- •1. Өсімдіктер физиологиясыны мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектілері.
- •2. Фикобилиндердің құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •3.Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею кезеңдері
- •1.Афтотрофты организмдер мен гетеротрофты организмдердің өзара ерекшеліктері.
- •2.Фотофосфорлану дегеніміз не?
- •3.Клеткалардың жіктелуі дифференциялануы
- •1. Өсімдіктер клеткасының құрылысы және олардың функциясы.
- •2.Судың молекулалық құрылысы және касиеттері.
- •1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?
- •3. Ауксиндер: құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •2. Осмостық жүйе дегеніміз не? Плазмолиз және деплазмолиз.
- •3. Гиббереллиндердің қызметі және маңызы
- •1.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетка органоидтар топтары
- •2. Топырақтың су күйлері және оларды оңай және тиімді пайдалану
- •3. Цитокининдер: құрылысы, қасиеттері, қызметі және маңызы
- •1. Корелляция. Корелляцияның маңызы.
- •2. Транспирация туралы түсінік.
- •3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі
- •1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі
- •2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.
- •3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары
- •1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық кұрамы және қызметтері.
- •2. Ю. Либих қалыптастырған өсімдіктердің қөректенуі туралы теориясы.
- •3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары
- •2.Өсімдіктер клеткасының негізгі органогенді және макроэлементтерінің маңыздылығы.
- •1.Митхондрияның құрылысы,қызметі,және маңызы.
- •1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.
- •1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.
- •2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.
- •3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.
- •2.Фотосинтез процесінде энергия миграциясы және электорндардың тасымалдануы.
- •3.Фотосинтездің с4 жолы(Хетч және Слэк циклі).
- •3.Тыныс алудың анаэробтық сатысы(гликолиз).
- •3.Пероксисома,глиоксисома және лизосомалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.
- •3.Өсімдік клеткасының онтогенезіне сипаттама беріңіз.
- •2. Тыныс алу-зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық
- •3. Вегетативті өсу кезеңіндегі өзекті процестер
- •1.Өсімдіктердің абиотикалық факторлерге төзімділігі.
- •Билет № 23
- •1.Фотосинтездің жарық сатысы.
- •1. Өсімдіктердің дамуына жарықтың және температураның әсері. Фотопериодизм және яровизация.
- •3. Өсімдіктің тыныс алу процесі туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы.
- •Өсімдіктің оқшауланған клеткасының биологиясы.
- •1. Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.
- •2. Қандай өсімдіктер ыстыққа төзімді келеді, оның себептері.
- •3. Өсімдік клеткалық технологияларының бүгіні мен болашағы.
1. Өсімдіктер клеткасының құрылысы және олардың функциясы.
Өсімдіктер организмі клеткадан тұрады. Яғни, клетка тірі организмнің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Клетка қоректенеді, тыныс алады, зат алмасу прцестері жүреді, өседі, көбейеді. 1665 жылы голланд ғалымы Р.Гук қарапайым микроскопты жетілдіріп, пробка кесіндісін микроскоптан қарағанда оның тор тәрізді ұялардан тұратынын көрсетті. Оны клетка деп атады. Ал организмдердің клеткалық құрылысы теориясын неміс ғалымдары ботаник М.Шлейден және зоолог Т.Шванн қалыптастырды. Өсімдіктер клеткасының ерекшеліктері бар: фототрофты қоректену түріне байланысты клеткада пластидтер жүйесі бар, клетка қабығы полисахаридті, жетілген клеткаларда вакуоль болады. Клетка құрылысы. клетка негізінен үш бөлімнен тұрады: 1) клетканы қаптап тұратын қабықшасы; 2) құрамында органоидтары бар цитоплазма; 3) ядро онда клетканың ақпараты жинақталған ДНҚ бар. Бұлар кәдімгі микроскоптан көрінеді. Клетка қабығы жасушаның пішінін анықтайды, клеткалар мен ұлпаларға беріктік, мықтылық қасиет беріп, клетка ішіндегі гидростатикалық қысым әсерінен цитоплазмалық мембрананың зақымдануынан сақтайды. Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тынысалу) жылдамдайды.Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер(қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.
2.Судың молекулалық құрылысы және касиеттері.
Су сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Судың молекулалық құрылысының таңғаларлык күпия касиетінің бірі — оның асимметриялығында. Сутек атомы оттек атомымен тік сызык бойымен байланыспай, =105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттек және екі оң зарядталған сутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді.
Суда еритін заттар гидрофилді (гр. хидор — су және гр. филео— сүйемін) заттар деп аталады. Бұған иондық байланысты (мысалы, тұз) және кейбір молекулалық байланысты (мысалы, кант, нәруыз) заттар жатады. Мысал ретінде тұздың еру процесін көрсетуге болады. Суда тұз натрийдің оң зарядталған катионына және хлордың теріс зарядталған анионына ыдырайды. Натрийдің оң зарядталған ионына су молекуласы теріс полюсімен тартылса, ал хлор ионына оң полюсті жағымен жақындайды. Қорытындысында, әрбір ионның айналасында қабықша пайда болады. Оны гидрат қабығы деп атайды. Зарядталмаған молекулалар суда ерімейді. Су жасушаның физикалық қасиеттерін анықтайды: көлемін; серпімділігін; физиологиялық ортада атқаратын қызметін және биохимиялық процесін; фотосинтез кезінде оттектің бөлінуін; химиялық қосылыстарды; осмос және термореттеушілікті.
Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан — тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан — аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Суқалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі.
