- •§1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы
- •§2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •§3. Бұрғылау қондырғыларының параметрлері және жіктелуі
- •§4. Терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •4000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •4000 - 15000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Шарошкалы қашау
- •§ 3. Қалақшалы және алмаз қашаулар
- •§1. Арналауы, құрамы және негізгі талаптар
- •§2. Жетек құбырлар
- •§3. Бұрғылау құбырлары
- •§4. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •§5. Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •§6. Бұрғылау құбырларының материалы
- •§1. Арналуы, жабдықталуы, негізгі талаптар
- •§2. Шегендеу құбырлары
- •§3. Ұңғыма конструкциясы және шегендеу құбырларының диаметрі
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Орналасуы және жұмыс істеу шарттары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Құрылғысы және конструкциялық ерекшеліктері
- •§3. Ұршықтың негізгі параметрлерін таңдау
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Кронблоктар
- •§3. Тәлді блоктар
- •§4. Кронблоктар мен тәл блоктарының шкивтері
- •§5. Ілмектер және арнайы ілгіштер
- •§6. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін құрылғы
- •§7. Тәл механизмдерін жабдықтау
- •§1. Өлшемдері, негізгі параметрлері, конструктивті және технологиялық ерекшеліктері
- •§3. Тәл арқандарын айырбастау
- •§1. Негізгі талаптар мен классификациясы
- •§2. Құрылғылары, кинематикалық схемалары және техникалық сипаттамасы
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§ 2. Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші
- •§3. Таспалы тежегіштерге арналаған материалдар
- •§7. Бұрғылау шығырының гидродинамикалық тежегіші
- •§10. Электромагнитті тежегіштер
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сораптарының құрылғылары
- •§3. Пневмокомпенсаторлар
- •§4. Сақтандырғыш қақпақша
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары
- •§3. Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары
- •§4. Сору желілері және манифольд
- •§5. Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы
- •§1. Арналуы, классификациясы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •§3. Күштік берілістер және агрегаттар
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Тұрақты муфталар
- •§3. Ілінісу муфталары
- •§4. Электромагнитті муфталар
- •§1. Бұрғылау мұнаралары. Жалпы мәліметтер және құрылғылары
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының негізі. Құрылғылары және жалпы мәліметтер
- •§1. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар және құрамы
- •§2. Превенторлар
- •§3. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы
- •§4. Лақтыруға қарсы жабдықты басқару
§1. Арналуы және негізгі талаптар
Бұрғылау сораптары жуу сұйығын бұрғылау құбырлар тізбегі арқылы ұңғыға қашауды суыту және бұрғыланған жыныстарды шығару үшін, қашауды айналдыру үшін қозғалтқышқа қосымша энергия береді.
Бұрылау сораптарына қойылатын негізгі талаптар:
- сораптың берілісі ұңғыны тиімді жуумен қамтамасыз ететіндей шекте реттелген болуы керек;
- сораптың қуаты ұңғыны және түпкі гидравликалық қозғалтқыштың жетегін жууға жеткілікті болуы керек;
- жуу сұйығының сораптан шығу жылдамдығы бұрғылауда қиындықтар тудыратын, қосымша энергетикалық шығындар мен қажу салдарынан бұзылатын инерционды күштер мен қысым бүлкілін жою үшін тепе-теңдікті ұстауы керек;
- сораптар құрамында абразивті майлары бар тоттануға бейім әртүрлі тығыздықтағы жуу ерітінділерімен жұмыс істеуге жабдықталған болуы керек;
- жуу ерітіндісімен жанасатын тораптары мен бөлшектерінің ұзақмерзімділігі жеткілікті және істен шыққан жағдайда оңай және тез ауыстыру мүмкіндігіне ие болуы керек;
- ірі габаритті тораптары мен бөлшектері жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде сенімді қарпуға және орын ауыстыруға арналған жабдықтармен жабдықталған болуы керек;
- жетекті бөлігінің тораптары мен бөлшектері жуу ерітіндісінен қорғалған болуы және тексеру мен техникалық қызмет көрсетуге қолайлы болуы керек;
- сораптар жинақты күйде алыс және жақын қашықтықтарға тасымалдауға мүмкіндік беруі керек;
- сорап конструкциясы сорапты агрегаттың қозғалтқышының оң және сол жағына орналасу мүмкіндігіне ие болуы керек;
- сораптардың сенімділігі мен ұзақмерзімділігі олардың экономдығы мен пайдалану қауіпсіздігімен сәйкес болуы керек.
Бұрғылау тереңдігінің артуымен бұрғылау сораптарының қуаты да артады. Екіжақты әрекетті екі поршенді сораптар кең таралған, қазір олардың орнына біржақты әрекетті үш поршенді сораптар қолданылады.
§2. Бұрғылау сораптарының құрылғылары
Бұрғылау сорабы (11.1-сурет) рамада 12 орнатылған гидравликалық және жетектік блоктардан тұрады.
11.1-сурет. Екіжақты әрекетті бұрғылау сорабы
Жетектік блок станинада 2 отырғызылған трансмиссиялық 5, түптік біліктен 9 және шатундық механизмнен тұрады. Ішкі түйіндер мен бөлшектердің монтаждалуының ыңғайлығы үшін станинада қақпақ 8 бар.
