Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagramov_perevod_tolygymen_bitken.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
17 Мб
Скачать
☆

§2. Шегендеу құбырлары

Шегендеу құбырларын тігіссіз болат құбырлардан жасайды, олардың шеттеріне коникалық жалғастырғыш бұранда кеседі. Бұрғылау құбырларына қарағанда шегендеу құбырларының шеттері шығарылып жасалмайды, сондықтан олардың керілуге беріктігі бұрандаманың беріктігімен шектеледі.

МЕСТ 632-80 бойынша шегендеу құбырлары дәлдігімен және жасалу сапасымен ерекшеленетін А және Б екі түрінде шығарылады. Шегендеу құбырлары жалғасу типі, құбырдың диаметрі мен қабырға қалыңдығы, болаттың беріктік тобымен және муфта түрімен ерекшеленеді.

Жалғасу типі бойынша шегендеу құбырларының бес түр бар:

үшбұрышты қысқа бұрандамен және оларға муфта;

ұзартылған үшбұрышты бұрандамен және оларға муфта –У;

трапециялы бұрандамен және оларға муфта - ОТТМ;

жоғары герметикалық қосылыстармен және оларға муфта - ОТТГ;

муфтасыз раструбный құбырлар - ТБО.

МЕСТ 632-80 бойынша құбырлардың барлық түрлерінің жалғамаларында бұранда конустылығы 1:16 болады. Үшбұрышты бұранда 4.6, а-суретінде көрсетілген сәйкес пішін мен өлшемдерге ие (қадам 3,175 мм, пішін бұрышы 600). Бұранда пішіннің бүйіржақтарында отырғызылады (4.6, а-сурет). Құбырларды муфталармен бірге бұрау кезінде майлау немесе жалғамалардың герметикалығын қамтамасыз ететін және оның қажамалардан, коррозиядан сақтайтын басқа тығыздауыштар қолданылады. Ұзартылған бұрандалы жалғамалар керілуге қарсылықпен және жоғары герметикалықты болып келеді және 245мм-ге дейінгі диаметрлі құбырларда қолданылады. Ұзартылған бұрандалы құбырлар әдетте шегендеу құбырларының жоғары аса(более) жүктелген секцияларында қолданылады.

ОТТМ, ООТГ және ТБО құбырларының жалғамаларында коникалық теңгерілген белдемшелері бар бұрғылау құбырларында қолданылатындарға қарағанда кейбір ерекшеліктері бар трапециялы бұрандалар қолданылады. Шегендеу құбырларының трапециялы бұрандаларының пішіндерінің пішімдері 6.1,а-суретте көрсетілген, ал өлшемдері - төменде.

Бұранда қадамы Р,мм..................................................................................5,08

Пішіннің биіктігі һ1, мм...............................................................................1,60 0,03

Еңкею бұрышы *, градус.......................................................................................13

Угол наклона стороны профиля

1....................................................................................................30 10(А орындалуы)

30 1030(Б орындалуы)

2......................................................................................................100 10(А орындалуы)

100 1030(Б орындалуы)

Пішін төбесінің ені b, мм...................................................................................2,29

Пішін оймасының ені b1,мм...............................................................................2,43+0,05

Пішіннің жұмырлану радиусы,мм:

r.......................................................................................................................0,20+0,05

r1.......................................................................................................................0,80+0,05

r2........................................................................................................................0,20-0,05

r3.......................................................................................................................0,80-0,05

Еңкею бұрышы ...................................................................................................1047'24"

Конустылық 2 .....................................................................................................1:16

Трапеиялды бұрандамен жалғауларда керілуге беріктік үшбұрыштымен салыстырғанда 1,5-2 есе жоғары. Керілуге жоғары қарсыласу пішін бүйыржағының еңкею бұрышын кішірейтумен іске асырылады, ол құбырдың бұрандалық бөлігіндегі жүктемелерді қолайлы таратуға әсер етеді, бұл бірдей беріктік қорында үшбұрыштық бұрандамасы бар құбырлармен салыстырғанда қабырға қалыңдығы (1-2мм) аз шегендеу құбырларын пайдалануға мүмкіндік береді. Қадамды арттыру нәтижесінде трапециялды бұрандамасы бар құбырларды бұрауға қажетті айналым саны 2 есеге азаяды.

ОТТМ құбырлары шегендеу құбырларының жоғарғы секцияларында қолдануға арналған.

ОТТГ және ТБО құбырлары жалғамалардың жоғарғы герметикалығына ие және газ қысымы 50 МПа-ға дейінгі терең және өте терең ұңғымаларда бекітуге арналған. Бұл құбырлардың жалғамаларының герметикалығын арттыру бұранданың кіші диаметрлі бөлігі жағында орналасқан коникалық нығыздауыш беттер арқасында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жалғамада құбырлардың саңылаусыз түйісуін қамтамасыз ететін ішкі қарсыласу бүйіржақтарының бойынша әсерлесу қарастырылған. ОТТГ және ТБО құбырлары сақиналық бөлімдерімен ерекшеленеді: ОТТГ - муфталы тегіс, ТБО - муфтасыз.

