Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология шпор.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
623 Кб
Скачать
☆

3. Ауксиндер: құрылысы, қасиеттері және маңызы.

Ауксиндер (грек. auxano – өсемін) – өсімдік жасушаларында түзілетін физиологиялық маңызы зор, өсу процестеріне демеу болатын өсімдіктер гормондары, индол туындылары. А. жасанды және табиғи жолмен түзіледі. Жасанды А. – өсімдік өсіру тәжірибесінде қолданылатын кристалды заттардан (мыс., индолил май қышқылы, нафтил-сірке қышқылы, т.б.) алынады. Табиғи А. барлық жоғ. және төм. сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда түзіледі. Олар өсіп келе жатқан өркендердің ұштарында, тұқымда, тұқымжарнақта пайда болып, жасушалардың созылуын, сабақтың, жапырақтардың, тамыркесінділерінің өсуін, олардың иілгіштік қасиеттерінің пайда болуын тудырады, қалемшелердің тамырлану қарқынын тездетеді. А. әсерінен қышқылданған клетка қабығы жұмсарып, оның құрамындағы целлюлоза және пектиндік полимерлері үзіліп, қасиеті өзгереді. Бұл ішкі (тургорлық) қысымның әсерінен өсіп келе жатқан жасушаның созылуын жеңілдетеді. А. қоректік ортада өскен өсімдік ұлпасында (каллус) және қалемшелерде қосалқы тамырлардың пайда болуына ықпал ететіндіктен көбеюі жеделдейді. А. мен өсімдік гормондары (цитокининдердің) біріккен үйлесімді әсері жасанды ортада өскен жасуша ұлпаларының жіктелуін және тамыр түзілуін қамтамасыз етеді. А. ш-нда А. қалемшелерді тамырландыру, түйіндер мен жемістердің ерте үзіліп түспеуі үшін және гербицид ретінде қолданылады.

Билет № 4

1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?

Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі; қоймалжың (коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қа-бықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады. Гиалоплазма (гр. hyalinos — мөлдір, шыны тәрізді; гр. plasmos — плазма) — жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар - жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты, жасуша цитоплазмасының негізгі заты. Органеллалар (органеллы); (organellae, гр. organon — құрал, мүше, ағза; гр. еllа — майда, кішірейту) — жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Адам мен жануарлар жасушаларында органеллалардың екі түрі болады. Олар: жалпы органеллалар және арнайы органеллалар. Жалпы органеллалар ағза жасушаларының барлығына түгелдей ортақ, яғни барлық жасушаларда кездеседі. Өз кезеңінде жалпы органеллалар: жарғақты (мембраналы) және жарғақсыз органеллалар болып екі топқа бөлінді. Жарғақты органеллаларға: митохондриялар, гранулалы эндоплазмалық тор, агранулалы (тегіс) эндоплазмалық тор, пластинкалық кешен (Гольджи кешені), лизосомалар, ал жарғақсыз органеллаларға: бос рибосомалар, полисомалар, центросома (центриольдер), микротүтікшелер, кірпікшелер, талшықтар жәнемикрофиламенттер жатады. Арнайы органеллалар тек кейбір жасушаларда ғана болады. Оларға миофибриллалар (ет жасушаларында, ет талшықтарында — миосимпласттарда), тонофибриллалар (эпителиоциттерде), нейрофибриллалар (нейроциттерде), кірпікшелер, талшықтар жатады.