Станинаның түйісетін беттері және қақпақтары механикалық өңделеді және бұрандамалармен 11 тартылатын төсемелер немесе резиналы шнурлармен тығыздалады. Қақпақтың станинаға қатысты орналасуы коникалық сұққыштырмен (штифт) орнығады.
Станинаның мойын жағында сырғақтың 13 бағыттаушыларын 4 орнатады. Станина сырғағының бағыттаушысына арналған жонылған арналарының өстері 0,15 мм-ге дейінгі ауытқуға сәйкес келуі керек. Стнаинаның ішкі қуысы майға төзімді бояулармен боялады және трансмиссиялық және иінді біліктер арасында орналасқан тісті берілісті майлайтын майға арналған резервуарлар ретінде қолданылады. Станинаның мойнында сырғақтың монтажы мен тексеруге арналған бүйірлік люктары бар. Мойынның бүйіржағы штокка 3 және гидравликалық блоктарға 1 арналған тесіктермен жабдықталады. Станинаның қақпағында майлы буды тартуға арналған вентиляциялық қалпақ 7 бар. Бұрғылау сораптарының станинасын төзімділігі жоғары шойындар мен болаттардан дайындайды. Болат станиналар шойыннан жасалғандармен салыстырғанда жеңіл, бірақ қымбат. Бұрғылау сораптары станинасы пісірілген конструкциялары массасы бойынша тиімдірек.
Трансмиссиялық білік (11.2-сурет) айналдыру моментін сораптың түптік білігіне беру үшін арналған және ұштары сораптың жетегінде таңдалған беріліске байланысты сыналы-белбеулі шкив немесе шынжырлы дөңгелекті орнатуға арналған шығару білігі-тістегеріш 8 түрінде орындалған. Шкив және шынжырлы дөңгелек білікте кілтекпен 12 (шпонка) бекітіледі. Құрауды және бұзуды оңайлату үшін шкивтердің бұрандамалармен тартылатын бөлінген ступицасы бар. Консольдерге түсірілетін жүктемелер әсерінен иілулердің себебінен қисаюдың болуы мүмкіндігінен, сонымен қатар технологиялық қателерге байланысты трансмиссиялық білігін сфералы екі қатарлы мойынтіректерге 6 орнатады, ол қисықтісті берілістен радиалды және өстік жүктемелерді қабылдайды.
11.2-сурет. Трансмиссиялық білік
Станинаның тіректік беттерінің сынуын және жаншылуының алдын алу үшін, сонымен қатар кеулейжону кезінде тесіктердің босаңсуынан қымбат станинаның ақауын болдырмау үшін мойынтіректерді болат гильзаларда 7 орнатады, олардың сыртқы диаметрі тістегеріштің диаметрінен үлкен. Осының арқасында сорапты жинастыру кезінде білік 8 станинаның тесіктерінен оңай протаскивается.
Гильзаларда аз биіктікті фланецтер бар және станинаға бұрандамалармен 5 бекітілген қақпақтармен 1, 10 жабысады. Бұрандамалармен тарту арқасында гильзалар өстік бағытта орнығады және бұралып кетуден сақталынады. Мойынтіректер ішкі сақиналардың бүйіржақтары арқылы біліктің белдемелеріне (буртики) тіреледі. Оң мойынтірек гильзада қақпақпен 10 орнығады. Мойынтіректерді серіппелік майқұтылар 3 арқылы колдық сораппен майлайды. Гильзаның жылжымайтын түйісулері станина және қақпақпен резиналы сақиналар арқылы 4,9,13 тығыздалады. Қақпақ пен біліктің арасына әсерлесетін севантты тығыздамалар 2 және төлкені 11 орнатады.
Эксцентрикті түптік білік (11.3-сурет) құрамалы құрылымға ие. Түзу білік (прямой) 15 қатты бекітілген эксцентриктерімен 9 бірге бұрғылау сорабының станинасында орналасқан түптік мойынтіректерге 6 тіреледі. Шатунды мойындардың қызметін атқаратын эксцентриктер көміртекті болаттан құйылып жасалады және пісіру арқылы жалғанады. Эксцентриктердің саны бұрғылау сорабы поршендерінің санына тең. Түпті біліктің шатунды мойындарының бұрыштық ығысуы беріліс біркелкілігінің талаптарымен анықталады. Осыған сәйкес екіжақты әрекетті екі поршенді сораптарда эксцентриктердің бұрыштық ығысуы 900С-қа тең, ал біржақты әрекетті үш поршендіде 1200С-қа ығысады. Эксцентриктердің арасында тісті дөңгелек 8 орналасады.
Тісті дөңгелектің дәл остік орнығуы үшін түптік білік станинаның 1 жонылған арналары мен сораптың қақпағында 10 орналасқан өтпелі гильзаларға 3 отырғызылған жұпталған конусты радиалды-тіреуіш мойынтіректеріне 6 тіреледі. Мойынтіректердің сыртқы сақиналары көлденең қозғалмауы үшін гильзаның шеттеріне бұрандамен бекітілген қақпақтармен 4 ұсталады. Мойынтіректердің сыртқы сақиналарының тартылуы қақпақ 4 пен гильза 3 бүйіржағының арасына орнатылған өлшемді төсемелермен 14 реттеледі. Мойынтіректердің ішкі сақиналары біліктің бүйіржақтарына бұрандамалармен бекітілетін шайбалармен 5 тартылады. Біліктің осьтік орны гильзаның станинаның жонылған арналары мен сораптың қақпағына тірелетін сыртқы сақиналы белдемелері (буртик) арқылы орнықтырылады.
