- •§1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы
- •§2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •§3. Бұрғылау қондырғыларының параметрлері және жіктелуі
- •§4. Терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •4000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •4000 - 15000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Шарошкалы қашау
- •§ 3. Қалақшалы және алмаз қашаулар
- •§1. Арналауы, құрамы және негізгі талаптар
- •§2. Жетек құбырлар
- •§3. Бұрғылау құбырлары
- •§4. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •§5. Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •§6. Бұрғылау құбырларының материалы
- •§1. Арналуы, жабдықталуы, негізгі талаптар
- •§2. Шегендеу құбырлары
- •§3. Ұңғыма конструкциясы және шегендеу құбырларының диаметрі
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Орналасуы және жұмыс істеу шарттары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Құрылғысы және конструкциялық ерекшеліктері
- •§3. Ұршықтың негізгі параметрлерін таңдау
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Кронблоктар
- •§3. Тәлді блоктар
- •§4. Кронблоктар мен тәл блоктарының шкивтері
- •§5. Ілмектер және арнайы ілгіштер
- •§6. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін құрылғы
- •§7. Тәл механизмдерін жабдықтау
- •§1. Өлшемдері, негізгі параметрлері, конструктивті және технологиялық ерекшеліктері
- •§3. Тәл арқандарын айырбастау
- •§1. Негізгі талаптар мен классификациясы
- •§2. Құрылғылары, кинематикалық схемалары және техникалық сипаттамасы
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§ 2. Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші
- •§3. Таспалы тежегіштерге арналаған материалдар
- •§7. Бұрғылау шығырының гидродинамикалық тежегіші
- •§10. Электромагнитті тежегіштер
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сораптарының құрылғылары
- •§3. Пневмокомпенсаторлар
- •§4. Сақтандырғыш қақпақша
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары
- •§3. Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары
- •§4. Сору желілері және манифольд
- •§5. Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы
- •§1. Арналуы, классификациясы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •§3. Күштік берілістер және агрегаттар
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Тұрақты муфталар
- •§3. Ілінісу муфталары
- •§4. Электромагнитті муфталар
- •§1. Бұрғылау мұнаралары. Жалпы мәліметтер және құрылғылары
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының негізі. Құрылғылары және жалпы мәліметтер
- •§1. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар және құрамы
- •§2. Превенторлар
- •§3. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы
- •§4. Лақтыруға қарсы жабдықты басқару
§10. Электромагнитті тежегіштер
Бұрғылау шығырларында қолданылатын электромагнитті тежегіштер индукционды және ұнтақтақ деп бөлінеді.
Индукционды тежегіштер (10.12-сурет) тұрықтан 1 тұрады, оның ішкі цилиндрлік бетінде қоздыру орамы 2 орналасқан. Тұрықта мойынтіректерде 6 зәкір 4 айналады, оның білігі 5 фланецті муфта 7 көмегімен шығырдың көтергіш білігімен жалғасады. Зәкір 4 сақиналы өту тесігі (проточкасы) 3 бар цилиндрлі дене түрінде болады. Зәкір тогының магниттік өріспен әсерлесуі нәтижесінде тежегіштік момент туады, ол түсірілетін құбырлар тізбегі әсерінен шығырдың көтеруші білігінің айналуын болдырмайды. Түсірілетін жүктің кинетикалық энергиясы зәкірмен жұтылады және оның қызуын тудырады. Қызудың температурасын төмендету және мойынтіректер мен қоздыру орамының дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін электромагнитті тежегіштер ауалық және сулық суытумен жабдықталады.
Ұнтақтақ тежегіштер индукционды тежегіштерден ерекшеленеді, онда тұғыр мен зәкір арасындағы ауалық саңылау ферромагнитті ұнтақпен толтырылған, ол саңылаудың магнит өтімділігін арттырады және осының нәтижесінде пайда болатын моменттің көлемін арттырады. Сонымен қатар ұнтақ арқылы тұғыр мен тежегіш зәкірінің арасында механикалық байланыс пайда болады және осының арқасында айналу жиілігі тежегіштік моменттің көлеміне әсер етпейді.
1-тұрқы; 2-қоздыру орамы; 3-зәкірдің сақиналы өту тесігі; 4-зәкір; 5-зәкір білігі; 6-білік мойынтірегі; 7-фланецті муфта.
10.12-сурет. Бұрғылау шығырының электромагнитті тежегіші
10.13-сурет. Электромагнитті тежегіштердің механикалық сипаттамалары
Электромагнитті тежегіштердің механикалық сипаттамалары берілген қозу тогында тежегіштік моменттің айналу жиілігіне байланысты екенін көрсетеді. 10.13-суретте 1, 2 қисықтары ұнтақты тежегіштің (ТЭП-7500 және ТЭП-4500), ал 3 қисығы индукционды тежегіштің (ЭМТ-4500) сипаттамаларын көрсетеді. Ұнтақты тежегішке қарағанда индукционды тежегіштің тежегіштік моменті айналу жиілігіне тәуелді. Салыстыру үшін суретте 4 қисығы көсетілген. Ол гидродинамикалық тежегіштің момент өзгерісін сипаттайды. Суретте көрсетілгендей, n=0 болғанда, индукционды және гидродинамикалық тежегіштердің моменті нольге тең.
Шығырладың ұнтақты тежегіштерің (ЭМТ) және индукционды тежегіштерінің (ТЭП) техникалық сипаттамалары төменде көрсетілген.
Тежегіш типі ЭМТ-4500 ЭМТ-7500 ЭМТ-10000 ТЭП-4500 ТЭП-4500
Тежегіштік момент,
кН*м:
номиналды.............45 75 100 45 75
пусковой.................60 95 120 60 80
остаточный.............- - - 0,45 -
Номиналды айналу
жиілігі, айн/мин.........500 500 200 500 500
Қозу кернеуі, В..........120 120 127 127 127
Қозу қуаты, кВт..........10,2 17,0 29,0 3,0 3,5
Қозу орамының
кедергісі, Ом..............0,695 3,05 - 18,2 9,0
Ротор инерциясының
моменті, кг*м2............26 58 58,0 3,75 15,0
Масса, кг..................5300 9100 8600 4200 6500
Электромагнитті тежегіштердің тежегіштік моменті келесі шарттарға сәйкес таңдалады:
индукционды тежегіштерге Мт≥Мст;
ұнтақты тежегіштерге Мт≥Мст+Мин, мұнда Мт-таңдалған тежегіштің номиналды тежегіштік моменті; Мст-аса ауыр құбырлар тізбегінің салмағынан болған айналудың статикалық моменті; Мин-инерционды күштердің әсерінен болған айналу моменті.
ХІ бөлім
Бұрғылау сораптары