А және Б түрінде орындалған құбырлар 9,5-13 метрге дейін ұзындықпен шығарылады. Б түрінде орындалған құбырлар тобында(партия) 8-ден 9,5 метрге дейінгі ұзындықта 20% құбырлар және 5-тен 8 метрге дейінгі ұзындықтағы құбырлар рұқсат етіледі.

Шегендеу құбырларының ұзындығы олардың бүйіржақтарының арасындағы қашықтықпен анықталады, ал бұралған муфталары бар болуы кезінде муфтаның бос бүйіржағынан құбырдың қарама қарсы шетінің бұрандасының соңғы бұралуына дейінгі қашықтықпен анықталады.

МЕСТ 632-80 бойынша шегендеу құбырлары 114 мм-ден 508 мм-ге дейін жасап шығарылады. Құбырлардың диаметріне байланысты олардың қабырға қалыңдығы 5,2 мм-ден 16,5 мм-ге дейін өзгереді. Муфталардың сыртқы диаметрі орташа және кішірейтілген. Сыртқы диаметрі кішірейтілген муфталарды тек А түрінде жасалған құбырларға арнап шығарады. Муфталардың бұрандасы мен тығыздауыш коникалық кеулейжонулар мырышталуы және фосфатталуы керек.

Шегендеу құбырлары және муфталарды беріктік топтары бірдей болаттардан жасайды. Тұтынушылардың сұранысы бойынша ОТТМ және ОТТГ құбырларына диаметрі кішірейтілген арнайы муфталарды құбырлардың беріктік топтарына қарағанда бір топ жоғары болат топтарынан жасайды. Шегендеу құбырларын жасау үшін қолданылатын болаттардың механикалық қасиеттері төменде келтірілген.

Болаттың беріктік тобы Д К Е Л М Р Т

Уақытша кедергі в,

МПА, кем емес 655(637) (687) 689 758 862 1000 1103

Ағу шегі т,МПа:

кем емес 379(373) (490) 552 655 758 930 1034

артық емес 552 - 758 862 965 1137 1241

Біркелкі ұзару 5,

%, кем емес 14,3(16) (12) 13 12,3 10,8 9,5 8,5

Шегендеу құбырларына және муфталарға келесі талаптар қойылады:

- барлық шартты диаметрлі құбырлардың сыртқы диаметр бойынша шекті ауытқуы +0,75% (А түріндегі); 219 мм-ге дейінгі шартты диаметрлі 1% (Б түріндегі); шартты диаметрі 219 мм-ден артық 1,25% (Б түріндегі); қабырға қалыңдығы бойынша шекті ауытқу - 12,5%;

- муфталардың сыртқы диаметрі бойынша шекті ауытқу 1%, бірақ 3 мм-ден артық емес, арнайы муфталар үшін 0,8% және -0,4мм;

муфтаның ұзындығы бойынша шектік ауытқу 3 мм.

К және одан жоғары беріктік тобынан жасалған ОТТГ және ОТТМ құбырлары мен муфталары термиялық және термомехникалық өңдеуге ұшырайды. Барлық беріктік топтарының ТБО құбырлары раструбный шеті шөгілгеннен кейін термоөңдеуге ұшырайды.

Муфталары бұралған құбырлар және де раструбный муфтасыз құбырлар ішкі гидравликалық қысыммен тәжірибеге келесі шартқа сәйкес шыдауы керек

p=2sR/D (6.1)

мұнда р - тәжірибе қысымы, МПа; s - номиналды қабырға қалыңдығы, мм; R - рұқсат етілген кернеу, МПа; D - құбырдың номиналды сыртқы диаметрі,мм.

Рұқсат етілген кернеу қабылданады:

273 мм және одан жоғары диаметрлі А түрінде жасалған құбырлар үшін R=0,6 т min; ал жасалымдағы қалған құбырлар үшін R=0,8 т min;

219 мм диаметрлі Б түрінде жасалған құбырлар үшін R=0,8 т min, одан жоғары 219 мм R=0,6 т min.

Қысымы муфталардың беріктігіне байланысты шектелетін құбырлар үшін тәжірибе қысымы

p=0.8 т min(DM-dp)/ DM (6.2)

мұнда DM - арнайы және қалыпты муфталардың номиналды сыртқы диаметрі, мм; dp - муфтаның бұрандасының муфтабұралған станокта бұрағаннан кейінгі сыртқы диаметрі, мм; т min - минималды ағу шегі, МПа.

Барлық құбырлар үшін тәжірибелік қысым МЕСТ 632-80-де көрсетілген.