Гильзалар бұрылып кетуден дюбельдер 16 көмегімен сақталынады. Түптік мойынтіректерді майқұтылар арқылы колдық сораппен майлайды.
Роликті мойынтіректердің 7 сақиналары өстік жылжудан сақиналық тығырықтары (шайба) 12, 13, білік пен шатунның белдемелері арқылы ұсталынады. Сақиналық тығырықтар эксцентриктің бүйіржақтарына бұрандамалармен бекітіледі. Мойынтіректердің тартылуы шатун мойынының бүйіржағы мен тығырықтың 12 арасында орналасқан төсемелермен реттеледі.
Бұрғылау сораптарында айналымды трансмиссиялық біліктен түптік білікке беру үшін қисықтісті берілістер қолданылады, олар түзутістілермен салыстырғанда жоғары жүктемелік қасиетке және бірқалыпты ілініске ие, соның арқасында жұмыс кезіндегі шу мен динамикалық жүктеме деңгейі азаяды.
11.3-сурет. Түптік білік
Тістегеріш тісінің бағыты сол бағытта болады, ал дөңгелек үшін-оң. Қисықтісті берілістердің түзутістілермен салыстырғандағы кемшілігі-ілінісуде қосымша өстік күш пайда болады.
Тістегеріштерді 34ХН1М, 35ХНВ маркалы болаттардан дайындайды. Ұзақмерзімділікті арттыру үшін тістегеріштердің тістерін дөңгелек тістеріне қарағанда қатты қылып дайындайды. МЕСТпен бұрғылау сораптарының тісті дөңгелектерін дайындаудың дәлдік нормалары қарастырылған.
Сораптар үшін, қуаты, кВт...............................32-125 125-300 300-1180
Тісті дөңгелектерді дайындаудың дәлдігі......10-9-8 В 9-8-7 В 8 В
Шатун түптік біліктен қозғалысты сырғаққа (ползун) береді және көміртекті 35 болат маркісінен құйылған немесе қапталған үлкен және кіші мойындары қарама-қарсы орналасқан өзек түрінде болып келеді. Шатунның кейде мотылевый деп те аталатын үлкен мойыны 11 түптік білікті қарпиды (охватывает) және бүтін немесе ажырамалы конструкциялары болады. Конструкциясына байланыссыз түптік білік шатунмен коникалық роликті мойынтіректер арқылы жалғанады. Эксцентрикті біліктерде қосиінді және саусақтық біліктермен салыстырғанда шатунның мотылевый мойыны біршама үлкен диаметрге ие. Осының арқасында эксцентрикті біліктердің мотылевый мойынтіректері үлкен диаметрлі болады және жоғары ұзақмерзімділікке ие.
Сырғақтық (ползун) деп аталатын кіші мойын (11.4-сурет) шатунды 6 сырғақпен 4 шарнирлі қосуға арналған. Шатунның кіші мойыны сырғақтың тұрқысымен полый білікше (валик) 9 арқылы жалғанады. Жөндеу жұмыстары кезінде білікшедегі тесік арқылы көршілес сырғақтың 13 білікшесін для выпрессовки арналған ломик өткізіледі.
Сырғақтық мойынның жонылған арнасына қалайылы қоладан жасалған төлке 8 нығыздалған (запрессована). Нығыздау төлкені бұрылып кетуден және өстік ығысудан қорғамайды, сондықтан ол дюбельмен 7 тоқтатылады.
Білікше 9 сырғақтың конустық тесігіне кіретін орталықтандырғыш конуспен жабдықталған. Білікше бүйіржағының көлденең пазына кіретін тоқтатқыш тақтайша 11 және сырғаққа бұрап кіргізілген бұрандамалардың 10 көмегімен білікше конустық тесікке нығыздалады (запрессовывается) және соның арқасында ығысудан және сырғаққа қатысты бұрылып кетуінен сақталынады. Қуатты сораптарда шатунның мойыны сырғақтың білікшесімен инелі мойынтіректермен жалғанады.
11.4-сурет. Шатунды механизм
Сырғақ болат тұрықтан және шойын жапсырмалардан 5 тұрады. Жапсырмалар тұрықтың цилиндрлік бетіне бұрандамалармен 12 бекітіледі. Тұрықтың бүйірлік қабырғаларында білікшенің 9 күпшектері орналасады. Тұрықтың түбінде штоктың 1 сырғақтық бөлігіне арналған бұрандалық тесіктер бар. Штоктың сырғақта тоқтатылуы сірге (шплинт) 3 және сомын (гайка) 2 арқылы жүзеге асырылады.
Сырғақ сорап станинасында орналасқан шойын немесе қола бағыттаушылар бойымен орын ауыстырады. Сырғақтың жапсырмалары мен станинаның бағыттаушысы арасындағы саңылау 0,2-0,5 мм-ді құрайды және жапсырма мен сырғақ тұрығының арасында орнатылған төсемелермен реттеледі. Станина мен сырғақ жапсырмаларының үйкеліс беттері Ra=2,5 мкм-ден артық емес кедір-бұдырлыққа ие.
