Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagramov_perevod_tolygymen_bitken.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
17 Мб
Скачать
☆

§3. Бұрғылау қондырғыларының параметрлері және жіктелуі

1959 жылы бірінші рет терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының негізгі параметрлерін регламенттеуші Н900-59 салалық норма қабылданды. Онда номиналды жүккөтергіштігімен (50,75,125,200 және 300т) және басқа параметрлерімен ерекшеленетін бұрғылау қондырғыларының бес класы қарастырылған. Н900-59 нормасының орнына өзгертулермен және толықтырулармен Н900-66 нормасы енгізілген. Осы норманың негізінде МЕСТ 16293-70 дайындалды және қазмет етті, олан кейін оның орнына МЕСТ 16293-82 енгізілді.

Бұрғылау қондырғысының стандартына кіретін параметрлердің ішінен бұрғылау қондырғысының пайдаланушылық мүмкіншіліктерін толық сипаттайтын негізгі параметр ерекшеленеді. Н900-59 және Н900-66 нормалардың жұмыс істеу уақытында басты параметр ретінде номиналды жүккөтергіштік қолданылған, оның мәні бұрғылау қондырғысынң шифрында көрсетілген (мысалы, БУ80БрД немесе Уралмаш 125 БД).

МЕСТ 16293-70 бұрғылау қондырғысының тоғыз класы көрсетілген, олар ілмектегі максималды жүктеме бойынша ажыратылған. МЕСТ 16293-70 енгізілгеннен кейін бұрғылау қондырғысының шифрына номиналды жүккөтергіштігінң орнына бұрғылаудың шартты тереңдігі енгізілді (мысалы, БУ2500ДГУ немесе БУ3000 БД).

МЕСТ 16293-82 СЭВ ұсынуы бойынша бұрғылау қондырғысының 11 класы енгізілген, олардың негізгі параметрлері болып ілмектегі рұқсат етілген жүктеме және бұрғылау тереңдігінің шартты диапозоны табылады. Жаңа бұрғылау қондырығыларының шифрында ілмектегі рұқсат етілген жүктеме және бұрғылаудың шартты тереңдігі көрсетілген(мысалы, БУ1600/100ЭУ). Бұрғылау қондырғысының шифрында көрсетілетін маңызды ерекшеленетін көрсеткіштерінің қатарына күштік жетектің түрі (Д - дизельді, ДГ - дизельді-гидравликалық,ДЭР - дизельді-электрлік реттелетін, Э - айнамалы тоқтағы электрлік, ЭП - тұрақты тоқтағы электрлік және т.б.) және бұрғылау қондырғысының монтажға қабілеттілігі (У - әмбебап монтажға қабілеттілік) жатады.

МЕСТ 16293-82 регламенттелген бұрғылау қондырғыларының негізгі параметрлері ІІ.1-кестеде көрестілген.

§4. Терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары

Шығарылатын бұрғылау қондырғыларының номенклатурасы бұрғылаудың талаптарына және ғылым мен техниканың жаңаша жетістіктеріне жауап беретін өнімділірек және сенімді модельдермен уаықытылы жаңартылып отырады. Бұрғылау қондырғыларының сенімділігінің және өнімділігінң жоғарылауы - бұл тоқтаусыз өсіп отыратын бұрғылау көлемдерінің жақсы орындалуына себепкер болады. Көп жағдайларда шығарылатын модельдердің ауыстырылуы бұрғылау қондырғылыраның параметрлерінің өзгеруіне байланысты болады.

1.1 - кесте

Мұнай және газ ұңғымаларын терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының негізгі параметрлері

Параметрлері

Бұрғылау қондырғыларының классы

1

2

3

4

5

Ілмектегі рұқсат етілген жүктеме, кН

800

1000

1250

1600

2000

Бұрғылаудың шартты диапазоны, м

600-1250

1000-1600

1250-2000

1600-2500

2000-3200

Тәл жүйесінің жабдықталуы

4х5

4х5

4х5

4х5

5х6

Тәл арқанының диаметрі, мм

22;25

22;25

22;25;28

25;28

28;32

Аварияларды жою кезіндегі ілмектің көтерілу жылдамдығы, м/с

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

Жүк ілінбеген элеваторды көтеру кезіндегі орнатылған қозғалыстың жылдамдығы, м/с,кем емес

