Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар ХТСК.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
458 Кб
Скачать
☆

3. Тиоколдар негізіндегі резина қоспалары мен вулканизаттардың қасиеттері

Вулкандау. Да тиоколы үшiн вулкандаушы агент мырыш оксидi болып табылады. Вулкандау үшiн 100 салм.б. тиоколға 1 салм.б. кем емес мырыш оксидi қажет болады. Мырыш оксидiнiң мөлшерiн 10 салм.б. дейiн көбейтсе вулкандау жылдамдығы артады, мырыш оксидiн одан да көбейтсе вулкандау жылдамдығына әсер етпейдi.

Соңында тиолды топтары бар полисульфидтер тотықтырғыштар мен үдеткiштер көмегiмен вулканданады, мысалы, дифенилгуанидинi бар кумол пероксидiмен, дифенилгуанидi бар n-хинон-диоксиммен.

Тиоколдарды кәдiмгi резина қоспаларына арналған температураларда (135-1450С) жүргiзедi. Процесс ерекшелiгi вулканданған бұйымдарды қалыптан шығарар алдында 60-700С температураға дейiн қысымда суыту болып табылады; мұндай жағдайда вулканизатта кеуек түзiлмейдi. Қоспада 1%-ке дейiн су болса вулкандау тиiмдiрек жүредi.

Вулканизаттардың қасиеттерi. Вулканизаттардың механикалық қасиет-терiн анықтау үшiн құрамы төмендегiдей қоспа алынды (салм.Б. Түрiнде):

Тиокол

100,0

100,0

100,0

Табиғи каучук

-

-

5,00

Дифенилгуанидин

0,10

0,10

0,10

Бензтиазолилдисульфид

0,25

0,25

0,25

Техникалық стеарин

0,50

0,50

0,50

Мырыш оксидi

10,0

10,0

10,0

ТМ-50 күйесi

50,0

30,0

-

ДГ-100 күйесi

-

20,0

25,0

Күйесi бар тиокол вулканизаттарының механикалық қасиеттерi төменде келтiрiлген:

Созғандағы берiктiк шегi, кгс/см2

40-80

Салыстырмалы ұзаруы, %

250-430

Қалдық ұзаруы, %

10-25

Мүжiлгiштiгi, см3/(квт*сағ)

1000-1800

ТМ-2 бойынша қаттылығы

64-84

Ыршытқандағы созылымдылығы, %

20

Тиоколдан алынған резиналардың жұлмалауға қарсылығы өте аз, табиғи каучуктен алынған резиналардың жұлмалауға қарсылығының шамасының 20% аспайды.

Олардың негiзiндегi тиоколдар мен вулканизаттардың тотығуға тұрақты-лығы жоғары, көптеген ерiткiштерде аз еридi, өте аз газ өткiзгiштiкке ие болады. Тиокол қабаты арқылы сутегiнiң өтуi, табиғи каучук арқылы өтудiң 3-тен 8% дейiн құрайды. Температура артқан сайын газдардың диффузиясының жылдамдығы өседi. Тиоколмен сутегi және гелийдiң адсорбциялануы өте аз.