Сорап станинасында (11.1-сурет) майжинағыш (маслоуловитель) бар, онда сораптың май ваннасынан айналатын тісті дөңгелектермен лақтылатын май жиналады. Майжинағыштан май каналдар арқылы өздігінен төгіліп, сырғақтың білікшесі мен жапсырмаларының үйкелетін беттеріне барады.
Штоктың поршендік бөлігі 11 (11.5-сурет) оның сырғақтық бөлігінен 10 поршень жүрісіне қатысты таңдалатын аз диаметрі мен үлкен ұзындығымен ерекшеленеді. Поршендік штоктың бір жақ соңында сыртқы бұранда бар, ол сырғақтың штогымен 10 қосуға және контргайкамен 8 бекітуге арналған. Қарама-қарсы соңы поршенді 13 отырғызуға арналған белдемесі бар конуспен және конусты қосылысты тартуға арналған бұрандамен жабдықталған.
Конустық қосылу поршендерді ауыстыру кезінде оларды бөлшектеуді жеңілдетеді. Штоктың поршендік және сырғақтық бөлігін қосу үшін арнайы цилиндрліконустық немесе метрикалық бұранда қолданылады. Бұл бұранданың цилиндрлік бөлігі қосылатын штоктарды контргайкалармен тоқтатуға арналған. Поршендік шток жуу сұйығымен әсерлеседі және абразивті тозуға ұшырайды, нәтижесінде жұмыс істеу уақыты шектеулі. Штоктың сырғақтық бөлігі жуу сұйығынан диск-отражательмен 9 шеттетіледі. Абразивтілікті жою және тозуды төмендету үшін поршендік шток сумен немесе маймен жуылады және суытылады.
Шток беттерінің кедір-бұдырлығы сырғақтық бөлікте Ra=1,25 мкм-ден және штоктық бөлікте Ra=0,32 мкм-ден артық болмауы керек. Қуаттылығы 190-1180 кВт сораптарда поршень штогының үйкелу беті хромдалады. Штоктарды 40Х, 40ХН, 38ХШЮН, 12ХН4, 20ХН3А маркалы болаттардан дайындайды.
Бұрғылау сораптарының гидравликалық блоктары тұрықтық және ауыстырмалы бөлшектерден тұрады. Корпустық бөлшектерге гидроқораптар және олардың қақпақтары, қабылдау және айдау коллекторлары, ал ауыстырылатынға цилиндрлік төлкелер мен поршендер, клапан тәрелкесі мен ершігі, жылжымалы және жылжымайтын тығыздауыштары жатады.
Екі поршенді сораптарда гидравликалық блок (ХІV.5-сурет) екі гидроқораптан 2 тұрады, олар жетектік блоктың станинасымен 6 шпилькалармен 7 бекітіледі. Гидроқораптар бір-бірімен қабылдау 1 және айдау 3 коллекторларымен қосылады.
11.5-сурет. Екіжақты әрекетті бұрғылау сорабының гидравликалық блогы
Гидроблоктар көміртекті болаттан жасалған құйма түрінде болады, онда цилиндрлік төлкеге 12 арналған горизонталды жонылған арна мен айдау клапандарына 5 арналған вертикалды ұялар бар. Ортақ клапанүстілік қуыс 4 арқылы айдалатын сұйықтық цилиндрдің поршендік және штоктық камераларынан айдау коллекторына бағытталады. Қабырға қалыңдығы 30-40 мм, бұл гидроқораптың герметикалығын және беріктігін арттыру үшін керек. Гидроқораптардың қызмет ету мерзімін арттыру үшін ершікпен әсерлесетін ұя бетін эластомермен жабады.
Қабылдау 1 және айдау 3 коллекторлары құйылған немесе пісіріліп-құйылған болат конструкциямен жасалады. Айдау коллекторына сақтандырғыш клапан, пневматикалық компенсатор орнатады және манифольдтың айдау келтеқұбырын жалғайды. Қабылдау коллекторы сору клапанымен бірге гидроқораптың бүйірлік құйылмаларына жалғанады.
Гидроқораптың горизонталь жонылған арналарында орнатылған цилиндрлік төлкелер бұрғылау сораптарының ауыстырылатын бөлшектерінің өлшемдері мен металлсыйымдылықтары бойынша ірілерінің бірі. Олардың конструкциялық орындалуы, ұзындығы, сыртқы және ішкі диаметрлері салалық стандарттармен регламенттеледі. Цилиндрлі төлкелерді жоғарыкөміртекті және легирленген болаттардан дайындайды.
20 МПа-дан жоғары қысымдарда жұмыс істеген кезде биметаллды цилиндрлік төлкелер тиімді, олардың сыртқы бөліктері конструкциялық көміртекті болаттардан дайындалады, ал ішкі бөлігі-жоғарылегирленген болаттардан немесе шойыннан. Нормаға сәйкес қуаты 190-950 кВт бұрғылау сораптарында ішкі беттің кедір-бұдырлығы Ra=0,63 мкм-дан аспайды және қуаты 1180кВт сораптарда Ra=0,32 мкм-дан аспайды.
