Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagramov_perevod_tolygymen_bitken.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
17 Мб
Скачать
☆

§4. Лақтыруға қарсы жабдықты басқару

Превенторлар, ысырмалар, және дроссельдер негізгі және көмекші пульттермен ашылып жабылады. Негізгі пульт гидравликалық басқару станциясымен бірге ұңғыма сағасынан 10 м кем емес арақашықтықта орналасады. Механикалық жетек плашкалы превенторларды гидравликалық жетек жұмыс істемей қалғанда жабу үшін қолданылады.

Негізгі және көмекші пульттерді жеке рамаларда монтаждайды. ЛҚЖ жетегінің жұмыс істеу принципінің жалпы көрінісі 16.5-суретте көрсетілген. Гидрожетектің жұмыстық сұйықтығы ретінде қолданылатын май бактан 13 майжинағыш 12 бойымен сораппен 18 сорылады және кері клапан 16 және сүзгі 14 арқылы гидроаккумуляторға 1 айдалады. Гидроаккумулятордағы жұмыс қысымы 10 МПа аспайды және сақтандырғыш қақпақшамен 17 шектеледі.

Гидроаккумулятордан құбыржол 2 және вентильдер 3 бойымен май плашкалы превенторларды 7 және ысырмаларды 6 басқаратын негізгі пульттің бөлгіш блогына 5 айдалады. Негізгі пульттің сол жақ бөлгішінен май көмекші пульттің цилиндріне 9 айдалады және ары қарай әмбебап превентордың камерасына барады.

Плашкалы превенторлар және ысырмаларды көмекші пульттан басқару таратқыш блокпен іске асырылады.

Өңделген май превенторлар мен ысырмалардан қабылдау багына барады, одан қайтадан сораппен 18, 15 гидроаккумуляторға беріледі.

16.5-сурет. Гидрожетек сұлбасы