тұрақсыз.
Физикалық қасиеттерi. Полиуретандардың тығыздығы 1,2-1,3 г/см3 тең; 1000С-дегi Муни бойынша тұтқырлығы – 59,7; шынылану температурасы – 530С; 200С кезiндегi 24 сағат iшiндегi ацетондағы ерiгiштiгi 42%.
Созған кезде уретанды каучуктер кристалды рентгенограмманы бередi.
Төменде уретанды каучуктердiң диэлектрлiк қасиеттерi келтiрiлген:
-
Меншiктi электр кедергiсi, ом*см
1,1*1015
Диэлектрлiк шығынның бұрышының тангенсi
0,016-0,096
Диэлектрлiк өткiзгiштiгi
4,5-7,5
