- •1. Өсімдіктер физиологиясыны мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектілері.
- •2. Фикобилиндердің құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •3.Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею кезеңдері
- •1.Афтотрофты организмдер мен гетеротрофты организмдердің өзара ерекшеліктері.
- •2.Фотофосфорлану дегеніміз не?
- •3.Клеткалардың жіктелуі дифференциялануы
- •1. Өсімдіктер клеткасының құрылысы және олардың функциясы.
- •2.Судың молекулалық құрылысы және касиеттері.
- •1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?
- •3. Ауксиндер: құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •2. Осмостық жүйе дегеніміз не? Плазмолиз және деплазмолиз.
- •3. Гиббереллиндердің қызметі және маңызы
- •1.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетка органоидтар топтары
- •2. Топырақтың су күйлері және оларды оңай және тиімді пайдалану
- •3. Цитокининдер: құрылысы, қасиеттері, қызметі және маңызы
- •1. Корелляция. Корелляцияның маңызы.
- •2. Транспирация туралы түсінік.
- •3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі
- •1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі
- •2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.
- •3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары
- •1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық кұрамы және қызметтері.
- •2. Ю. Либих қалыптастырған өсімдіктердің қөректенуі туралы теориясы.
- •3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары
- •2.Өсімдіктер клеткасының негізгі органогенді және макроэлементтерінің маңыздылығы.
- •1.Митхондрияның құрылысы,қызметі,және маңызы.
- •1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.
- •1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.
- •2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.
- •3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.
- •2.Фотосинтез процесінде энергия миграциясы және электорндардың тасымалдануы.
- •3.Фотосинтездің с4 жолы(Хетч және Слэк циклі).
- •3.Тыныс алудың анаэробтық сатысы(гликолиз).
- •3.Пероксисома,глиоксисома және лизосомалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.
- •3.Өсімдік клеткасының онтогенезіне сипаттама беріңіз.
- •2. Тыныс алу-зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық
- •3. Вегетативті өсу кезеңіндегі өзекті процестер
- •1.Өсімдіктердің абиотикалық факторлерге төзімділігі.
- •Билет № 23
- •1.Фотосинтездің жарық сатысы.
- •1. Өсімдіктердің дамуына жарықтың және температураның әсері. Фотопериодизм және яровизация.
- •3. Өсімдіктің тыныс алу процесі туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы.
- •Өсімдіктің оқшауланған клеткасының биологиясы.
- •1. Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.
- •2. Қандай өсімдіктер ыстыққа төзімді келеді, оның себептері.
- •3. Өсімдік клеткалық технологияларының бүгіні мен болашағы.
3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі
Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы . Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық. Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы . Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық. Жыныстық көбею [1] – аналық және аталық жыныс жасушаларының (гаметалар) қосылуынан түзілетін, яғни ұрықтанунәтижесінде пайда болатын зиготадан жаңа дарабастың дамуы, көбеюдің бір түрі. Жыныстық көбеюде генетикалық ақпараттарыәр түрлі ата-ананың тұқым қуалау материалдары қосылады. Әр гамета мейоз нәтижесінде пайда болған гаплоидты хромосома жиынтығынан тұрады және олар келесі ұрпақтар арасын байланыстырады. Жыныстық көбею жоғары сатыдағы ядролы организмдердің (эукариоттар) барлығына тән, ал төменгі сатыдағы ядросыз организмдерде (прокариоттар) бұл құбылыс анықталмаған. Көптеген тірі организмдердің құрылымдары және қызметтері жағынан жыныс жасушалары аналық (жұмыртқа-жасуша) және аталық (сперматозоид) болып екіге бөлінеді. Әдеттегідей, жұмыртқа-жасуша және сперматозоидтар аналық жәнеаталық организмдерде жетіледі. Олар бір-бірінен бірнеше белгілері арқылы ажыратылады. Жеке аталық және аналық дарабастары бар түрлерді даражынысты деп атайды. Бірүйлі өсімдіктер және гермафродитті жануарларда жұмыртқа-жасуша және сперматозоид бір дарабаста түзілсе, екіүйлі өсімдіктерде және даражынысты жануарларда олар әр түрлі дарабастарда түзіледі. Партеногенез өсімдіктерде де кеңінен тараған. Соның бір формасы – ұрықтанбаған аналық жыныс жасушасынан партеногенез жолымен ұрықтың дамуы, яғни апомиксис процесі. Аталық гаметасыз диплоидты жасушадан ұрықтың дамуы кейбір гүлді өсімдіктерде кездеседі. Өсімдіктерде аналық ядро жойылғанда, тек аталық ядроның қатысуымен жұмыртқа-жасушаның дамуынан пайда болған партеногенездің екінші бір түрі – андрогенез деп аталады. Жыныстық көбеюдің тағы бір ерекше формасы – гиногенез. Жыныстық көбеюде ұрпақтары ата-аналарына ұқсамайды. Оларда генетикалық рекомбинацияның нәтижесінде генетикалық өзгергіштік байқалады.
Билет № 7
1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі
Эндоплазмалық тор (эндоплазматическая сеть); (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.[1] Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық торжасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.[2]
Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуы синтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің желіндемеген кезінде клеткада болатын рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан клеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді, мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатын рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөл атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар(түйіршікті эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызмет атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде ішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза, нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді, сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-азаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары организмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді.
