Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология шпор.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
623 Кб
Скачать
☆

1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.

Пластидтер-қос мембранамен қапталған дөңгелек және сопақша органоидтар.Ішкі мембраналар ішке қарай көмкеріліп мембраналар жүйесін құрайды.пластидтер түссіз(пропластидтер,лейкопластидтер,этиопластидтер)және түсті(хлоропластар,хромопластар)болып екіге бөлінеді.мерисметикалық клеткаларда протопластидтер болады.олардың ішкі мембраналары аз көмкерілген.осы құрылыс жетілген клеткаларда сақталса оларды лейкоплсатар деп атайды.жасыл өсімдіктерді қараңғыда өсіргенде этиопластар хлоропластарға айналады.бұл жағдайда ішкі мембраналық жүйе күрделі құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.хлоропластар сопақша денешіктер ұзындығы-5-10мкм диаметрі2-3мкм.жапырақтың бір клеткасында 15-20немесе оданда көп хлоропластар бар.

2.Жеке элементтің(Фосфор,магний,калий)өсімдік тіршілігіндегі физиологиялық маңызы.

Фосфор-топырақта аз болуы өсімдіктердің әдепкі өсу кезіндегі сабақ пен жапырақтың яғни жер бетіндегі мүшелерінің биомассасын,әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді.фосфордың топырақтағы қоры онша емес.P2O3 пен есептегенде бір гектарға2-4,4тонна аралығында.Калий-өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмір су белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді.механикалық ұлпалардың синтезделіп құралуын қамтамасыз етіп,гриб ауруларына төзімділігін күшейтеді.клеткаға оңай сіңеді де,оның осмотикалық қысымы мен тургорлық жағдайына әсер етеді.Магний-кең тараған элементтердің бірі,маңызды биогенді элемент жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларында өте көп кезӨдеседі.өсімдіктердің тіршілігінде маңызы өте зор.

3.Өсімдіктің негізгі даму сатылары және олардың қысқаша анықтамалары.

Өсімдіктің дамуы-деген ұғым физиологиялық морфологтялық биохимиялық өзгерістерді бейнелейді.өсімдіктердің дамуының сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше:

1.Эмбриондық-зиготаның қалыптасуы,

2.Жастық-балауса ұрықтың өнуі және негізгі өсу мүшелерінің қалыптасуы,

3.Жетілу,толығу-гүл бастамаларының пайда болу кобею мүшелерінің қалыптасуы,

4.Көбею-тұқымдарының жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы,

5.Қартаю-ыдырау процестерінің және активсіз құрылымдарының басымдануы.

Билет№12.

1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.

Митохондриялар-формасы негізінен сопақша ұзындығы1-7мкм,диаметрі 0,4=0,5мкм,клеткадағы митохондрия саны 500-1000ға дейін болады.Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді.Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырадм. Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасыиа шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас жасушаларға тең беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты оран орналасады. Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және оның атқара п.ш қызметіне байланысты болады.

Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos — соғып жасау) — фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Клеткада хлоропласт бөліну арқылы көбейеді, бірақ оның жасуша ядросының бөлінуімен сәйкес келуі шарт емес. Хлоропластты цианобактериялардың ежелгі ядролы гетеротрофты балдырлармен немесе қарапайымдармен симбиогенез нәтижесінде пайда болған деп жорамалдайды.[1]2