- •§1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы
- •§2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •§3. Бұрғылау қондырғыларының параметрлері және жіктелуі
- •§4. Терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •4000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •4000 - 15000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Шарошкалы қашау
- •§ 3. Қалақшалы және алмаз қашаулар
- •§1. Арналауы, құрамы және негізгі талаптар
- •§2. Жетек құбырлар
- •§3. Бұрғылау құбырлары
- •§4. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •§5. Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •§6. Бұрғылау құбырларының материалы
- •§1. Арналуы, жабдықталуы, негізгі талаптар
- •§2. Шегендеу құбырлары
- •§3. Ұңғыма конструкциясы және шегендеу құбырларының диаметрі
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Орналасуы және жұмыс істеу шарттары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Құрылғысы және конструкциялық ерекшеліктері
- •§3. Ұршықтың негізгі параметрлерін таңдау
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Кронблоктар
- •§3. Тәлді блоктар
- •§4. Кронблоктар мен тәл блоктарының шкивтері
- •§5. Ілмектер және арнайы ілгіштер
- •§6. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін құрылғы
- •§7. Тәл механизмдерін жабдықтау
- •§1. Өлшемдері, негізгі параметрлері, конструктивті және технологиялық ерекшеліктері
- •§3. Тәл арқандарын айырбастау
- •§1. Негізгі талаптар мен классификациясы
- •§2. Құрылғылары, кинематикалық схемалары және техникалық сипаттамасы
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§ 2. Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші
- •§3. Таспалы тежегіштерге арналаған материалдар
- •§7. Бұрғылау шығырының гидродинамикалық тежегіші
- •§10. Электромагнитті тежегіштер
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сораптарының құрылғылары
- •§3. Пневмокомпенсаторлар
- •§4. Сақтандырғыш қақпақша
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары
- •§3. Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары
- •§4. Сору желілері және манифольд
- •§5. Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы
- •§1. Арналуы, классификациясы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •§3. Күштік берілістер және агрегаттар
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Тұрақты муфталар
- •§3. Ілінісу муфталары
- •§4. Электромагнитті муфталар
- •§1. Бұрғылау мұнаралары. Жалпы мәліметтер және құрылғылары
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының негізі. Құрылғылары және жалпы мәліметтер
- •§1. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар және құрамы
- •§2. Превенторлар
- •§3. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы
- •§4. Лақтыруға қарсы жабдықты басқару
§5. Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы
Бұрғылау ерітіндісін дайындау және тазалау құрылғылары ВНИИмұнаймаш пен ВНИИКРмұнайпен өзара келсілген сұлба бойынша жеке блок ретінде орналасады (12.14-сурет).
Саздыұнтақтар мен ұнтақтәріздес ауырлатқыштар жуу ерітіндісін дайындау блоктарының (ЕДБ) силостарында 1 сақталады. Қапқа салынған ұнтақтәріздес химиялық реагенттер жабық алаңда 2 сақталады. Ерітінді дайындау блогына дозатор, гидроэжекторлы араластырғыш 4, диспергатор 3 және механикалық араластырғыш 8 кіреді. Ұнтақтәріздес материалдарды силосқа салу және гидроэжекторлы араластырғышқа беру ауалықтасымалдағыш көмегімен іске асырылады. Дайындалған ұңғылық бұрғылау ерітіндісі гидравликалық 17 және механикалық 18 араластырғыштармен жабдықталған резервуарға 9 түседі. Подпорлы сораптармен 6 дайын ерітінді резервуардан 9 оны манифольдпен 30 бұрғылау тізбегіне 27 айдайтын бұрғылау сораптарына 7 беріледі.
Ұңғымадан бұрғылау ерітіндісі сағалық науаша 28 арқылы құрамына екі виброелек 26, қайтарғыш 23, гидроциклонды құмайырғыш 22 және сазайырғыш 14, центрифуга 13 кіретін тазалау блогына келіп түседі. Бұрғылау ерітіндісін құмайырғыш 22 пен сазайырғышқа 14 беру үшін ортадан тепкіш шламды сораптар 15 қолданылады. Ұсақтесікті торлы арнайы виброелек 16 сазды және ауырлатқыштың ұсақ бөлшектерінен айыру үшін қолданылады. Сондай-ақ бұрғылау ерітіндісін ауырлату кезінде артық саздық алып тастау үшін эжекторлы-гидроциклонды 11 қондырғы қарастырылған. Ерітіндіні центрифугага 13 беру үшін винттік сорап 19 қызмет етеді. Құрамында қабаттық қысым болған жағдайда бұрғылау ерітіндісі газды сепаратор 29 мен дегазатор 25 кіретін газдан тазарту блогына жіберіледі.
