- •1. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
- •2. Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз?
- •3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
- •4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •5. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарның бағыттарын сипатттаңыз.
- •6. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай?
- •8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.
- •9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
- •12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
- •13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •14. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •16.Қаақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
- •17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
- •18. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылырдың ресурстық түрлерін есепке алу әдістерін салыстырыңыз.
- •19.Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.
- •20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
- •22. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау жолдарын атаңыз?
- •23.Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы қандай?
- •24.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктерді сипаттаңыз.
- •25. Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.
- •26. Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.
- •27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
- •28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
- •30.Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
- •32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
- •34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •35. Құртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.
- •36. Қазақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •37. Сусартектес жыртқыштар, олардың биологиясы ж/е экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз:
- •38. Иттектес жыртқыш аңдар, олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз
- •39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
- •40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
- •42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
- •43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының , дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып , атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап ,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
- •45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
- •47. Polygonaceae тұқымдасы Polygonium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз:
- •48. Ranunculaceae тұқымдасы Aconitum туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •49. Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
- •52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
- •54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы , жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз.
- •55. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
- •56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:
- •59. Ресурстық жыртқыш аңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
Қазақстанда Балықтәрізділер мен Балықтардың 151 түрі кездеседі. Балықтәрізділерден Дөңгелекауыздылар класына жататын Миногатәрізділер отрядының 2 тұқымдасының 3 түрі – Каспий миногасы, Қиыр-шығыс миногасы және Сібір миногасы мекендейді. Бұл балықтәрізілердің кәсіптік маңызы жоқ, бір түрі-Кспий миногасы ҚР қызыл кітабына (2010) тіркелсе, қалғн екеуі жайында мәліметтер шамалы, жоқтың қасы. Бұлар аквалды экожүйелерде балық шаруашылығына зиян тигізетін нысандар болып саналады. Каспий теңізінің ихтиофаунасы 97 түр мен түршелерден тұрады. Оның Қазақстандық бөлімінде кезінде кәсіптік маңызы бар түрлерге қортпа (белуга), бекіре, шоқыр (севрюга), ақбалық (белорыбица), майшабақтар, каспий албырты, торта (вобла), көксерке (судак), тырн (лещ), т.б. Каспий теңізінің экологиялық жағдайының нашарлауы (мұнай өнімдерінің қалдықтары, су ағынын реттеу және т.т.) көптеген балықтардың жойылуына, санының азаюына алып келді және көптеген түрлері кәсіптік маңызын жоғалтты. Балқаш-Іле суалабы ихтиофаунаға аса бай емес, бар-жоғы 20-30 түр белгілі Кәсіптік жолмен ауланатын . негізгі балық –сазан мен жайын. Кезінде Балқаш қарабалығы (маринка) мен Балқаш алабұғасы көптен ауланған. Солтүстік Қазақстанның көптеген көлдері мен өзендеріне алабұға, шортан, таутан (ерш), мөңке, оңғақ, аққайран, торта ауланған. Сонымен Қазақстан балықтарының басым түрлері кәсіптік жолмен ауланбайтындар болып табылады. Қазақстан Республикасының соңғы редакциямен жарық көрген соңғы Қызыл кітабына (2010) балықтарың 18 түрі мен түршесі тіркелген. Қызыл кітапқа енген түрлерді сақтап қалу үшін суқоймаларында мелиорация жұмыстары жүргізіледі, балық қорғау жұмыстары атқарылады, қолан өсіріліп, табиғи ортаға жіберіледі, сирек кездесетін балықтар мекендейтін суқоймалары ерекше қорғауға алынаы және ол жерлерде түрлі санаттағы резерваттар мен қорықтар, қорықшалар ұйымдастырылады.
13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
2.Балықтардың адам өмірінде ас ретінде маңызды орын алатыны белгілі. Ол организмді белокпен қамтамасыз етеді. Майынан дәрі-дәрмек жасалады. Терісінен әдемі былғары-замша-дайындалады, эстетикалық маңызы өз алдына бір бөлек. Бірқатар елдердің тұрғындарының азық құрамына балық өнімдерінің алтын орны 17%-дан 83%-ға дейін жетеді. Әлемдік мұхит пен континенталды суқоймаларында мекендейтін 27 мыңдай балық түрінің Әлемдік коммерциялық аулаудың нысаны ретінде тек 12 түрі болып қана табылады. Мысалы, майшабақтәрізділер (майшабақтар, сардиналар) аулаудың 33%-ын, трескатәрізділер 11%-ын, скумбриятектестер (скумбрия, тунец) - 7%-ын және камбалатәрізділер 3%-ын ғана құрайды.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда Балықтәрізділер мен Балықтардың 151 түрі кездеседі. Қазақстанның әртүрлі суқоймаларында Балықтар класүстіне жататын Сүйекті балықтардың (шеміршекті балықтар жоқ) соңғы деректер бойынша 148 түрі кездеседі. Олар 16 отрядқа, 22 тұқымдасқа, 81 туысқа бірігеді. Бұлардың 124 түрі аборигендер, ал 24 түрі-акклиматизанттар немесе кездейсоқ келген түрлер болып табылады
Балықтарды: 1-кәсіптік жолмен ауланатын балықтар және 2- кіші (құнсыз-частиковые) балықтар деп бөліп қарастырады.Ресурстық түрлері. Ал ресурстар бойынша олар 3 топқа бөлінеді: 1-кәсіптік жолмен ауланатын ресурстар; 2-спорттық жолмен ауланатын ресурстар және – әуесқойлық жолмен ауланатын балықтар ресурстары. Жоғарыда айтылған 16 отрядтың 10 отрядына (Бекіретәрізділер, Майшабақтәрізділер, Албырттәрізділер, Шортантәрізділер. Тұқытәрізділер, Жайынтәрізділер, Трескатәрізділер, Кефалтәрізділер, Алабұғатәрізділер және Камбалатәрізділер) жататын өкілері кәсіптік, спорттық және әуесқойлық жолмен ауланады. Деседе Қазақстан суқоймаларында кең тарағандар Тұқытәрізділер мен Алабұғатәрізділер. Олардың түрлік құрамы: біріншісі 42,4%, ал екіншісі- 25,2% алады.
