Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология шпор.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
623 Кб
Скачать
☆

3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары

Тұзды топырақтар жер шарындағы мемлекеттердің көптеген аймақтарын алып жатады. Жалпы құрылықтың шамамен 25% тұзды аймақтар үлесіне тиеді. Тұзды топырақтардың көп бөлігі, негізінен, Орта Азия мемлекеттерінде орын алады. Осы мемлекеттердің суармалы аймақтары (егістігінің), шамамен 65%-тейі азды-көпті тұзды топырақтардан тұрады. Соның ішінде Түркменстанда –89%, Өзбекстанда –70%, Қазақстанда –65%, Тәжікстанда –30%, Қырғызстанда –25%. Тұзды ортаға бейімделушілік ерекшеліктеріне байланысты галофиттер негізгі төрт топқа бөлінеді: 1.Тұз жинақтаушы галофиттер (эвгалофиттер). Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері, мысалы, шөптесін бұзаубас сораң жатады. Бұл өсімдіктердің плазмалары тұзды оңай өткізеді, ұлпаларындағы тұздң мөлшері өте көп болады. Мысалы бұзаубас, сораң ұлпаларында суына есептегенде 10% тұз болатындығы (NaCl, Na2SO4) анықталды. Осыған байланысты осы өсімдіктердің клетка сөлінің осмостық қысымы бірнеше ондаған атмосфералық деңгейге дейін көтеріңкі болады да, тұздылығы өте жоғары топырақтардан суды қиынсыздық сіңіре алады.  2.Тұзды бөліп шығаратын галофиттер (криногалофиттер) күшті және шамалы тұзды топырақтарда өніп-өседі (гмелин, кермек). Бұлардың органдарындағы тұздар арнайы бөлгіш клеткалар- безшелер арқылы бөлінеді. Олардың саны топырақтың тұздылығы жоғарлаған сайын көбейе береді. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің жапырақтары тұзға әбден толғаннан кейін өзінен өзі түсіп қалады. Бұл өсімдіктердің тамыры арқылы да тұздар сыртқа бөлінеді. 3.Тұзды сіңірмейтін галофиттер (гликогалофиттер) тұздылығы төмендеу топыраққа өніп-өседі. Олардың клеткаларындағы осмостық күш, негізінен, фотосинтез өнімдеріне – көмірсуларға байланысты болады. Клеткалар арқылы тұздар сіңбейді. Олардың нағыз өкілдеріне жусан (Artemisia salina), изен (Kochia) түрлері жатады.  4.Тұзды оқшаулап жинақтаушы галофиттерге сыртқы ортада енген тұздар арнайы тұз жинағыш, көпіршік тәріздес түкшелерге жиналып сақталады. Олар жапырақтың ең бетінде де қалың болып орналасқан . Егер, осы өсімдіктер тұзсыз топырақтарда өссе, онда түкшелер пайда болмайды. Бұндай өсімдіктерден алабұтаның біраз түрлерін атауға болады.

Билет №9.

1.Клеткадағы ядроның құрылымы,қасиеттері,қызметі,және маңызы.

Ядроның маңыздылығы онда орналасқан хромосомаларда клетканың генетикалық ақпараты жинақталған ДНҚ-ның болуына байланысты.Клеткалар негізінен бір ядролы болады.Бірақ коп ядролы клеткаларда бар,ядроның диаметрі 5-20мкм,формасы дөңгелек,сопақша,сфералық түрде болады,өсімдіктердің жас клеткаларнда ядро ортасына таман орналасады,жетілген клеткаларда ірі орталық вакуоль болғандықтан ядро клетка шетіне жақын орналасқан.ядроның химиялық құрамы нуклеин қышқылдарынан,белоктардан құралған,ядро үш бөліктен тұрады,ядроны қоршаған-қос қабатты мембрана,ішіндегі сұйықтау зат-нуклеоплазма,ортасында орналасқан-ядрошық.ядро қабықшасы диаметрі 8нм,қос мембранадан құралған,ядродағы негізгі құрылыстық бөлік-хромосомалар,хромосома дегеніміз-ДНҚ тізбектерінен тұратын денешік,хромосома құрамында гистон, ДНҚ,қышқыл белоктар,аз мөлшерде РНҚ болады,жеке хромосома ДнҚ тізбегінен және гистондардың миллиондаған молекуласынан тұрады,ДНҚ тізбегінде тұқым қуалау аппараты,клетканың функциональдық қызметі,организмнің қоршаған ортамен байланыста өсіп дамуының бағдарламасы жинақталып сақталады.