Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология шпор.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
623 Кб
Скачать
☆

Билет № 23

1.Фотосинтездің жарық сатысы.

Қазіргі зерттеулер нәтижесі бойынша фотосинтез тотығу тотықсықдану процесі яғни су оттегіге дейін тотығады. Ал көмірқшқыл газыкөмірсуларға дейін тотықсызданады. Фотсинитез процесі 2 сатыдан тұрады: а.күн энергиясын сіңіру – жарық сатысы яғнифотореакциялар, б. Көмірқышқыл газн сіңіру яғниқараңғы сатсы. Фотосинтещдің жарық сатысында хлорофил А күн сәулесін сіңіріп оны химиялық энергияға (АТФ НАДФН) айналдыру жүщеге асады. Осы процесстер хлорпластардығ фотохимиялық активті мембраналарында жүреді. Яңни мұнда фотофизикалық фотохимия және химиялық реакциялар жүзеге асады.

2.Онтогенез және даму кезеңдері. Онтогонез(грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) –организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологыЭ.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро менцитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Кезеңдері:Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар: ұрыққа дейінгі кезең (олгаметогенез бен ұрықтанудан тұрады); эмбрионалдық кезең – жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі; постэмбрионалдық кезең – жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады. Жануарлар Онтогенезінің: дернәсілдік, жұмыртқа салу және құрсақтық типтері бар.

3.Су алмасу ерекшеліктеріне байланысты жер бетіндегі өсімдіктер экологиялық топтары. Өсімдіктердің экологиялық жағдайлары жайлы хабарламалар өте ертеден белгілі болған. «Ботаниканың әкесі» атанған және оның жеке ғылым екендігінің негізін қалаушы Аристотельдің оқушысы Теофраст (немесе Феофраст, б.э.д. 371-286), өз еңбектерінде өсімдіктердің практикалық қолданудағы маңызы мен қатар олардың құрылысы, физиологиясы, географиялық таралуына аса мән берген. Ол Александр Македонский мен саяхатқа шыға отыра, әртүрлі елдердегі өсімдіктерге топырақ пен климаттың әсерін сипаттап және салыстыруға мүмкіншілігі болды. Теофрастың бізге жеткен екі үлкен еңбектерінде – «Өсімдіктердің табиғи тарихы» (10 том) және «Өсімдіктердің себептері жайлы» (8 том) - өсімдіктердің сыртқы түрлерінің өзгерістері және өсу түрлерінің жағдайларға байланысты болатындығы жайлы көптеген бақылаулары көрсетілген. Мысалы, тауда өсетін ағаштардың діңдерінің бұтақтары төмен, ал оны жайылымға еккен кезде өте әдемі және ірі болатындығын атап өткен. Ол жүзім түрлерінің әртүрлі топырақта өсіру барысындағы өзгерістерін сипаттаған. Алғашқы өсімдіктерді тіршілік түрлеріне бөлуді де Теофраст (терминдерді қолданбай) жасаған деп атауға болады: ағаш, бұта, жартылай бұта және шөптер.

Билет№24.

1.Биосферадағы азоттың айналымы. Атмосферадағы азот (75,5%) электр құбылыстары мен фотохимиялық процестердің әсерінен әртүрлі азот қышқылының тұздарын түзеді де, жаңбыр суында еріп, топыраққа сіңеді, сөйтіп мұхит суына араласады. Түйнек бактериялары ауадағы молекула күйіндегі азотты басқа организмдер сіңіре алатындай органикалық қосылыстарға айналдырады. Белокты денелерде 17%-ке дейін азот болады. Денитрификаттану процесі (топырақ және су бактериялары арқылы азот қышқылы тұздарының бос азотқа дейін ыдырауы) жүріп, әуелі азот қышқылына, одан кейін бос азотқа айналады да, ол ауаға түседі. Ал нитрификаттану процесінің (аммиак пен азотты органикалық қосылыстардың тотығуы) нәтижесінде әртүрлі азот тотықтары (N2O, NO, N2O3,N2O5) түзіледі. Азот қышқылы металдармен қосылып, азот қышқылының тұздарын түзеді. Олар ауа райы ыстық және құрғақ аймақтарда көбірек жиналады. Суда жақсы еріген азот қышқылының тұздарын тірі организмдер қайтадан қабылдайды. Міне осылайша табиғатта азот айналымы үздіксіз жүріп тұрады.

