- •1. Өсімдіктер физиологиясыны мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектілері.
- •2. Фикобилиндердің құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •3.Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею кезеңдері
- •1.Афтотрофты организмдер мен гетеротрофты организмдердің өзара ерекшеліктері.
- •2.Фотофосфорлану дегеніміз не?
- •3.Клеткалардың жіктелуі дифференциялануы
- •1. Өсімдіктер клеткасының құрылысы және олардың функциясы.
- •2.Судың молекулалық құрылысы және касиеттері.
- •1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?
- •3. Ауксиндер: құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •2. Осмостық жүйе дегеніміз не? Плазмолиз және деплазмолиз.
- •3. Гиббереллиндердің қызметі және маңызы
- •1.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетка органоидтар топтары
- •2. Топырақтың су күйлері және оларды оңай және тиімді пайдалану
- •3. Цитокининдер: құрылысы, қасиеттері, қызметі және маңызы
- •1. Корелляция. Корелляцияның маңызы.
- •2. Транспирация туралы түсінік.
- •3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі
- •1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі
- •2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.
- •3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары
- •1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық кұрамы және қызметтері.
- •2. Ю. Либих қалыптастырған өсімдіктердің қөректенуі туралы теориясы.
- •3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары
- •2.Өсімдіктер клеткасының негізгі органогенді және макроэлементтерінің маңыздылығы.
- •1.Митхондрияның құрылысы,қызметі,және маңызы.
- •1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.
- •1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.
- •2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.
- •3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.
- •2.Фотосинтез процесінде энергия миграциясы және электорндардың тасымалдануы.
- •3.Фотосинтездің с4 жолы(Хетч және Слэк циклі).
- •3.Тыныс алудың анаэробтық сатысы(гликолиз).
- •3.Пероксисома,глиоксисома және лизосомалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.
- •3.Өсімдік клеткасының онтогенезіне сипаттама беріңіз.
- •2. Тыныс алу-зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық
- •3. Вегетативті өсу кезеңіндегі өзекті процестер
- •1.Өсімдіктердің абиотикалық факторлерге төзімділігі.
- •Билет № 23
- •1.Фотосинтездің жарық сатысы.
- •1. Өсімдіктердің дамуына жарықтың және температураның әсері. Фотопериодизм және яровизация.
- •3. Өсімдіктің тыныс алу процесі туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы.
- •Өсімдіктің оқшауланған клеткасының биологиясы.
- •1. Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.
- •2. Қандай өсімдіктер ыстыққа төзімді келеді, оның себептері.
- •3. Өсімдік клеткалық технологияларының бүгіні мен болашағы.
2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.
Өсімдіктер денесі негізінен 70-80% судан тұрады. Организмдегі судың маңызы орасан зор және алуан түрлі. Су ең жақсы күшті еріткіш және тіршілік әрекеттеріне байланысты биохимиялық реакциялар жүретін негізгі орта. Су көптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне қажет. Судың молекулалық құрылысының ерекшелігі оның өте жоғары диэлектрлік өткізгіштігі. Катионның электрлік өрісіндегі судың барлық жақын молекулалары теріс полюстерімен ішке қарай бағытталады, ал аниондар айналасындағы судың молекулалары ішке қарай оң полюстермен бағытталады. Осы ішкі ионмен тығыз байланысқан су молекулаларының қабатын бірінші немесе жақын гидратация деп атайды. Бұл қабаттың сыртында қашықтау орналасқан молекулалар қабатын екінші немесе қашық гидратация деп атайды. Клеткадағы су осмос және биокаллоидтардың бөріту күшімен ұсталып тұрады. Цитоплазмадағы қанттар, тұздар, липидтер және басқа да қосындылар судың күйіне әсері үлкен.
3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары
Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрылыстары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен ара-қатынасы, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі емес алуан түрлі болып келетіндігі белгілі. Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде көптеген ерекшеліктер байқалады. Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты. Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер тараған.Белгілі географиялық аймақтың бөлшектерінде өсімдіктің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын, көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп өседі. Қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгеруіне байланысты өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер қалыптасады. Мысалы, таулы, тегістік дала, қоңыржай, қуаңшылық- шөлейт аймақтарда, қиыр шығыс пен солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік топтарының өздеріне тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар, олардың ішкі физиологиялық, биохимиялық, яғни, зат алмасушылық процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан. Сонымен өсімдіктің ішінде ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне біртіндеп бейімделуінің нәтижесінде төзімді және төзімсіз топтар, түрлер, өкілдер пайда болады. Ортаның қолайсыз жағдайларында өсімдіктердің төзімділігі негігінен екі бағытта қалыптасады.: ортаның қолайсыз(күз, қыс) кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен, немесе ішінара зат алмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып, тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша ырықты төтеп береді. Темперетуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер-ыстыққа, салқындыққа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді. Сумен қамтамасыздыққа байланысты қуаңшылыққа, ылғал молдығына, су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады. Қыстың қолайсыз жағдайларына байланысты қысқа төзімді, төзімсіз болып, топырақтағы тұздардың мөлшеріне байланысты тұздануға төзімді, төзімсіз болып бөлінеді. Түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне байланысты індет ауруларға төзімді төзімсіз, газдар әсеріне төзімді, төзімсіз өсімдіктер топтары болып ерекшеленеді. Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларына төзімділігі. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Өсімдік организіміне жоғары температураның (ыстықтың ) әсерін зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың 70-жылдарынан –ақ басталған болатын. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әр түрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51 С ыстыққа 10минуттен артық төтеп бере алмайды., бірақ +49+50 С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады. Өсімдіктердің салқындыққа (төмен+температураға) төзімділігі. Шығу тегі жағынан оңтүстік өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды (+) температураның ( 1 ден 100С-қа дейінгі
аралықта) әсерінен де зақымданады. Қоңыржай аймақ өсімдіктері бұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп-өнуін тоқтатпайды. Олар арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады. Мысалы, егістікті калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз ету, ауаның ылғалдылығының жоғарылауы және жарықтың жақсы түсуі өсімдіктердің төзімділігін біршама күшейтеді. Тұздануға төзімді өсімдіктер тұздардың концентрациясы өте жоғары болған жағдайда өздерінің тіршілік циклін ең төмен деңгейде толық жүзеге асыра алады. Осындай өсімдіктерде су және органикалық заттардың жиналу қарқындылығы өте төмен болады. Өсімдіктердің бойы тым аласа, түсімі өте төмен, сондықтан ауыл шаруашылығы үшін пайдасы шамалы.
Билет № 8