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

Көтергіш агрегат жетекті (кіргіш) білігіндегі қуат, кВт

200-240

240-300

300-440

440-550

550-670

Ротор столының өту диаметрі, мм

460;560

460-560

520,7;560

560

560

Ротордың жетектік білігіндегі қуат, кВт, артық емес

180

180

180-370

370

370

Ротор столына рұқсат етілген статикалық жүктеме, кН

2000

2000

3200

3200

3200

Ротор столымен берілетін момент, кН*м, артық емес

30

30

50

50

50

Негізгі бұрғылау сораптарынң саны, аз емес

1

1

2

2

2

Бұрғылау сорабы жетегінің қуаты, кВт

300;375

300;375

475

475; 600; 750

475; 600; 750

Сораптың шыға берісіндегі жоғары қысымы(манифольдта), МПа

20;21

20

21;25

25;32

25;32

Свечалардың номиналды ұзындығы, м

18

18

18;25;27

18;25;27

25;27;36

Негіздің биіктігі, м, кем емес

3

4

4,4;5,5

4,4;5,5

5,0;5,5

1.1 - кестенің жалғасы

Параметрлері

Бұрғылау қондырғыларының классы

6

7

8

9

10

11

Ілмектегі рұқсат етілген жүктеме, кН

2500

3200

4000

5000

6300

8000

Бұрғылаудың шартты диапазоны, м

2500-4000

3200-5000

4000-6500

5000-8000

6500-10000

8000-12500

Тәл жүйесінің жабдықталуы

5х6

6х7

6х7

7х8

7х8

7х8

Тәл арқанының диаметрі, мм

28;32

32;35

32;35

35;38

38;42

42;44

Аварияларды жою кезіндегі ілмектің көтерілу жылдамдығы, м/с

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1-0,2

Жүк ілінбеген элеваторды көтеру кезіндегі орнатылған қозғалыстың жылдамдығы, м/с,кем емес

1,5

1,5

1,5

1,4

1,4

1,4

Көтергіш агрегат жетекті (кіргіш) білігіндегі қуат, кВт

670-900

900-1100

1100-1475

1475-2200

2200-2950

2500-2950

Ротор столының өту диаметрі, мм

560

700

700

950

950

1260

Ротордың жетектік білігіндегі қуат, кВт, артық емес

370

370

440

500

540

540

Ротор столына рұқсат етілген статикалық жүктеме, кН

3200

4000

4000

5000

6300

8000

Ротор столымен берілетін момент, кН*м, артық емес

50

80

80

80

120

Негізгі бұрғылау сораптарынң саны, аз емес

2

2

2

2

2

3

Бұрғылау сорабы жетегінің қуаты, кВт

475;600;750

600;750;950

600;750;950

950;1180

1180

1180;1840

Сораптың шыға берісіндегі жоғары қысымы(манифольдта), МПа

25;32;35

25;32

25;32;35

32;40

40

40;105

Свечалардың номиналды ұзындығы, м

25;27;36

25;27;36

25;27;36

25;27;36

25;27;36

27;36

Негіздің биіктігі, м, кем емес

5,0;6,0

6,0

6,7;8,0

6,9;8,0

7,5;8,0

8,5

Бұрғылау қондырғыларының топтамасына бұрғылау жабдықтары, жуу сұйығының циркуляциялық жүйесінің жабдықтары, КТО-ны автоматтарндыруға арнлаған АСП механизмдерінің комплексі, қашау берілісін реттеуіш және т.б. жатады.

Уралмаш 3Д-76 және Уралмаш 4Э-76 бұрғылау жабдықтарының топтамаларының базасындағы бұрғылау қондырғылары кең таралған. Теңіздегі бұрғылау қондырғыларына Уралмашзауыт ПБУ 6000/60ПЭМ және ППБУ 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдықтарын шығарады.

Бұрғылау жабдықтарының негізгі механизмдері және олардың кинематикалық байланыстары жеңілдетілген жайылған күйінде бұрғылау қондырғыларының кинематикалық сұлбаларында көрсетілген (қосымшадағы 18П-22П суреттері). Кинематикалық сұлба бұрғылау қондырғыларының негізгі орындаушы механизмдерінің қозғалтқыштары мен құрылымдық байланыстары жайлы анық көрінісін береді. Оларда қозғалтқыштар мен орындаушы механизмдер арасында орналасқан барлық түйіндер және бөлшектердің кинематикалық және күштік есептеріне арналған керек мәліметтер берілген.