Циркуляциялық жүйенің құрамына жуу ерітіндісін өңдеу блогы 12, подпорлы сораптар 6 және резервуарлар блогы кіреді. Люктер 5 резервуарларды жиналып қалған бұрғылау ерітіндісінен тазалау үшін керек. Өлшелмелі айырғыш 20 және ортадан тепкіш сорап 21 бұрғылау тізбегін көтеру кезінде ұңғыманы толтыру үшін керек.
Құбырларды ұңғымаға түсіру кезінде айырғыш 20 ығыстырылатын бұрғылау ерітіндісін бақылау үшін қолданылады. Ұңғыманы жуу процесін бақылау үшін барлық резервуарларда орнатылған деңгейөлшегіштер 10, бұрғылау және подпорлы сораптардың, эжекторлы гидроараластырғыштың қысымын тіркейтін шығынөлшегіштер 31 мен манометрлер қолданылады. Бұрғылау ерітіндісінің газдылығы және тығыздығы бұрғылау сорабының қабылдауында және ұңғымадан ағызу кезінде панельде 24 бекітілген аспаптармен бақыланады. Бұрғылау ерітіндісін дайындау блогы ұнтақ тәріздес материалдардың массасын гидравликалық өлшеуіштермен жабдықталған (ГИВ-М). Центрифуганың айналу жиілігі тахометрмен бақыланады.
Желілер: І - айдау; ІІ - айдау; ІІІ - ағызу; ІV - ауалық
122.14-сурет. Циркуляциялық жүйенің технологиялық сұлбасы
XІІ Бөлім
Бұрғылау қондырғыларының жетектері
§1. Арналуы, классификациясы және негізгі талаптар
Заманауи бұрғылау қондырғылары әртүрлі қуатты машиналар мен механизмдермен жабдықталған, олардың әрекет етуі құрамында қозғалтқыштан, күштік берілістен және басқару құрылғыларынан тұратын жетектің көмегімен іске асырылады. Жетектің түрі, жинақталуы және конструкциясы бұрғылау қондырғысының техника-экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Жетектерді негізгі және көмекші деп бөледі.
Бұрғылау шығырының, сораптардың және ротордың жетектері негізгі болып табылады. Оның қуаты 6 мың кВт-тан және көбірек.
Қосымша жетек компрессорлардың, виброелектердің, сазараластырғыштардың, автоматты қашау берілісінің, майлық және подпорлы сораптардың, көтеріп-түсіру операцияларының механизациялаушы агрегаттардың және бұрғылау қондырғысының басқа да механизмдерінің жетектері үшін арналған. Оның орта есептік қуаты 400 кВт-тан аспайды. Соңғы жылдары бұрғылау қондырғыларында қиындық келтіретін жұмыстарды механизациялауда қосымша механизмдердің құрамы біршама артты. Қосымша механизмдардың жетекгінде қолданылатын қозғалтқыштардың саны екі есе өсті және 15-20-ны құрайды.
Бұрғылау қондырғыларында қолданылатын қозғалтқыштардың түрлеріне байланысты дизельді, газотурбиналы және электрлік жетектер деп бөледі.
Дизельді және газотурбиналы жетектер - отандық тәжірибеде өндірістік электржүйелерінен алыс аймақтарда барлау және пайдалану бұрғылау жұмыстарын жүргізетін бұрғылау қондырғыларында қолданылатын дербес жетектер.
Электрлік жетектер дербес емес жетектерге жатады, және оларды таңдау бұрғылау аймағындағы электрэнергияны пайдалану құнымен анықталады. Қазіргі таңда шығарылатын бұрғылау қондырғыларының 50%-ы электрлік жетектермен жабдықталады. Электржетектердің дамуына бұрғылау аймағында өндірілетін табиғи және ілеспе газдардың, сұйық отында жұмыс жасайтын дербес дизельді-электрлік және газотурбиналы электростанциялардың жасап шығарылуы әсер етті.
Энергияның таралуына сипатына байланысты топтық, жеке және аралас жетектер деп бөледі.
Топтық жетекте бұрғылау қондырғысының шығыры, сорабы және роторы арқылы берілетін күштік берілістер ортақ қозғалтқыштар арқылы іске асырылады.Осының арқасында қозғалтқыштардың саны және орнатылған қуат азайтылады. Топтық жетектердің кемшілігіне көліменің үлкенділігі және төменгі ПӘК-тің төмендігі.