Цилиндрлік төлкелердің сыртқы беттері - тегіс немесе сақиналық белдемемен. Пішініне сәйкес олардың гидроқорапта бекітілу және тығыздалу әдістері өзгереді. ХІV.6-суретте көрсетілген цилиндрлік төлкенің 11 сыртқы беті тегіс. Ол гидроқораптың жонылған арнасында кернегіш стақандар 12, 7 арқылы бекітіледі, ол айдалатын сұйықтық өтуге арналған терезелермен жабдықталған. Стақанның 7 сыртқы бүйіржағына гидроқораптың поршендік қуысының қақпағы 4 тіреледі. Төлкенің қозғалыссыздығы қақпақты гидроқорапқа бекітетін бұрамасұқпаны (шпилька) 2 тарту кезінде пайда болатын өстік тартумен қамтамасыз етіледі.
Цилиндрлік төлкені тығыздау үшін гидроқораптың бунағына металл төлкемен 9 бөлінген манжеталарды 10 орнатады. Тығыздағыштардың өстік тартылуы грундбуксамен 5 және дистанционды төлкемен 8 іске асырылады және қақпаққа 4 бұрап кіргізілген бұрандамалармен 3 реттеледі. Грундбукса мен дистанционды төлке арасында орналасқан манжеталар 6 қақпақты 4 тығыздау үшін қолданылады. Цилиндрлік төлке мен манжеталарды ауыстыру кезінде қақпақ 4 бұрандамалар 1 көмегімен итеріліп шығарылады.
11.6-сурет. Цилиндрлік төлкенің тығыздау және бекіту түйіні
11.6, б-суретте цилиндрлік төлке 10 сыртқы сақиналық белдемесімен гидроқораптың заточкасына тіреледі, сондықтан төлкені бекіту үшін гидроқораптың поршендік қуысы жағында орналасқан бір кернегіш стақан 11 қолданылады. Цилиндрлік төлкенің өстік тартылуы гидроқорапқа шпилькалармен 15 бекітілетін фланецті төлкеге 14 бұрап кіргізілген сомынмен 1 реттеледі. Тартудың күші цилиндрлік төлкеге қақпақ 2, тіректік сақина 5 және стақан 11 арқылы беріледі.
Цилиндрлік төлке манжеталармен 6, 8 тығыздалады, олар кернегіш сақиналар 9 арасында орнатылады және аралық төлкемен 7 бөлінеді. Тығыздауыштардың өстік тартылуы қақпаққа 2 бұрап кіргізілген бұрамамен 3 реттеледі. Тартудың күші төлке 12 арқылы манжетамен беріледі.
Сомын 1 мен бұраманы 3 шпилькалар 2 мен бұрандамалар 3 орнына қолдану, 11.6, а-суретте көрсетілгендей, цилиндрлік төлкені және оның тығыздауыштарын тез және біркелкі тартуға мүмкіндік береді. Гидроқораптың поршендік қуысын тығыздау үшін манжетамен 4 қатар қосымша манжета 13 бар, ол қақпақ 2 пен бұрама 3 арасындағы саңылауды тығыздау үшін қолданылады. Цилиндрлік төлкенің тығыздалуы айдалатын сұйықтықтың гидроқораптың дренажды тесіктері арқылы ағуының пайда болуы арқылы реттеледі.
Штокты (11.7, а-сурет) тығыздау үшін шевронды манжеталар қолданылады, олар пакетке жиналады. Тығыздауыш пакеттегі манжеттер саны төрттен аспайды және сорап қысымына, шток диаметріне, тығыздауыш түйіннің конструктивті өлшемдеріне байланысты таңдалады. Манжеталар 12 тартылып шток 14 пен төлкеге 1 кигізіледі.
11.7-сурет. Штоктың тығыздауышы
Тығыздауыш беттермен бастапқы әсерлесуді жақсарту үшін манжеталарды резинадан және капроннан жасалған кернегіш 10 және тіректік 13 сақиналар арасына орналастырады. Тіректік сақина 13 манжеталардың саңылауға тартылып кетуінен сақтау үшін аз саңылаумен (0,05-0,08 мм) отырғызылады. Манжеталарды тарту төлкеге 1 бұралған сомынмен (гайка) 7 реттеледі. Тартудың күші манжеталарға грундбукса 6 және капрондық төлкелер 9 арқылы беріледі. Төлке 1 мен гидроқораптың 8 қосылуы манжеталық тығыздауышпен герметизацияланады, оған кернегіш сақина 2, манжета 3 және тіректік сақина 4 кіреді. Тығыздауыштың тартылуы төлке 11 және сомын (гайка) арқылы іске асырылады.
11.7, б-суретте көрсетілген конструкцияда төлке тек қана манжеталық тығыздауыштардың тұрқы ретінде қолданылады. Манжет 7 және шток тығыздауышы 6 грундбукса 4 мен сомын 5 көмегімен тартылады. Фланецті төлке мен гидроқораптың жылжымайтын қосылысы манжетамен 2 герметизацияланады, оның тартылуы бекіткіш шпилькалармен 3 реттеледі. Аталған конструкциялық ерекшеліктер штоктың тозған тығыздауыштарын ауыстыруды жеңілдетеді.