2.Өсімдіктің мүшелері арқылы(вегетативтік)көбею әдістері. Вегетативтік көбею (лат. vegeto – тірілту, қоздыру, өсіру) – өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі.Вегетативтік көбею - көп жасушалы ағзалардың жыныссыз көбеюдің бір түрі: жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болуы.Вегетативтік көбею төм. сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән. Вегетативтік көбею жануарларда бүршіктену (губкалар, ішек қуыстылар, мшанкалар) немесе бөліну (қарапайымдар) арқылы жүреді. Бір клеткалы өсімдіктер (балдырлар, саңырауқұлақтар) бөліну, кейде бүршіктену жолымен, ал төм. сатыдағы көп клеткалы өсімдіктер – денесінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр атпалары (қара өрік, алма, шие, тал, жеке, қандағаш, т.б.), тамыр сабақтары (жыланқияқ, қырыққұлақ, селеу, қамыс, жатаған бидайық, адыраспан, т.б.), жуашықтары (жуа, қызғалдақ, картоп, т.б.), мұртшалары (бүлдірген, жатаған сарғалдақ, т.б.) арқылы көбейеді. Өсімдік ш-нда, негізінен, қалемшелеу әдісі қолданылады. Вегетативтік көбею кезінде жыныстық көбеюге қарағанда ұрпақта сорттың қасиеттері, белгілері жақсы сақталады. Вегетативтік көбею өсімдік өсіруде, бақ және орман ш-нда кеңінен қолданылады. Аналық өсімдіктерден түйнек, пиязшық, тамыр, сабақ құрамындағы денелік клеткалар, сондай-ақ қалемшелер, мүше бөліктері және жекеленген ұлпалар арқылы ұрпақ алу вегетативтік көбейту деп аталады. Оның әдістері үш топқа бөлінеді: 1.Сабақ және тамыр, бүршіктер, жапырақтар арқылы көбейту - қалемшелеу. 2.Ерекше мүшелер – тамыр, сабақ, түйнектер, пиязшық, мұртшалар арқылы көбейту. 3.Ұластыру (прививка, телу) арқылы көбейту.

3.Көмірсулардың глиоксилаттық және пентозафосфаттық ыдырау жолдары. Адамның дене салмағының 1%-ы көмірсулар. Табиғи тағамның құрамында көмірсулар көбіне моно және полисахаридтер күйінде кездеседі. Көмірсулар асқорыту мүшелерінде қантқа (глюкозаға) дейін ыдырап, ұлпаларға таралады. Көмірсулардың ыдырауы кезінде соңғы өнімдер ретінде су мен көмірқышқыл газы бөлінеді. Көмірсулар қанның құрамындағы қант мөлшерінің тұрақты болуын реттеуге катысады. Қанның құрамында қанттың мөлшері үнемі 0,12% қалпында тұрақты болады. Ағзаға түскен артық қант гликоген түрінде бұлшықеттерде және бауырда қор ретінде жиналады. Гликоген ағзаның қарқынды іс- әрекеті кезінде қажетті жұмыстарға жұмсалады. Көмірсулар тамақ құрамында аз болса, ол ағзадағы нәруыздардан, майлардан да түзіледі. Егер көмірсулар тағаммен ағзаға көп түссе, майға айналады. Су мен минералды тұздардың алмасуы. Адамның дене салмағының шамамен 60%-ы су. Балалардың ағзасында су ересектерге қарағанда едәуір көп. Адам ағзасындағы жеке мүшелердегі судың мөлшері де түрліше. Мысалы, бауырдың, бұлшыкеттердің, көкбауырдың салмағының 80%-ға жуығы су. Сүйек ұлпасында су - 20%-дай. Су тағамның құрамындағы ағзалық және бейағзалық заттарды ерітеді, дене температурасын реттейді. Ағзада жүретін химиялық реакциялардың барлығы да тікелей судың қатысуымен жүреді. Судың алмасуы минералды тұздардың алмасуымен байланысты.