БУ2500ДГУ және БУ2500ЭБУ бұрғылау қондырғылары БУ80БрД және БУ80БрЭ-1 бұрғылау қондырғыларының орнына жасалып шығарылған. Бұл қондырғылардың негізгі және қосымша жабдықтары гусенечный ауыртасығыштармен жеткізілетін жеке блоктарда монтаждалады.

Мұнаралық блокта мұнара, берілісті ауыстыратын қорапты бұрғылау шығыры, АКБ-3М2 кілті, қосымша шығыр, консольді-бұрушы кран, бұрғышы пульті және кейбір басқа жабдықтар орналасқан. Бұл блоктың негізі тіректері бар металл іргестас түрінде болады. Шығыр көмекші тежегішімен және жақтауымен мұнаралық блоктың шығырлық секциясын құрайды. Берілісті ауыстыру қорабы, шығыр трансмиссиясы және көмекші жетек жақтауымен мұнаралық блоктың жетектік секциясына кіреді.

БУ2500ДГУ-дың жетектік блогы үш секциядан тұрады: дизельді, трансмиссиялық және ауажинақтауыштар. Дизельді секцияда үш күштік агрегаттар орналасқан, олардың қуаты карданды білік арқылы шынжырлы соммалық бәсеңдеткішке беріледі. Трансмиссиялық секцияда шынжырлы соммалық бәсеңдеткіш және екі компрессорлық станция орналасқан. Шынжырлы редуктор күштік агрегаттардың қуатын бұрғылау шығырына, сорапқа, роторға және бір компрессорлық станцияға (екінші компрессорлық станцияның жеке электрлік жетегі бар) жіберуге мүмкіндік береді. Ауажинақтауыштар секциясында екі ауажинақтауыш, АПВ 200/140 ауа қыздырушы агрегат, ылғалбөлгіш-сүзгіш және майбөлгіш орналасқан.

Сорапты блок сорапты басқару пультімен бірге екі сораптық секиядан, керек коммуникациялардан және ауалықкомпенсаторларды қуаттауға арналған жоғары қысымдық компрессордан тұрады. Әрбір сорап секциясы жақтаудан,бір жақты әрекетті үш поршеньді НБТ-600 сорабынан және жетектен тұрады.

Дизельді-генераторлы блок жабыны бар негізден, екі дизельді-электрлік агрегаттан, басқару станциясынан, төгу бактарынан және аккумуляторлық батареялардан тұрады.

Бұрғылау алаңына шегендеу және бұрғылау құбырларын қою және беруге арналған қабылдауыш көпірлер сөрелерден, тік және көлбеу басқыштардан тұрады.

Секциялық құрылым бұрғылау қондырғысында қарастырылған блоктардың жеке секцияларын аз бөліктермен керек болған жағдайда тасымалдауға мүмкіндік береді.

Бес дизельді жетекті БУ3000БД қондырғысы барлау және пайлану ұңғымаларын электр жүйесі жоқ аймақтарда бұрғылауға қолданылады. Ол зауытта КТО-ны автоматтандыруға арналған АСП механизмімен, мұнарамен, негізбен және жабын қаңқасымен жинақталады. Кейбір параметрлерге бойынша бұл қондырғы шетелдік үлгілерге сәйкес келмейді, бірақ оларды ауыр жұмыстарды механизациялау сатысы бойынша озады.

БУ3000БЭ1 - бұл БУ3000БД-ның модификациясы. Электрлік жетегінің арқасында ол жоғары өнімділікке және анағұрлым қарапайым кинематикалық схемаға ие (бір жылдық өтімділігі 5700 және 3450м).

БУ3000ЭУК әмбебап тасымалдау мен монтаждауды қамтамасыз ететін бұрғылау жабдықтарымен (ірі және ұсақ бөліктермен, және агрегаттарға бөлініп) жеткізіледі. Ол Батыс Сібір жағдайындағы кустовой бұрғылауға арналған. БУ3000ЭУК-1 - БУ3000ЭУК-ның модификациясы және ол бөліктерінің эшелонды орналасумен, бір кустта бұрғыланатын ұңғымалардың санын біршама арттырумен ерекшеленеді (БУ3000ЭУК бір кустта 16 ұңғыма бұрғылауға мүмкіндік береді). БУ3000ЭУК-1 жаңартылған бұрғылау қондырғысында ілмектегі жүктеме 2000кН болса, ал БУ3000ЭУК-да 1700кН.