Тығыздауыш пакеттің қатты тартулары мен жоғары қысымдарда манжеталар мен шток арасындағы әсерлесу қысымдары және үйкеліс күштері артады.
Бұрғылау сорабының сорушы және айдаушы клапандары өзара алмастырылады және олар серіппе 11, қақпақ 8, тіреу винтпен 9 бірге клапанды қорапты құрайтын тәрелке 4 ершігінен 1 тұрады (11.8-сурет). Клапанды қораптың қосылатын өлшемдері МЕСТ-26-02-1129-75-пен регламенттеледі.
Клапандардың ершіктері хромкремнииленген немесе хромдалған болаттан штампталады, беріктігі HRC 50-56. Гидроқорапта 15 ершіктерді отырғызуға арналған ұялар жонылады. Ұя мен ершіктің түйісетін беттерінің конустылығы 1:5 болады, бұл тозған ершіктерді ауыстыру кезінде қосылыстарды бөлшектеуге мүмкіндік береді.
Ершіктің ішкі жонылған арнасында тәрелкенің төменгі бағыттаушы штогына арналған резиналы төлкесі 14 бар крестовина 13 орнатылған. Крестовина тәрелкенің өстік жүктемесін қабылдамайды және ершікте серіппелі сақинамен 12 ұсталынып тұрады. Ершік тәрелкені отырғызуға арналған ішкі конуспен жабдықталған. Клапанның тығыздалуы резиналы манжетамен 3 қамтамасыз етіледі. Металл обойма 2 манжетаны бүлінуден (развал) сақтайды.
Клапанның ершігі мен тәрелкесі 45˚ немесе 60˚ конусты бұрышы болады, беттің кедір-бұдырлығы R =1,25 мкм жоғары емес және беріктігі HRC 48 – 50 төмен емес. Гидроқораптың клапандық тесігі тұтқамен жабдықталған қақпақпен 8 жабылады. Қақпақ гидроқораптың жонылған арнасында орнатылған манжетамен 7 герметизацияланады. Тығыздауыш гидроқораптың фланеціне 10 кигізілген тіректік бұрамамен (винт) тартылады. Тығыздауыштың герметикалығы гидроқораптағы тесік а арқылы ағулардың пайда болуымен бақыланады.
11.8-сурет. Клапандық қорап
Винт 9 ірі қадамдық тірек бұрандасымен жабдықталған. Қақпақ пен тәрелке арасында орнатылған серіппе 11 клапанның дұрыс жабылуын және сораптың жұмысы кезіндегі тәрелкенің уақытылы отырғызылуын қамтамасыз етеді.
Клапанды көтеру биіктігі жуу сұйықтығының тығыздығы мен газға қаныққандығына, сораптың берілісіне байланысты және клапан қақпағындағы тәрелкенің жоғарғы бағыттаушы штогына 5 арналған жонылған арна тереңдігімен шектеледі.
11.9-суретте клапан көрсетілген, онда тығыздауыш резиналы сақина 2 тәрелкеде 1 орнатылған және гайкамен 3 қатайтылған. Тәрелке ершікпен 4 бүтіндей жасалған крестовинаға 5 отырады. Ершік пен крестовинаның бүтіндей жасалуы клапанның өту тесігін біршама үлкейтуге және осының арқасында гидравликалық кедергілерді азайтуға, жуу сұйықтығын сору және айдау шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұрғылау сораптары клапандарының ұзақмерзімділігі мен экономиялығын арттырудың маңызды жолы - клапандық түйінге кіретін бөлшектерді беріктендіру әдістері мен тиімді материалдарын таңдау. ВНИИнефтемаш қымбат және көп кездеспейтін хромникельмолибденді болаттардың орнына тәрелкелерді 40Х маркалы болаттан, ал кландардың ершіктерін 38ХС немесе 40Х маркалы болаттардан дайындауды ұсынады. Тығыздауыштарды және бағыттаушы төлкелерді ИРП 1293 майбензингетұрақты резинадан дайындайды.
11.9-сурет. Үшпоршенді бұрғылау сорабына арналған клапан
Поршень цилиндрлік төлкенің тесігін тығыз жабады және оның өсі бағытымен орын ауыстыра отырып сорылып жатқан сұйықтыққа қысым береді. Бұрғылау сораптарының поршендері резинаметаллды конструкциямен (11.10-сурет) болады және болат өзекшеден 1, резиналы өздігінен тығыздалатын манжеталардан 2 тұрады. Екі манжета қарама-қарсы жаққа бағытталған жағаларымен бірге поршеннің цилиндрлік төлкеде екіжақтық тығыздалуын қамтамасыз етеді. Өзекшелер поршенді штокпен қосуға арналған конустық (а,в,г,д) немесе цилиндрлік (б,е) тесіктермен жабдықталған. Өзекшенің сыртқы бөлігінде сақиналық канавкалар мен шығыңқылықтар бар, олар резиналы манжеталармен берік қосылуын қамтамасыз етеді.
