- •1. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
- •2. Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз?
- •3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
- •4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •5. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарның бағыттарын сипатттаңыз.
- •6. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай?
- •8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.
- •9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
- •12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
- •13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •14. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •16.Қаақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
- •17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
- •18. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылырдың ресурстық түрлерін есепке алу әдістерін салыстырыңыз.
- •19.Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.
- •20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
- •22. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау жолдарын атаңыз?
- •23.Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы қандай?
- •24.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктерді сипаттаңыз.
- •25. Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.
- •26. Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.
- •27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
- •28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
- •30.Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
- •32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
- •34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •35. Құртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.
- •36. Қазақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •37. Сусартектес жыртқыштар, олардың биологиясы ж/е экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз:
- •38. Иттектес жыртқыш аңдар, олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз
- •39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
- •40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
- •42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
- •43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының , дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып , атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап ,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
- •45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
- •47. Polygonaceae тұқымдасы Polygonium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз:
- •48. Ranunculaceae тұқымдасы Aconitum туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •49. Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
- •52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
- •54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы , жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз.
- •55. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
- •56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:
- •59. Ресурстық жыртқыш аңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
Қазір Әлемде сүтқоректілердің, әртүрлі мамандардың пікірінше, 19 – 22 отрядқа бірігетін 4 – 5 мыңдай (4745) түрі бар деп есептейді. Біз классикалық көзқарасты қолдай отырып сүтқоректілердің 20 отрядқа, 134 тұқымдасқа, 1026 туысқа бірігетін 4000-4500 түр бар деп санаймыз. Сүтқоректілерді пайдалануға байланысты мынандай ресурстық топтарға бөледі. Олар: 1 – аңшылық ресурстар (бұлар а – кәсіптік жолмен ауланатын және ә – әуесқойлық не спорттық жолмен ауланатын ресурстар деп бөлінеді); 2 – бағалы терісі үшін ауланатын ресурстар; 3 – дәрі–дәрмек алатын ресурстар; 4 – ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстары; 5 – санитарлық-эпидемиологиялық маңызы бар ресурстар; 6 – экологиялық маңызы бар ресурстар және т.т. Аңшылық ресурстар, соның ішінде кәсіптік жолмен ауланатын түрлерге жабайы шошқа, елік, марал, бұлан, құдыр (кабарга), таутеке және бөкен жатады. Бұл түрлерді және басқаларын адам баласы өте ертеден аулап келеді. Бұлар негізінен азық ретінде пайдаланылды. Әртүрлі себептерге (көлемі, етінің дәмділігі, аулауға қолайлылығы және т.т.) байланысты сүтқоректілер омыртқалылардың ішінде бірінші орынға шықты. Қазір әуесқойлық – спортық жолмен аң аулау кең тараған. Бұл жолмен ауланатын ресурстар қатарына – елік, таутеке, жабайы доңыз, марал, құдыр, қоянар (орқоян, аққоян, құмқояны не сұр қоян) жатады. Бұл ресурстық түрлердің де сан мөлшері ауытқып тұрады, деседе әуесқой аңшылардың мұқтажын қанағаттандырады деп ойлаймыз. Бағалы терісі үшін ауланатын сүтқоректілердің ресурстық түрлеріне, негізінен Кеміргіштер (суырлар, сарышұнақтар, ондатр, тиіндер, жұпар, құндыз және т.б) мен Жыртқыштар (қасқыр, түлкі, бұлғын, сусарлар, су күзендері, кәмшат, аю және т.т) ж/е Ескекаяқтылар (Каспий түлені) отрядтарының өкілдері жатады. Аңдардың терілері адам үшін алғашқы киім және алғашқы төсеніш болса, кейіннен басқа заттардың құндылығын есептейтін өлшем болды. Сүтқоректілердің терісінен, алғашқыда жабайы аңдардың, кейіннен үй малдарының терісінен ғасырлар бойы нағыз былғары аяқ – киімдер дайындалды. Деректі құжаттар бойынша 1600 жылдан бері қарай Жер бетінен сүтқоректілердің 36 түрі қайтпасқа кеткен, ал 120-дай түріне жойылып кету қаупы төнуде. Қазіргі Қазақстан территориясынан XIX-ғасырдың 20-жылдары жабайы дала жылқысы-тарпан, 80-жылдары түзат не керқұлан, XX-ғасырдың 30-жылдарында құланның қазақстандық түршесі мен тоғай бұғысы, 1948 жылы (1953 жылы) тұран жолбарысы, ал XX-ғасырдың 60-жылдарында қабылан (гепард) жойылып кетті. Бұлардың бәрі қайта оралмайтын жоғалту, деседе бұлардың кейбіреулерін (мысалы, түзатты, тоғай бұғысын) қайта қалпына келтіруге болады, өйткені олар мекендейтін территориялар әлі де болса сақталған. Ең қиыны жойылып кету қаупында тұрғандарды қалпына келтіру.1966 жылы Халықаралық табиғат қорғау одағының бастамасымен Қызыл кітаптың бірінші басылымы жарық көрді. Онда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің тізімі жарияланды. 1978 жылы Қазақ ССР-ның Қызыл кітабы бекітілді және ол сол жылдың аяғында баспадан шықты. Онда омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршесі, солардың ішінде сүтқоректілердің 31 түрі мен түршесі болды. Соңғы 4 – басылымында (2010) аңдардың 40 түрі мен түршесі тіркелді. Систематикалық тұрғыдан олар былайша орналасты.
