- •1. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
- •2. Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз?
- •3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
- •4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •5. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарның бағыттарын сипатттаңыз.
- •6. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай?
- •8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.
- •9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
- •12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
- •13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •14. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •16.Қаақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
- •17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
- •18. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылырдың ресурстық түрлерін есепке алу әдістерін салыстырыңыз.
- •19.Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.
- •20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
- •22. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау жолдарын атаңыз?
- •23.Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы қандай?
- •24.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктерді сипаттаңыз.
- •25. Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.
- •26. Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.
- •27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
- •28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
- •30.Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
- •32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
- •34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •35. Құртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.
- •36. Қазақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •37. Сусартектес жыртқыштар, олардың биологиясы ж/е экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз:
- •38. Иттектес жыртқыш аңдар, олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз
- •39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
- •40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
- •42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
- •43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының , дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып , атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап ,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
- •45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
- •47. Polygonaceae тұқымдасы Polygonium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз:
- •48. Ranunculaceae тұқымдасы Aconitum туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •49. Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
- •52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
- •54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы , жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз.
- •55. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
- •56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:
- •59. Ресурстық жыртқыш аңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
Шикізаттық өсімдіктер және олардың қауымдары геоботаникалық , систематикалық , экологиялық, фитохимиялық фармокологиялық әдістер негізінде комплекстік зерттеледі. Ресурстанулық зерттеу жұмыстарының геоботаникалық жұмыстардан ерекшелігі ресурстану зерттеу жұмыстары жалпы өсімдіктер жабыны емес, тек қажетті пайдалы өсімдіктерді зерттеуді мақсат етеді. Қазіргі заманда пайдалы өсімдіктер бағалауда картографиялық әдістің перспективасы мол. Өйткені бұл әдіс зерттеу обьектісінің геграфиясын, экологиясын және күйін бағалауға мүмкіншілік береді. Көптеген пайдалы өсімдіктердің топтары зерттегенде оларға қосымша биохимиялықанализ жасалуы мүмкін. Сонымен, ресурстанудың жалпы қабылданған ботаникалық әдістерімен қатар ерекшеліктері бар, ресурстану әдістері пайдаланылады. Ботаник-ресурстанушы систематиканы флораны , геоботаниканы , экологияны , өсімдіктер химиясын интордукцияның ғылыми теориялық негізін білуі және экономикалық түсінігі болуы қажет. Шынын айтқанда ботаника –ресурстанушы шектес ғылым салаларында эрудициясы жоғары болып далалық және лабораториялық зерттеулерді жүргізе алатын әмбебап ғалым болуы қажет.
4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай,Египет,Рим,Греция және Шығыс Арабия тарихына,мәдениетіне тығыз байланысты. Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану,олардың ішінде,әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды.Мысалы,Қазақстанның Оңтүстік аудандарына Иран,Ауғанстан,Үндістан сияқты елдердің әсері бар.Оған қосымша Қазақстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттар да қолданылады.Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді,әсіресе,жүрек-қан тамырлары,өт айдайтын,ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге көңіл бөлінді.
«Ресурстар» деген терминді (өсімдіктер ресурстары емес) пайдалы өсімдіктердің жеке топтарына қатысты пайдалануға болады.Мысалы, «дәрілік өсімдіктер ресурстары». «Ресурс» деген терминді «Қоры» деген түсінікпен шатастыруға болмайды.Яғни, Ресурс, Қоры синонимдер емес. «Ресурс» термині кеңірек,толығыра,ол пайдалы өсімдіктердің сандық және сапалық сипаттамаларын қамтиды.Федоров 1968жылы ботаникалық ресурстану ғылымына кеңірек сипаттама берді.Ботаникалық ресурстану:
1)халық шаруашылығында және медицинада маңызы бар әртүрлі өсімдіктерді тауып айқындайды;
2) өсімдік құрамындағы әртүрлі заттарды,қосылыстарды зерттейді;
3)пайдалы өсімдіктердің табиғаттағы алабын зерттейді;
4)мәденилендірудің биологиялық негізін жасайды.
«Ботаникалық ресурстану» өзінің зерттеулерін әртүрлі деңгейде жүргізеді.Мысалы,молекулалық,ұлпалық,мүшелік,организмдік,популяциялық,түрлік,ценотикалық,биогеографиялық.Молекула деңгейінде ботаникалық ресурстану мәселелері химия және биохимия жәрдемімен шешіледі.Клетка және ұлпа деңгейінде анатомия,гистохимия және эмбриология көмегімен шешіледі.Мүшелер деңгейінде-морфология көмегімен,организм деңгейінде-физиологиялық және өсімдік шаруашылығы туралы ғылымдар көмегімен, популяция деңгейінде-тәжірибелік систематика көмегімен, түрлік деңгейде-систематика және филогения көмегімен, цитогенетикалық деңгейде-фитоценология көмегімен зерттеп шешіледі.
Бұл жоғарыда айтылғандардан «Ботаникалық ресурстануда» өте кең спектрде өте нәзік химиялық анализден жер шары өсімдіктері жамылғысын жинақтап қорытуға дейінгі әдістер және тәсілдер пайдаланатынын айқын көруге болады.