11.10-сурет. Екіжақты әрекетті бұрғылау сораптарының поршендері
Манжеталары (11.10-сурет,в,г,д) механикалық қосылған поршендерде өзекшелердің пішіндері оңайырақ. Манжеталар 2 өзекшенің күпшегіне (ступица) кигізіледі және металл тығырықтармен (шайба) 4, серіппелік сақиналармен 5 бекітіледі. Манжеталарды жинауды жеңілдету үшін ступицаларда кіретін фаскалар бар. Кейбір конструкцияларда (ХІV.10-сурет,в,д,е) резиналық манжетаның желкелік бөлігі тозуға төзімді және қатты пластмасс төсемеге 3 тіреледі. Айдалатын сұйықтықтың қысымы әсерінен пластмасс төсеме радиал бағытта деформацияланады.
Өзекшенің 1 (11.10-сурет,г) бөлгіш белдеушесіндегі сақиналық консольдар және манжеталардағы 2 коникалық сыртқы фаска әсерлесу қысымдарының манжета бойында біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, бұл поршень мен цилиндрлік төлкелердің ұзақмерзімділігіне жақсы әсер етеді.
Қарастырылған конструкциялардан ХІV.10, а-суретте көрсетілген поршень кеңірек тараған.
Біржақты әрекетті поршенді сораптар жоғары жиілікпен және поршендердің аз жүріс ұзындығымен сипатталады. Осының нәтижесінде екіжақты әрекетті екіпоршенді сораптармен салыстырғанда өлшемдері мен массасы азаяды. Біржақты әрекетті сораптардың басқа артықшылықтары-штоктың тығыздауыштарының болмауы және сорап клапандары мен поршень манжеталарының санының аздығы.
Біржақты әрекетті үшпоршенді сорап (11.11-сурет) біржақты әрекетті екіпоршенді сораптардан түйіндері мен бөлшектері бойынша ерекшеленеді.
1-сору коллекторы; 2 - сору клапаны; 3 - клапан қорабының қақпағы; 4- айдау клапаны; 5 - айдау коллекторы; 6 - цилиндрлік төлке; 7 - шток; 8 - тез ауыстырылатын қамыт; 9 – контршток; 10 - сырғақ; 11- шатун; 12 - сорап станинасы; 13 – трансмиссиялық білік; 14 - түптік білік; 15 - компенсатор
11.11-сурет Бір жақты әрекетті поршеньді бұрғылау сорабы
Трансмиссиялық білік 7 (11.12-сурет) жоғары жүктемелермен жұмыс жасаған кезде қолдануға арналған жұптасқан коникалық мойынтіректерге 6 орналастырылады. Жетекші білік стаканға 3 орнатылған мойынтіректе 4 айналатын тік білікпен 5 қатты байланысқан үш құйылған эксцентриктерден 2,10,13 тұрады. Эксцентриктің бірқалыпты бұрыштық ығысуы олардың өзара теңесуін қамтамасыз етеді және дисбаланстың біліктің түптік мойынтіректерінің жұмысына жағымсыз әсерін жояды.
1-роликті мойынтіректер; 2,10,13- эксцентриктер; 3 - стакан; 4 –мойынтірек; 5-тік білік; 6 - жұптасқан коникалық мойынтірек; 7 - трансмиссиялық білік; 8 - тістегеріш; 9 - сақиналы секторлар; 11 - тісті тәж
11.12-сурет. Үшпоршеньді бұрғылау сорабының трансмиссиялық бөлігі
Түптік білікке айналым цилиндрлік тісті беріліспен беріледі, ол құйылған тоғында (ободта) 12 бекітілген қисық немесе шевронды тістері бар тісті тәжден 11 және тістегеріштен 8 тұрады. Тісті беріліс сорап өсіне қатысты ығысқан және ортаңғы 13 және шеткі 10 эксцентриктердің арасында орналасқан. Шатундардың мотылевый мойындары эксцентриктермен сақиналы секторлармен 9 бекітілген роликті мойынтіректер 1 арқылы қосылады.
Бұлғақтың кіші мойыны сырғақтың білікшесімен инелі мойынтіректер арқылы қосылған. Бір жақты әсерлі сорғылардың эксцентриктерінің диаметрі және шатунның ұзындығы поршеннің жүріс ұзындығының кіші болуының арқасында екі жақты әрекетті сорғыларға қарағанда кіші болады. Жетекті блоктың түзілімдері мен жылжымалы бөлшектері майлы сорғымен және май ваннасына батыру арқылы майланады.
Бір жақты әрекетті сораптардың гидроқораптары сору 1 және айдау 2 клапандарының өзара орналасуымен ерекшеленеді. Клапандардың өстес емес орналасуы (11.13, а-сурет) сору клапанын ауыстыруды жеңілдетеді, бірақ осы жағдайда сораптың жұмыстық камерасында бос кеңістік көлемі артады. Клапандардың өстес орналасуы (11.13,б-сурет) кезінде бос кеңістік көлемі азаяды, бірақ сору клапанын ауыстыру қиын болады.
