- •1. Өсімдіктер физиологиясыны мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектілері.
- •2. Фикобилиндердің құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •3.Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею кезеңдері
- •1.Афтотрофты организмдер мен гетеротрофты организмдердің өзара ерекшеліктері.
- •2.Фотофосфорлану дегеніміз не?
- •3.Клеткалардың жіктелуі дифференциялануы
- •1. Өсімдіктер клеткасының құрылысы және олардың функциясы.
- •2.Судың молекулалық құрылысы және касиеттері.
- •1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?
- •3. Ауксиндер: құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •2. Осмостық жүйе дегеніміз не? Плазмолиз және деплазмолиз.
- •3. Гиббереллиндердің қызметі және маңызы
- •1.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетка органоидтар топтары
- •2. Топырақтың су күйлері және оларды оңай және тиімді пайдалану
- •3. Цитокининдер: құрылысы, қасиеттері, қызметі және маңызы
- •1. Корелляция. Корелляцияның маңызы.
- •2. Транспирация туралы түсінік.
- •3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі
- •1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі
- •2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.
- •3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары
- •1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық кұрамы және қызметтері.
- •2. Ю. Либих қалыптастырған өсімдіктердің қөректенуі туралы теориясы.
- •3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары
- •2.Өсімдіктер клеткасының негізгі органогенді және макроэлементтерінің маңыздылығы.
- •1.Митхондрияның құрылысы,қызметі,және маңызы.
- •1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.
- •1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.
- •2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.
- •3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.
- •2.Фотосинтез процесінде энергия миграциясы және электорндардың тасымалдануы.
- •3.Фотосинтездің с4 жолы(Хетч және Слэк циклі).
- •3.Тыныс алудың анаэробтық сатысы(гликолиз).
- •3.Пероксисома,глиоксисома және лизосомалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.
- •3.Өсімдік клеткасының онтогенезіне сипаттама беріңіз.
- •2. Тыныс алу-зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық
- •3. Вегетативті өсу кезеңіндегі өзекті процестер
- •1.Өсімдіктердің абиотикалық факторлерге төзімділігі.
- •Билет № 23
- •1.Фотосинтездің жарық сатысы.
- •1. Өсімдіктердің дамуына жарықтың және температураның әсері. Фотопериодизм және яровизация.
- •3. Өсімдіктің тыныс алу процесі туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы.
- •Өсімдіктің оқшауланған клеткасының биологиясы.
- •1. Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.
- •2. Қандай өсімдіктер ыстыққа төзімді келеді, оның себептері.
- •3. Өсімдік клеткалық технологияларының бүгіні мен болашағы.
1. Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.
Суы жоқ әбден қурғатқан өсiмдіктің 95% органогенды заттардан турады. Оның iшiнде С - 45%, 02 - 42%, Н2 - 6,5%, N2 -1,5%. Бұл заттар өсiмдiктi жаққан кезде газды қосындылар ретiнде бөлiнiп шығады. Өсiмдiкте синтезделетiн органикалық заттар негiзiнде осы элементтерден тұрады. Сондықтан да оларды органогенды заттар деп атайды. Өсiмдiктiң қалған 5%-i минералды заттардан тұрады, олар өсiмдiк жанған кезде күл күйiнде қалады. Бiрақ күлде кездесетiн заттардың құрамы тұрақты болып келмейдi, олар өсiмдiк құрамында кездесу мөлшерiне қарай бiрнеше топқа бөлiнедi. 1. Макроэлементтер - бұған өсiмдiкте 10%-0,01%-ге дейiн кездесетiн элементтер жатады. Органогендерден басқа /С, 0, Н, N / макроэлементтерге: Si, К, Са, Мg, Fe, P, S жатады. II. Микроэлементтер — бұған жататын элементтер — Мп, В, Zn, АI, Сu, Со, Мо, I т.б., өсiмдiкте 0,001-0,00001 %—ге дейiн кездеседi. III. Ультрамикроэлементер. Бұған Аg, Аu, Rа, Рt, Нg т.б. жатады. Олар бүтiннiң миллионды бөлшегiндей ғана мөлшерде кездеседi.Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізі болды. Бұл теория ғылымда неміс химигі Ю. Либихтың жұмыстары нәтижесінде орнықты. Минералдық қоректену теориясын Ю. Либих 1840 жылы «Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы” деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіндігі белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатындығын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және ішінара органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктер оны қабылдай алатын болады. Өсімдіктер топырақтағы органикалық қосылыстардың кейбір түрлерін ғана қабылдай алады. Сондықтан да өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералдық қоректену деп аталады. Күлдің құрамында кездесетін мөлшеріне қарай элементтерді 3 топқа бөледі. Элементтердің бірінші тобын макроэлементтер деп атайды. Оларға өсімдіктерде проценттің оннан бастап жүзден бір белігіне дейінгі мөлшерде кездесетін злементтер кіреді. Оларға барлық органогендер — С, Н, О, N. сондай-ақ S, К, Са, Мg, nа, Ғе, Р элементтері жатады. Микроэлементтер деп аталатын екінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің мыңнан жүз, мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға Мg, В, Сa, Zп, Ва, Zі, Вг, Со, Мо және т. б. жатады. Ультрамикроэлементтер деп атала-тын үшінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің миллионнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға Сs, Sе, Сd, Нg, Аg, Ru, Ca элементтері жатады
2. Қандай өсімдіктер ыстыққа төзімді келеді, оның себептері.
Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі. Өсімдік организіміне жоғары температураның (ыстықтың ) әсерін зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың 70-жылдарынан –ақ басталған болатын. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әр түрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51 С ыстыққа 10минуттен артық төтеп бере алмайды., бірақ +49+50 С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады. Кейінірек, өсімдіктердің көпшілігі үшін ең жоғарғы температуралық деңгей бұған қарағанда төменірек болатындығы анықталды. Мысалы, картоп өсімдігі 42,5С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы байқалды. Зерттелген өсімдіктерді ыстыққа төзімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:
Көлеңкеде өсетін саумалдық (Oxalis asetosella), шытырлақ (Impatiens parvifora), т.б. –температуралық максимумы+40,5-42.50С.
Су өсімдіктеріне жататын элодея (Elodea callitrichoides)-+38,50С, валлиснерия (Vallisneria)-+41,50С.
Біршама көлеңкелеу жерде өсетін шыршай (Geum urbanum), сүйел шөп (Cyelidonium majus), қырыққұлақтардың, т.б. өсімдіктерде ең жоғары температуралық деңгейі +45-460С шамасында болады.
Ең жоғарғы температуралық деңгейі+480С шамасында болатын қалампыр гүлдерінің біраз түрлері, андыз, т.б. ашық, қуаңшылық аймақтарда өсетін өсімдіктер.
Қоңыржай аймақтарда өсетін (мезофиттер) қара алқа (Solanum nigrum) және сасық мендуана (Datura stramonium)-+49,5 және +470С; қарамықша (Agrostemma githago)+44-450С.
Ыстыққа өте төзімді жасаңшөптер (суккулент) +48,5-54,50С ыстыққа шыдай алады.