Жеке жетекте шығыр, ротор және бұрғылау сораптарының берілістері қарапайым жеке қозғалтқыштары бар. Жеке жетек тиімді айналу жиілігінде тез іске қосуды және тежеуді қамтамасыз етеді. Кинематикалық беріліс сұлбасының және коснтрукциясының қарапайымдылығының арқасында бұрғылау қондырғысының жинақтылығын және салыстырмалы жоғыра ПӘК-ін қамтамасыз етеді. Жеке жетектер көбінесе электрлік бұрғылау қондырғыларында қолданылады.
Аралас жетек екінші бұрғылау сорабының жұмысы үшін топтық дизельдік жетектердің қуаты жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда шығыр, ротор және бұрғылау сораптарының біреуі топтық жетекті, ал екінші сорап жеке жетекті болады. Электрлік бұрғылау қондырғыларында шығыр және ротор топтық жетекті болады, ал бұрғылау сораптары жеке жетектермен жабдықталады.
Жетектер қозғалтқыштарының санына қарай бірқозғалтқышты және көпқозғалтқышты болып бөлінеді. Топтық дизельді жетекте төрт параллель орналастырлған дизельдер болады. Электрлік бұрғылау қондырғыларында шығарлар екіқозғалтқышты немесе бірқозғалтқышты жеке жетектерге ие. Бұрғылау сораптары мен роторлар бірқозғалтқышты жеке жетектермен жабдықталады.
Көпқозғалтқышты жетектер күштік берілістердің қиын конструкциясына ие, бірақ бір қозғалтқыштың істен шығуынан машина тоқтап қалмайды қалған қозғалтқыштар жұмыс істей береді және пайдалануда жеңіл. Сонымен қатар бос айналым кезінде және басқа технологиялық операцияларда барлық орнатылған қуатты жұмсауды қажет етпеген кезде қозғалтқыштардың бір бөлігін өшіріп қоюға болады, бұл пайдалануда экономикалық тиімді екенін көрсетеді.
Бұрғылау қондырғысының қосымша механизмдерінде асинхрондық қозғалтқыш пен механикалық берілістен тұратын жеке электрлік жетектер қолданылады. Қосымша механизмдердің қозғалтқыштары электрэнергиясын өндірісітік желілерлерден немесе дербес дизельді-электрлік айнымалы тоқты агрегаттардан алады.
Ауалық жетекте компрессорде сығылған ауаның ісерінен шығатын энергия механикалық энергияға айналып ұңғыма сағасынан жақын орналасқан механизмдерде қолданылады. Өртқауіпсіздік шараларына байланысты ұңғыма сағасындағы механизмдерге электрлік жетектерді қолдануға тыйым салынады. Ол автоматты бұрғылау кілті, ротордың сыналы қысуларына, бұрғылау құлыптарын бекіткіштерде және ауалық басқару құрылғыларында қолданылады.
Жетектің күштік берілістері қозғалтқыштары жұмыс машинасымен қосу және олардың жылдамдықтары мен айналу моменттерін келістіру үшін қолданылады. Бұрғылау қондырғыларында жұмыс істеу принципі және құрылымдық қасиеттері бойынша ерекшеленетін электрлік, гидродинамикалық және механикалық берілістері қолданылады. Механикалық берілістер гидродинамикалық (гидротрнасформаторлар және гидромуфталарда) және электрлік (электромагнитті муфталар) үйлесімінде қолданылып,гидромеханикалық және электромеханикалық берілістер құрайды. Негізгі жетекте қолданылатын күштік берілістер мен қозғалтұыштардың түріне байланысты бұрғылау қондырғылары келесі түрлерге бөлінеді:
дизельді гидромеханикалық күштік берілістерімен (Уралмаш 3Д-76; БУ300БД);
айнымалы электр токты электромеханикалық күштік берілістерімен (БУ5000ЭУ);
айнымалы электр токты механикалық күштік берілістерімен (Уралмаш 4Э-76; БУ3000ЭУК; ЮУ75БрЭ-70; БУ80БрЭ-1);
тұрақты токтык электрлі механикалық күштік берілістермен (БУ15000; БУ6000ПЭМ; БУ5000ЭР; БУ6500ЭР; БУ2500ЭП);
тұрақты токты дизельді-электрлік механикалық күштік берілістермен (БУ5000ДЭР; БУ6500ДЭР);
газотурбианлық механикалық күштік берілістермен.
Бұрғылау қондырғыларының жетектері сенімді, үнемді, қауіпсіз, басқаруда жеңіл, салыстармалы салмағы үлкен емес, тасымалданғыш, монтаждауға, пайдалануға және жөндеуге икемді болуы қажет.