Екі жақты әрекетті сораптардағыдай гидроқораптар сораптың станинасына бекітіледі және бір-бірімен өзара қабылдау 6 және айдау 3 коллекторларымен байланысқан. Бір жақты әсерлі сораптардың цилиндрлік төлкелері қысқалығымен және аз массасымен ерекшеленеді және тегіс сыртқы беті (11.13, а-сурет) немесе сыртқы сақиналық белдемесі (11.13,б-сурет) бар. Цилиндрлік төлкенің белгілі бір бөлгі гидроқораптың сыртынан жетектік бөлікке қарай шығып тұрады. Осының нәтижесінде гидроқорап өлшемдері және штоктың ұзындығы кішірейеді. Бекіту түзілімдерінің және цилиндрлік төлкелердің тығыздалуының қарапайым конструкциясы нәтижесінде жөндеу жұмыстары қысқарады. Сораптың бір жақты әрекеті поршень 5 конструкциясын жеңілдетеді.
1 – сору клапаны; 2 – айдау клапан; 3 - айдау коллекторы; 4 - цилиндрлі төлке; 5 – поршень; 6 – қабылдау коллекторы
11.13-сурет. Әр түрлі клапандық қораптары бар бір жақты әрекетті сораптың гидравликалық бөлігі
ВНИИнефтемаш бір жақты әрекетті сорап үшін поршень (11.14-сурет) жасап шығарған, ол болат өзекшеден 1, шайбадан 3, манжеттен 4, ішкі тығыздауыштан 2 тұрады. Манжет бетінің 4 доға тәрізді шығыңқылығы бар, олар сору кезінде манжеттің цилиндрлік төлкемен түйісу аймағына майлау-суыту сұйықтығының өтуін қамтамасыз етеді. Айдау қысымының арқасында манжет тығыздалады және оның бетінде пайда болған ойымдарда (впадина) майдың біраз бөлігі тұрып қалады. Осының нәтижесінде цилиндрлік төлке мен поршеннің тозуы төмендейді. Тоқтаған кезде беттегі шығыңқылықтар манжеттің сораптың жұмысы кезінде қызатын цилиндрдің жұмыстық бетіне жабысып қалуына қарсы әсер етеді. Шайба 3 цилиндр-поршенді жұптарға үйкелуінен қызу кезінде манжетаның өзекшемен қосылу беріктігін сақтайды.
1 - болат өзекше; 2 - ішкі тығыздауыш; 3 - шайба; 4 – манжет
11.14-сурет. Бір жақты әрекетті үш поршеньді бұрғылау сорабының поршені
11.1-кесте
Бұрғылау сораптарының техникалық сипаттамалары
№ |
Көрсеткіштер |
БрН – 1 |
НБТ - 600 |
У8-6МА2 |
У8-7МА2 |
УНБТ-800 |
УНБТ-950 |
УНБТ-1180 |
1 |
Сорап қуаты, кВт |
365 |
600 |
585 |
850 |
800 |
Г950 |
1180 |
2 |
Сораптың пайдалы қуаты,кВт |
330 |
540 |
500 |
710 |
720 |
855 |
1060 |
3 |
Поршень саны |
2 |
3 |
2 |
2 |
3 |
3 |
3 |
4 |
Цилиндрдің жұмыстық камераларының саны |
2 |
1 |
2 |
2 |
1 |
1 |
1 |
5 |
1минуттағы поршеннің екіеселенген қадамдарының максималды саны |
72 |
135 |
66 |
66 |
135 |
125 |
125 |
6 |
Поршен қадамы,мм |
300 |
250 |
400 |
400 |
250 |
290 |
290 |
7 |
Цилиндрлі төлкенің ішкі диаметрі: Ең көп Ең аз |
180 130 |
180 120 |
200 130 |
200 140 |
180 130 |
180 140 |
180 140 |
8 |
Беріліс, дмз/с Ең көп Ең аз |
34,8 16,4 |
42,9 19,1 |
50,9 18,9 |
50,9 22,7 |
41,4 22,4 |
46,0 28,8 |
46,0 28,8 |
9 |
Қысым, МПа: Ең аз Ең көп |
9,8 20 |
11,3 25 |
9,6 25 |
14,2 32 |
17 32 |
19 32 |
24 40 |
10 |
Трансмиссиялы біліктің максималды айналу жиілігі, айн/мин |
330 |
425 |
325 |
337 |
412 |
566 |
566 |
11 |
Поршень штогының диаметрі,мм |
65 |
65 |
80 |
80 |
70 |
60 |
60 |
12 |
Тісті жұптың беріліс саны |
4,15 |
3,15 |
4,92 |
5,11 |
3,05 |
4,53 |
4,53 |
13 |
Клапан ершігінің өту тесігінің диамтері, мм |
145 |
145 |
145 |
145 |
135 |
145 |
145 |
14 |
Коллектордың өту тесігінің диаметрі,мм: -Сору -Айдау |
200 95 |
200 95 |
275 109 |
275 125 |
230 100 |
230 100 |
230 100 |
15 |
Сорап өлшемдері,мм: Ұзындығы Ені Биіктігі |
4160 2430 2710 |
4460 2720 1640 |
5000 3000 3240 |
5340 3340 3400 |
4470 2980 2200 |
5550 3250 3250 |
5550 5400 3400 |
16 |
Сораптың шкивпен қосқандағы салмағы, т |
13,2 |
19 |
27,7 |
37,3 |
22,4 |
22,7 |
23,5 |
Кәсіптік зерттеулер нәтижесі үш поршеньді бұрғылау сораптарының ұзақмерзімділігі және жөндеуге жарамдылығы екі поршенділермен салыстырғанда жоғары екенін дәлелдеді.