Билет№25.

1.Фотосинтез және өнім.Фотосинтездің қарқындылығын және өсімділігін жеделдету жолдары.Фотосинтез (Фото...  және синтез) – жоғары сатыдағы  жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі. Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады.Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2  мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар  аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Фотосинтез аппаратының негізі – клетка ішіндегі органелла-хлоропластар (көк жапырақ клеткасында 20-100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат – клетка ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. өсімдік фотосинтез процесінің негізі – тотығу-тотықсыздану. Мұнда квант энергиясы әсерінен 4 электрон мен протон су дәрежесінен (оның тотығуы) углевод дәрежесіне дейін көтеріледі. (СО2-ның тотықсыздануы). Сөйтіп углеводтар фотосинтезі былай өтеді:  СО2+Н2О     С(Н2О)+О2+120 ккал/моль яғни СО2-ның бір молекуласының углевод дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос энергиясы 120 ккал/моль болады. Демек, өсімдік фотосинтезі кезінде кем дегенде 3 квант («қызыл» кванттар энергиясы 40 ккал/моль) сіңірілуі қажет. әр түрлі жағдайда жасалған тәжірибе СО2-ның әр молекуласының тотықсыздануына 8–10 квант қажет екенін көрсетті. Көмірқышқыл газ да, су да, жарықты тікелей сіңірмейді, бұл қосылыстардың квантпен байланысқа түсуін хлоропласт не хроматофор структурасындағы хлорофилл а қамтамасыз етеді. Фотосинтездің биосферадағы маңызы да үлкен. Жер қалыптасқаннан бері фотосинтез нәтижесінде маңызды элементтер мен заттар бірнеше мың рет толық цикл айналымынан өткен. өсімдік өнімін арттырудың бір жолы - өсімдіктің фотосинтездік әрекетін үдету.

2. Судың топырақтан тамыр арқылы өсімдікке сінуі.Тамыр қысымы төменгі қозғағыш күш топырақтағы судың күйлері олардың өсімдікке сіңгіштігі.төменгі сатыдағы өсәһімдіктер суды бүкіл денесімен сіңіреді.жоғары сатыдағы өсімдікиердің суды сіңіретін мүшесі тамырдың өте жіңішке ұштары.тамыр тукшелері және эпидермистің басқа клеткалары арқылы сіңген қабық элементтері эндодерма перицикл орталық түтік паренхимасы арқылы тамыр құбырына дейін жылжиды.топырақ бөлшекткрмен және ондағы сумен тамыр түкшелері және эпидермис клеткалары жанасады.орталық целиндрдегі кселема түтіктеріне судың енуі осмостық механизмге баиланысты.кселема түтікиеріндегі және клеткалар қабығындағы осмостық активті заттарға минералдық заттар және метобалиттер жатады,судың қсімдік боиымен тамыр қысымының ықпалымен көтерілуі механизмін төменгі шеттік қозғағыш куш деп атаиды,топырақтың негізгі құрылысы:минералдық заттар,қарашірік,топырақ ерітіндісі топырақ ауасы.топырақтағы бос қуыстарды сумен ауа толтырады.топырақтағы су өзінің белгілі сорғыштық күші бар ерітінді куйде болады.

3. Өсімдіктердің қимыл- қозгалыстары. Тропизмдер. Тропизмдер (гр. tropos – бұрылыс, бағыт) – өсімдік органдары өскенде бір жақты әсер ететін тітіркендіргіштердің (жер тартылысы, химиялық зат, жарық, т.б.) қимыл бағытының өзгеруі. Өсімдік жасушаларының созыла өсуіне ондағы фитогормондардың (индолил сірке қышқылы, абсцизин қышқылы, т.б.) түзілуі, тасымалы мен таралуы ықпал етеді. Әсер ететін факторлардың (тітіркендіргіш) табиғатына байланысты Тропизмдердің бірнеше түрі ажыратылады. Егер өсу қозғалысы тітіркендіргіш факторға бағытталса – оң Тропизмдер, ал егер қарама-қарсы бағытта болса – теріс Тропизмдер деп аталады.

Билет№26.