Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagramov_perevod_tolygymen_bitken.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
17 Мб
Скачать
☆

§1. Арналауы, құрамы және негізгі талаптар

Бұрғылау тізбегі келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:

- тау жынысын бұзушы аспапқа ротордан айналым беру үшін;

- ұңғыманы түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде пайда болатын реактивті айналу моментін ротордың қозғалмайтын столына беру үшін;

- қашауға өстік жүктеме тудыру үшін;

- ұңғыма түбін талқандалған тау жыныстарынан тазарту үшін ұңғымаға жуу сұйығын жіберу;

- ұңғыма оқпанын зерттейтін аспап жіберу және керн алу үшін;

- ұңғымадағы апатты жою, қабаттарды тексеру, ұңғыма оқпанын кеңейту.

Бұрғылау тізбегі бұрғылау құлыптарымен, муфталарымен және аудармаларымен қосылатын жетек құбырдан, бұрғылау және ауырлатылған бұрғылау құбырларынан тұрады. Жетек құбыр ұршықпен қосылады және қыспақтар арқылы бұрғылау қондырғысының роторымен өзара әрекет етеді. Ауырлатылған бұрғылау құбырларын тізбектің төменгі жағына орнатады және олар қашауға өстік жүктеме тудыру үшін қызмет етеді. Бұрғылаудың шиеленіскен жағдайларында тізбектің төменгі жағына ауырлатылған бұрғылау құбырларынан басқа ұңғыманың қисаюын ескертетін калибраторлар, центраторлар, стабилизаторлар және тағы басқа аспаптар орнатады. Жетек және ауырлатылған бұрғылау құбырларының арасына бұрғылау құбырларын орнтады,олар бұрғылау тізбегінің үлкен бөлігін құрайды. Бұрндалы байланыстардың тозуын тудыратын бұрау және ажырату операцияларын қысқарту үшін бұрғылау тізбегі бірнеше құбырдан тұратын свечаларға бөлінеді. Свеча ұзындығы мұнара биіктігіне және өзінің салмағының әсерінен өстік сығылу кезінде ұзындық бойынша орнықтылығына байланысты шектеледі.

Бұрғылау тізбегінің жабдықтауын ұңғыма құрылымына, бұрғылау тәсіліне және тау-геологиялық жағдайларға байланысты таңдайды. Сынуды болдырмау үшін бұрғылау тізбектері статикалық беріктік және шаршау кедергісінің регламенттелген қорына ие болуы керек.Тізбектің құрылымын таңдау барысында оның беріктігі мен салмағының қолайлы үйлесімділігіне мән беру қажет. Жеңіл қорытпалардан жасалған және жоғары беріктікті бұрғылау құбырларын таңдау бұрғылау тізбегінің салмағын азайтады және бұрғылау қондырғысының көтеру бөлігінің қолайлы жүктелуіне әсер етеді. Бұрғылау тізбегінің қаттылығы айналу моменті және айналу, өстік сығылу кезінде оның ұзындық бойына майысуын болдырмауға жеткілікті болуы керек.

Бұрғылау тізбегінің диаметрінің азаюы оның өту каналындағы гидравликалық кедергілердің, бұрғылау сораптарының қысымының артуына әкеледі. Мұның салдарынан бұрғылау сорабының клапандарының, төлкелерінің, поршендерінің және де жуу сұйығымен байланысқа түсетін басқа да бөлшектерінің тозуына әкеледі. Бұрғылау тізбегінің массасы мен диаметрі бұрғылау сорабы және көтеру механизмінің қолайлы пайдалану режимін тудыру шарттарына сәйкес келуі тиіс. Жоғары беріктікті және жеңіл бұрғылау құбырларын өндіру - бұрғылау қондырғыларының технико-экономикалық көрсеткіштерін және бұрғылау тиімділігін арттыруда маңызды рол атқарады.

§2. Жетек құбырлар

Жетек құбырлардың төртбұрышты, алтыбұрышты немесе крест тәрізді пішінді дөңгелек немесе шаршы тәрізді концентрлі орналасқан жуу сұйығы өтетін тесігі болады. Жақтаулы беттің арқасында жетекші құбыр мен ротордың өзара әрекеттесуі жеңілдетіледі және ұңғыны бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегінің өс бойымен жылжуы қамтамасыз етіледі. Жетекші құбырлардың соңына сыртқы оң және сол үшбұрыш пішінді коникалық бұрандалар кесіледі. Сол жақ коникалық бұранда жетекші құбырды ұршықпен қосуға арналған жоғарғы ПШВ аудармасын бұрау үшін қолданылады. Оң жақ коникалық бұранда жетекші құбырды бұрғылау тізбегімен қосатын төменгі ПШН аудармасы үшін арналған. Бұрғылау тізбегін өсіруді қамтамасыз ету үшін жетекші құбыр ұзындығы бұрғылау құбыры ұзындығынан көп болуы керек.

Тәжірибеде шаршы пішінді (3.1-сурет) жетекші құбырлар кеңінен қолданылады, олардың құрылымдық өлшемдері ТУ 14-3-126-73 және Н293-49 нормасы бойынша реттеледі.

3.1-сурет. Жетек құбыр

ТУ 14-3-126-73 бойынша жасалатын жетек құбырлардың негізгі техникалық мәліметтері

Құбыр диаметрі, мм............................................................114 140 168

Шаршы жағы а, мм......................................................................

Шаршы төбесіндегі радиус R,мм,

артық емес.....................................................................................20 3 20 3 20 3

Канал диаметрі d,мм.....................................................................74 4 85 5 100 5

Элеватора астына жонудың диаметрі ,мм................................114 141 160

Цилиндрлік жонудың диаметрі , мм................................110 0,5 135 0,5 150 0,5

Бұрамдық ұзындығы G,мм........................................................65 110 133

Құбыр ұзындығы L,м ..............................................................13-2,5 14+2,5 14+2,5

1 м құбыр массасы, кг.................................................................65,6 106,6 124,3

Жетек құбырларды болаттың Д және К беріктік тобынан жасайды, аудармаларын - болаттың 45 немесе 40Х маркасынан жасайды(МЕСТ 1050-74).

Аталғандардан басқа 80 және 65 мм шаршы пішіндес шеттері сыртына шығарылған,бұрғылау құбыры мен ұршық аудармалары үшін ішкі жағынан коникалық оң және сол бұранда кесілген жетек құбырлар шығарылады. Мұндай құрылымды жетекші құбырлар двухраструбный деп аталады. Оларды қалың қабырғалы құбырларды созу(редуцирования) арқылы жасайды және олар шаршы пішінді өту қимасымен ерекшеленеді. Двухраструбный жетекші құбырларының негізгі техникалық сипаттамалары Н293-49[40] нормалына сәйкес.

Диаметрлері 112, 140 және 155 мм ТВКП типті жетек құбырларының коникалық тұрақтандырушы белдеушелері және трапеция тәрізді бұрандалары (ТУ 93-01-04-392-78) бар, олар горячекатаной жылу арқылы өңделген құбырдан жасалады [40].ТВКП типті жетек құбырлары шеттері шығарылған жетек құбырлардан бұрандалы байланыстарының беріктігі мен технологиялық жасалуы бойынша ерекшеленеді.