- •§1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы
- •§2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •§3. Бұрғылау қондырғыларының параметрлері және жіктелуі
- •§4. Терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •4000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •4000 - 15000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Шарошкалы қашау
- •§ 3. Қалақшалы және алмаз қашаулар
- •§1. Арналауы, құрамы және негізгі талаптар
- •§2. Жетек құбырлар
- •§3. Бұрғылау құбырлары
- •§4. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •§5. Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •§6. Бұрғылау құбырларының материалы
- •§1. Арналуы, жабдықталуы, негізгі талаптар
- •§2. Шегендеу құбырлары
- •§3. Ұңғыма конструкциясы және шегендеу құбырларының диаметрі
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Орналасуы және жұмыс істеу шарттары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Құрылғысы және конструкциялық ерекшеліктері
- •§3. Ұршықтың негізгі параметрлерін таңдау
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Кронблоктар
- •§3. Тәлді блоктар
- •§4. Кронблоктар мен тәл блоктарының шкивтері
- •§5. Ілмектер және арнайы ілгіштер
- •§6. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін құрылғы
- •§7. Тәл механизмдерін жабдықтау
- •§1. Өлшемдері, негізгі параметрлері, конструктивті және технологиялық ерекшеліктері
- •§3. Тәл арқандарын айырбастау
- •§1. Негізгі талаптар мен классификациясы
- •§2. Құрылғылары, кинематикалық схемалары және техникалық сипаттамасы
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§ 2. Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші
- •§3. Таспалы тежегіштерге арналаған материалдар
- •§7. Бұрғылау шығырының гидродинамикалық тежегіші
- •§10. Электромагнитті тежегіштер
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сораптарының құрылғылары
- •§3. Пневмокомпенсаторлар
- •§4. Сақтандырғыш қақпақша
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары
- •§3. Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары
- •§4. Сору желілері және манифольд
- •§5. Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы
- •§1. Арналуы, классификациясы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •§3. Күштік берілістер және агрегаттар
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Тұрақты муфталар
- •§3. Ілінісу муфталары
- •§4. Электромагнитті муфталар
- •§1. Бұрғылау мұнаралары. Жалпы мәліметтер және құрылғылары
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының негізі. Құрылғылары және жалпы мәліметтер
- •§1. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар және құрамы
- •§2. Превенторлар
- •§3. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы
- •§4. Лақтыруға қарсы жабдықты басқару
§ 3. Қалақшалы және алмаз қашаулар
Қалақшалы қашаулар келесі түрлерге бөлінеді: екі қалақшалы 2Л; үш қалақшалы қажап-кесуші 3ИР; алты қалақшалы қажап-кесуші 6ИР; пико тәрізді (бір қалақшалы) П.
Қалақшалы қашаулар шарошкалы қашаулардан конструкциясының қарапайымдылығымен ерекшеленеді және оларды борпылдақ, жұмсақ және цементтелген жыныстарды бұрғылау кезінде оңай ауыстырады. Орташа қаттылықты абразивті жыныстарды бұрғылау кезінде қалақшалы қашаулардың тиімділігі аз, ал қатты және мықты жыныстарды бұрғылауда қолданылмайды. Олар көбінесе роторлы бұрғылауда қолданылады, түптік қозғалтқыштармен бұрғылауда аз қолданылады, себебі олардың жұмысы үшін үлкен айналдыру моменті керек.
IV.2-суретте үш қалақшалы 3Л қашаулары көрсетілген, ол 1 тұрықтан және оған пісірілген қалақтардан 2 тұрады, қалақтар болат соғылмалардан (поковка) дайындалады. Жуу жабдығы шүмектен 7, тығыздауыш сақиналардан 6, шүмекті ұстауға арналған тығырықтан 4 тұрады. Қалақшалардың жұмыстық және мөлшерлеуіш (калибрующие) беттері қатты қорытпалы қадалықтармен 3 және тілімшелермен 5 беріктендіріледі. Бұрғылау тізбегімен қосу үшін тұрықтың басында құлыптық бұранда 8 бар.
а-толық көрініс; б-тілік; в-шүмек
2.2-сурет. Үш қалақшалы қашау
Үш қалақшалы қашаулар 118-445 мм диаметрлерде шығарылады. Екі қалақшалы 2Л қашаулары тұтассоғылмалы болып жасалады, және оларда жуу тесіктерінде шүмектері болмайды. Екі қалақшалы қашаулар 76-дан 165,1 мм-ге дейін диаметрлермен шығарылады.
Қажап-кесуші типті қашаулар жұмсақ, жұмсақтылығы орташа және орташа абразивті жыныстарды бұрғылауға арналған. 2Л және 3Л қашауларына қарағанда олардың қалақшалары сатылы пішінді болады. Қалақшалардың калибрлейтін беті және кесу жиегі қатты қорытпалы қадалықтармен бекемделеді және релитпен жабылады. МЕСТ 26-02-1282-75 бойынша 3ИР қашаулары 190,5-269,9 мм диаметрлерде жасалады. 140 мм-ден жоғары диаметрдегі қашаулар гидромониторлы және қарапайым жуумен шығарылады.
Бір қалақшалы пико тәрізді қашаулар шегендеуші құбырлардағы цементтік тығындарды бұрғылауда (Ц типті) немесе ұңғыма қабырғасын кеңейту үшін (Р типті) қолданылады. Аталған бір қалақшалы қашаулардың екеуінің де конструкциялары пісірілген немесе тұтассоғылмалы болып келеді.
Алмаз қашауларда (2.3-сурет) қалақшалы қашаулардағы сияқты жылжымалы бөлшектер жоқ. Ол жалғамалы бұрандасы 2 және ұнтақ тәрізді қатты қорытпалы материалдан жасалған фасонды алмаз басы (матрица) 3 бар тұрықтан 1 тұрады. Жуу тесіктері 4 жуу арналарымен 5 байланысады, олар матрица бетін секторларға 6 бөледі. Бұрғылау кезінде ұңғыма оқпанының ауытқуын болдырмау үшін секторлардың жұмыстық беттері дөңес-ойыстық (выпукло-вогнутая), екіконусты (двоякиконусную) сатылы-конусты пішінде болады. Матрица секторларының жұмыстық 7 және калибрлеуші 8 беттерінде алмаздар 9 бекітіледі.
а-радиалды; радиалды-спиральді
2.3-сурет. Алмаз қашаулар
Қашауларда табиғи алмаздардың қымбат емес түрлерін немесе синтетикалық алмаздарды қолданады. Өте қатты материалдар институты (ИСМ) табиғи және синтетикалық алмаздардың дефицит емес ұсақ бөлікшелері негізінде славутич деген жаңа өте қатты материал ойлап тапты, ол пайдалану қасиеттері бойынша табиғи алмаздардан кем түспейді.
ІІІ Бөлім
Бұрғылау тізбегі