БУ3000ДГУ және БУ3000ЭУ бұрғылау техникасының жаңаша жетістіктеріне сәйкес жасалып шығарылған және уақыты келгенде БУ3000БД, БУ3000БЭ- ды ауыстырады.Базалық үлгі ретінде БУ3000ЭУК қабылданған. БУ3000ДГУ-да СА-10 дизельді-гидравликалық күштік агрегаттар қолданылады, олардың дизелі 6ЧН21/21 қуаты 375 кВт В2-450 дизельдерінің орнына қолданылады. БУ3000ЭУ шығырларында гидродинамикалық тежегіштердің орнына электромагнитті көмекші тежеуіш қолданылады. Екі жақты әрекетті екі поршеньді У8-6МА2 сораптары тиімділігі жоғарырақ бір жақты әрекетті үш поршеньді УНБТ-950 сораптарымен ауыстырылған. БУ3000ДГУ және БУ3000ЭУ қондырғылары БУ3000БД және БУ3000БЭ қондырғыларына қарағанда әмбебап монтаждау және тасымалдауға арналған негізбен бірге жеткізіледі.

Уралмаш 3Д-76 және 4Э-76 бұрғылау қондырғылары мұнай-газ өндірісінде кеңінен қолданылады. Уралмашзауыт бұл қондырғыларға негізгі жабдықтар жиынтығын жеткізеді: тәл механизмдері, ұршықтар, роторлар, шығырлар, бұрғылау сораптары; ротордың, бұрғылау сораптарының,шығыр жетектері. Мұнараны, негізді, сөрелермен бірге көпірлерді, жуу сұйықтарын дайындау және тазарту жабдықтарын, АСП механизмдерін комплексін пайдланушыға басқа зауыттар жеткізеді.

БУ4000ДГУ-Т тропикалық климатты елдерге экспорттауға арналған. Құрылымдық орындалуы және жеткізудің құрамы тапсырыс беруші талабына сай болады. Олардың параметрлері әлемдік стандарттарға сәйкес,соның арқасында БУ4000ДГУ-Т сыртқы нарықта кең сұранысқа ие.

БУ4000Д-1 және БУ4000Э-1 Уралмаш 3Д-76 және Уралмаш 4Э-76 комплекстеріне қарағанда бұрғылау жабдықтары жасаушы-зауытта бұрғылау құрылымдарымен, АСП механизмдер комплексімен, қашау берілісін реттеуішпен, көпірлерге қызмет көрсететін кранмен, жабдықталуы 5х6 немесе 6х7 тәл механизмімен бірге жеткізіледі.

БУ5000ДГУ және БУ5000ЭУ АСП механизмдер комплексінен, қашау берілісін реттеуіштен, УНБ-600 сорабынан, әмбебап монтаж және тасымалдау жабдықтарынан тұрады. БУ5000ДГУ қондырғысында СА-10 күштік әмбебаптар базасындағы дизельді-гидравликалық жетек бар.

Уралмаш 200ДГ-ІV және Уралмаш 200Э- ІV қондырғыларын ауыстырған БУ6500Э және БУ6500ДГ АСП комплексімен, У8-7МА-2 сорабымен, 1АДГ-1000 агрегаттарынан дизельді-гидравликалық жетекпен, заманауи электр жабдықтарымен және ұсақ блоктық монтажға арналған бұрғылау құрылымдарымен жабдықталған.

Уралмаш 6000ПЭМ бұрғылау жабдықтарының жиынтығы Уралмаш 6000/60ПБУ типті өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондығыларына арналған, олар теңіз тереңдігі 60 метрде ұңғыманы бұрғылауда қолданылады. Жиынтық сораптың, ротордың, шығырдың реттелетін электрлік жетегімен, АСП комплексімен жабдықталған.

Уралмаш 6000/200ППЭМ бұрғылау жабдықтарының жиынтығы Уралмаш 6000/200ППБУ жүзбелі жартылай батырылмалы бұрғылау қондырғыларына арналған, олар теңіз тереңдігі 200 метрде ұңғыманы бұрғылауға арналған. Жиынтық реттелетін электрлік жетекпен және бұрғылау кемесінен болған тәл механизмінің тербелістерін компенсациялауға арналған арнайы комплекспен жабдықталған.

БУ6500ДГ-СП стационарлы теңіз платфорамаларына арналған. Қондырғы құрамына УНБТ-950 бұрғылау сорабы және АСП-4МЧ механизмдер комплексі кіреді.

Уралмаш 15000 бұрғылау қондырғысы өте терең барлау ұңғымаларын бұрғылауда қолданылады.

Бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары ІІ.2 және ІІ.3 кестелерінде көрсетілген.

1.2-кесте