Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология шпор.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
623 Кб
Скачать
☆

2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.

Клетканың созылып өсу кезеңінде оның көлемі ұлғайып, вакуольдер толық қалыптасады. Алғашында клеткада көптеген көпіршіктер күйіндегі майда вакуольшелер өзара тұтасып, үлкен көлемді бір вакуольге айналады. Вакуольге біраз мөлшерде судың жиналуына байланысты клетка қабығы керіліп, көлемі ұлғаяды. Мұндай клеткалардың көлемдері алғашқы меристемалық клеткаларға қарағанда бірнеше жүз есе ұлғаяды. Клеткалардың жіктелуі — онтогенездің ұрыққа дейінгі жыныс жасушаларында, ұрықтық және ұлпалық даму кезеңдерінде жүреді. Зат алмасу, құрылысы мен қызметі жағынан тек өздеріне тән ерекшеліктері болатын жасушалар, жіктелу барысында белгілі бір ұлпаға тән қасиеттерге ие болады. Бұдан соң, маманданған жасушалар басқа ұлпа жасушаларына айналу қабілеттілігін жоғалтады. Жетілген және маманданған жасушалар, сол ұлпалардың тіршілік жағдайына бейімделу (адаптация)сатысынан өтіп, туыстас жасушалар топтары (популяциялары) бірігіп (интеграцияланып), күрделі құрылымдық жүйелер (ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері) түзіледі.[1]

3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.

Тыныс алудың алғашқы сатысы қант заты гексозаның пирожүзiм қышқылына айналудан басталады - бұны бiз гликолиз деп атаймыз. Тыныс алудың асы алғашқы гликолиздiк сатысы анаэробты 02-iнiң қатынасынсыз жағдайда өтетiн қант затының фосфорлануларынан тұратын бiрнеше тiзбектi биохимиялық реакция болып табылады. Қант заты глюкоза гексокиназа ферменгi мен АТФ қатынасында глюкоза-6-фосфатқа айналады, ал бұл кезде АТФ-АДФ-қа көшедi. Аденозинтрифосфорлы қышқыл молекуласында үш фосфор қышқылының қалдығы болып, оның екеуi моноэргиялық байланыспен жалғасады. Бұл байланыстар тыныс алу кезiндегi босаған қуаттардың жинақталу нетижесiнде түзiледi. Белгiлi ферментгер /киназ/-дың әсерiнен бұл макроэргиялық байланысы бар фосфор қышқылының қалдығы бiр органикалық заттан бөлiнiп алынып екiншi органикалық затпен байланыстырылады. Мұндай қуат қоры көп байланыстар клетканың бiр жерiнен екiншi жерiне баруында қуат қорның клеткада бiркелкi таралуында ең тиiмдi жеңiл көшу мүмкiншiлiгiн тудырады. Глюкоза молекуласына АТФ -дан макроэргиялық байланысы бар фосфор қышқылы қалдығымен қосуы нәтижесiнде глюкоза молекуласы активтi түрге көшедi. Фосфорлану нәтижесiнде активтелген қант молекулалары оңай, одан әрi қарай айналысқа ұшырай алады. Мiне, сондықтанда глюкоза-6-фосфат жеңiл ғана глюкоза-1-фосфатқа көше алады. Бiрақ реакция өсiмдiк организмiндегi фосфогексоизомераза ферментiнiң қатысында өтедi.

Билет№13.

1.Клетканың тітіркену құбылысына сипаттама беріңіз. Сырт орта басқа әсерлер нәтижесінде жасушалардағы осмотикалық қысым сіңірушілік қасиеті және тағы басқа физиологиялық қасиеттерінің өзгеруі нәтижесінде тірі материяның ең арнайы қасиеттерінің бірі тітіркену есептеледі. Бұл тітіркенуі өсімдік жасушасының сырттан келген әсерді клеткаларға жеткізе алу қасиетті түсініледі. Бұл әсер етілген жерден алыстағы клеткаларға дейін жеткізіледі. Өсімдіктерде, жануарлар сияқты тітіркенуді жеткізетін арнайы нерв жүйесі жоқ екені бізге мәлім. Өсімдіктерде тітіркеніді алғаш рет арнайы зат жеткізіп тұруын Дарвин анықтады. Ол өсімдік ұлпаларын тітіркенуді қабылдаушы зона (сенсорлы зона) және реакцияны әрекеттеуші (маторлы зона) ға бөліп көрсетті өсімдіктерде тітіркенуді анықтауда катоды осциллограф әдісі үлкен рол атқарады . Көрсетілген әдістермен өсімдіктерде жануарлар тәрізді (мехникалық электр, химиялық әсер ыстық, жарықтағы басқа) әсерлерге жауап беруін, бірақ бұл әсер өте жай жүруін анықтады. Өсімдіктерде тітіркенудің физиологиялық реакциясы белгілі ток күшінде және уақыт аралығына байланысты. Осы мөлшерден өзгеруі протоплазманың бұзылуы немесе өлуіне алып келеді.