Каспий теңізінің ихтиофаунасы 97 түр мен түршелерден тұрады. Оның Қазақстандық бөлімінде кезінде кәсіптік маңызы бар түрлерге қортпа (белуга), бекіре, шоқыр (севрюга), ақбалық (белорыбица), майшабақтар, каспий албырты, торта (вобла), көксерке (судак), тырн (лещ), сазан, ақмарқа (жерех) және т.б. жатқан еді. Каспий теңізінің экологиялық жағдайының нашарлауы (мұнай өнімдерінің қалдықтары, су ағынын реттеу және т.т.) көптеген балықтардың жойылуына, санының азаюына алып келді және көптеген түрлері кәсіптік маңызын жоғалтты. Нәтижесінде қазіргі кезде кәсіптік аулауда майда (частиковые) құнсыз балықтар килькалар ауланады, ал бекіретәрізділер мен майшабақтардың үлесі өте төмендеді. Мысалы, 1964 жылы 1940 жылмен салыстырғанда бекіре балықтарын аулау мөлшері 3 есе, ал майшбақтар 14 есе кемісе, килькалар мен тюлькалардың үлесі, керісінше, 32 есе артты. Қазір балық аулау мөлшері жылдан-жылға төмендеуде. Тіпті барлық бекіре балықтарын аулауға Қазақстан Үкіметі 2013 жылдан бастап мораторий жариялады.
Қазақстан суқоймаларынан жылма-жыл 80 мың тн-дай балық ауланады. Ең көп ауланатындар –тұқытәрізділер отрядының өкілдері, олардың үлесі барлық аулаудың 80%-н алады. Екінші орынды қорының көптігі бойынша майшабақтәрізділердің өкілдері алады. Олар тек Каспий теңізінен ауланған. Жылдық аулау үлесі 45 мың тн-ға дейін жеткен. Қазір теңізде балық аулау қысқарғандықтан жылына бірнеше тн-сы ғана ауланады. Үшінші орында алабұғатәрізділердің өкілі көксерке алады. Республика бойынша жылма-жыл 4-8 мың тн ауланады. Балқаш алабұғасы да кәсіптік жолмен ұсталады. Ал төртінші орында–жайын. Республика бойынша 2,5-4 мың тн жайын дайындалады. Негізінен ол Каспий-Жайық және Балқаш суалабтарына ауланады. Дегенменде Республикамыздың суқоймаларында жылма-жыл балық аулау мөлшері өзгеріп тұратыны белгілі және ол облыстар бойынша да ауытқып тұрады
Қазақстанның көптеген балық аулайтын суқоймаларында болашақта балық аулауды дамытудың үлкен потенциалы бар, ол үшін балық аулау квотасы мен нормасын (мөлшерін) дұрыс бөлу керек. Балық ұнынан толық құнды құрамажем өндіру үшін құнсыз балықтарды аулауды арттыруға болады. Құнсыз балықтарды аулау үлесін арттыру болашақта құнды балықтар түрлерінің үлесінің өсуіне алып келеді. Кез-келген жағдайда бұл Қазақстанның балық аулайтын аудандарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Қорғау шараларыҚазақстан Республикасының соңғы редакциямен жарық көрген соңғы Қызыл кітабына (2010) балықтарың 18 түрі мен түршесі тіркелген. Бұл балықтардың басым көпшілігі (7) Арал-Сырдария бассейнінде, 5 түрі –Каспийде, 4 түрі – Балқаш-Алакөл бассейнінде, 3 түрі – Ертіс бассейнінде және 2 түрі – шу бассейнінде мекендеген. Сирек түрлердің көпшілігі экологиялық жағдайлары нашар аудандарда тараған. Өйткені мекендеу ортасы бұзылған. Алматы облысының Қызыл кітабына (2006) балықтардың 9 түрі: мекіре (щип), арал қаязы (аральский усач), балқаш алабұғасы, балқаш қарабалығы (балхашская маринка), көкбас (илийская мринка), Северцов талмабалығы (голец Северцова), біртүсті талмаблық (одноцветный губач), балқаш гольяны, жетісу талмабалығы (семиреченский гольян) енгізілген.
Қызыл кітап бетіне тіркелген түрлердің 44,4 % -қауыпты жағдайда тұрғандар (8), 33,3 % -осал түрлер (6), 16,7 %- жойылып кету қаупы төнгендер (3), ал 5,6% тылсым табиғаттан жойылып кеткендер (1) болып табылады. Ақбалық соңғы деректер бойынша Қазақстан суқоймаларынан жойылып кеткен. Қызыл кітапқа енген түрлерді сақтап қалу үшін суқоймаларында мелиорация жұмыстары жүргізіледі, балық қорғау жұмыстары атқарылады, қолан өсіріліп, табиғи ортаға жіберіледі, сирек кездесетін балықтар мекендейтін суқоймалары ерекше қорғауға алынаы және ол жерлерде түрлі санаттағы резерваттар мен қорықтар, қорықшалар ұйымдастырылады. Мысалы, әр жылдары ашылған Алакөл, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорықтары, 2009 жылы Жайық өзенінің атырауында ұйымдастырылған «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты және т.б. эволюциясы 200 млн жылға созылған балықтарды болашақ ұрпақтар үшін сақтап қалуға мүмкінік береді деп ойлаймыз.
