Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagramov_perevod_tolygymen_bitken.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
17 Мб
Скачать
☆

§2. Бұрғылау қондырғыларының негізі. Құрылғылары және жалпы мәліметтер

Бұрғылау қондырғыларының негізі бұрғылау кешенін монтаждауға және оны бір бұрғылау нүктесінен екінші бұрғылау нүктесіне тасымалдауға арналған. Бұрғылау кешенін монтаждау және арнайы негіздерде тасымалдау бұрғылаудың құрылысын және орнатудың уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Монатждау мен тасымалдауға байланысты ірі блокты және әмбебап негіздер деп бөледі. Соңғылары бұрғылау кешендерін ірі және ұсақ блоктармен, және де жеке агрегаттармен тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бұрғылау қондырғыларының негізі бұл жеке дәнеркерленетін блоктардан тұратын, бір біріне бұрандалармен түйістірілетін, тартқыштардан және басқа да тез ажыратылатын қосылыстардан тұратын 3-тен 8,5 метрге дейінгі металдық құрылыс.

Бұрғылау қондырғыларының негіздері мұнаралық, шығырлық және энергетикалық блоктардан, ерітінді дайындайтын және подсвечниктерді орналастыратын блоктардан тұрады. Мұнаралық және шығырлық блоктардың монтаж-демонтаж жұмыстарын тездету мақсатында екеуі бір шығырлық-мұнаралы блокка жинақталады және металлды екі ярусты құрылысты құрайды (15.6-сурет). Төменгі ярус негізгі тік 6 және көлденең 2 балкалардан тұрады. Жерге тірелетін көлденең 2 балкаларға кронштейндер пісірілген, кронштейдер діңгекті мұнараға және мұнараны тік қалыпта ұстап тұратын тіреулерге 3 тірек ретінде қызмет етеді. Төменгі яруста шығыр, ротор жетегі, тәл арқанын бекіту механизмі және т.б. орналасқан. Балкаларға 2 жоғарғы ярустың тасушы тізбектері жалғанған. Жоғарғы ярустың жұмыстық алаңында 4 подсвечниктер, ротор, қосымша шығыр, АКБ кілті және бұрғышы пульті орналастырылған. Жұмыстық алаңның рамасы дәнеркерленген конструкциялы подсвечник орнату үшін екі тік балкадан және екі роторасты балкалардан тұрады.

Мұнаралы-шығырлық блоктың балкалары 6 энергетикалық блоктың балкаларымен 8 тартықштардың көмегімен 7 түйістіріледі, ол тура осындай әдіспен сораптық блокпен 11 жалғанады. Екі блокта жерге тірелітен тіреулерде 10 орнатылған. Энергетикалық блокта 8 күштік агрегаттар және бұрғылау қондырғысы жетегінің бәсеңдеткіштері орналасқан. Сорапты және энергетикалық блоктар пішінді илемдеуден пісірілген және габариттері мен массасымен ерекшеленеді.

Бір сорапты-энергетикалық блоктан тұратын негіздердің конструкциялары белгілі. Блоктардың тасушы балкаларына пісірілген кронштейдер 9 арбаларға тірек ретінде қызмет етеді. бұрғылау қондырғысының негізінде бұрғылау және шегендеу құбырлары үшін сөрелері бар көпірлер 1 орнатылған.

Циркуляциялық жүйенің жабдықтары, дизельді-электрлік агрегат, майлау және отын үшін бактар, компрессорлы станция және ауажинағыштар, электрлік таратқыш қондырғылар және тағы басқа қондырғылар өңделген құбырлардан пісіріліп жасалған металл негіздерге орнатылған. Барлық коммуникациялар монтаж бен демонтажды жеңілдететін тез ажыратылатын қосылыстардан тұрады.

15.1-кесте

Негіздердің техникалық сипаттамалары және УЗТМ бұрғылау қондырғыларының монтаждау тәсілдері

Негіздердің параметрлері

БУ 3000БД

БУ 3000БЭ

БУ300ДГУ-1

БУ 5000 ЭУ

БУ 6500ДГ

БУ 6500 Э

Уралмаш 15000

Едендер белгіленуі, мм:

жұмыстық алаңның

шығырлық блоктың

энергоблоктың

сораптық блоктың

4,5

4,5

2,8

0,965

4,5

4,5

2,9

0,955

6,2

2,6

2,6

2,3

6,2

2,6

2,6

2,3

7,0

2,4

2,4

0

7,0

2,4

2,4

0

6,0

2,0

0

0

Роторасты балкалардың жүккөтергіштігі, т

160

160

250

250

320

320

400

Подсвечниктердің жүккөтергіштігі, т

100

100

160

160

320

320

400

Сөрелер мен көпірлердің отметкасы, м

1,25

1,25

1,25

1,25

1,25

1,25

1,25

Негіздердің металлконструкцияларының массасы, т

110,6

96,3

141,7

146,2

139,5

145,5

6,0

Монтаждау тәсілі

Ірі блоктармен және агрегаттармен

Ұсақ блоктармен және агрегаттармен

15.6-сурет. Бұрғылау қондырғыларының негіздері мен көпірле

ХVІ бөлім

ЛАҚТЫРУҒА ҚАРСЫ ЖАБДЫҚТАР