- •1. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі.
- •2. Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз?
- •3. Өсімдіктер әлемі ресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін сипаттағыз
- •4.Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудің деңгейлері қандай?
- •5. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарның бағыттарын сипатттаңыз.
- •6. Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай?
- •8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.
- •9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
- •12. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
- •13. Су омыртқалалары –балықтардың ресурстық түрлері және олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •14. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •15. Ресурстық маңызы барбауырымен жорғалаушылыр, жыландарды мысалға алып олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
- •16.Қаақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
- •17. Қазақстан сүтқоректілері, олардың ресурстық топтары, қорын тиімді пайдалану мен қорғау шаралары:
- •18. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылырдың ресурстық түрлерін есепке алу әдістерін салыстырыңыз.
- •19.Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.
- •20.Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.
- •22. Дәрілік өсімдіктер шикізатын дайындау жолдарын атаңыз?
- •23.Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы қандай?
- •24.Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктерді сипаттаңыз.
- •25. Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.
- •26. Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.
- •27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
- •28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
- •30.Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
- •32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
- •34.Қырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •35. Құртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы.
- •36. Қазақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •37. Сусартектес жыртқыштар, олардың биологиясы ж/е экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз:
- •38. Иттектес жыртқыш аңдар, олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз
- •39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
- •40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
- •41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
- •42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
- •43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының , дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып , атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап ,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
- •45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
- •47. Polygonaceae тұқымдасы Polygonium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз:
- •48. Ranunculaceae тұқымдасы Aconitum туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •49. Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.
- •50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
- •51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
- •52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?
- •54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы , жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз.
- •55. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
- •56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:
- •59. Ресурстық жыртқыш аңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
- •60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.
28. Жаңа дәрілік өсімдіктерді жүйелі зерттеуге қажетті мәліметтерді сипаттаңыз.
Дәрілік өсімдіктер дамуының қазіргі кездегі сатысында зерттеудің бағытын жаңа әсерлі де маңызды дәрілік түрлерді зерттеу мен табуға бағыттау керек. Ғалымдардың зерттеулерінде бірнеше әдістер қолданылады. Халық медицинасының тәжірибесін кеңінен зерттеу.Қазіргі ғылыми медицинада қолданылып жүрген барлық өсімдіктер дерлік халық медицинасынан алынғандар. Халық медицинасында қолданылып жүрген өсімдіктерге ерекше мән берудің жаңа болашағы бар өсімдіктерді іздеуде әсері зор. Халық медицинасының өсімдіктерін зерттеудің алғашқы сатыларына жататындар: а) арнайы немесе жолай экспедицияларды пайдаланып (этнографиялық) халықтан сұрастыру, өсімдіктер жайында білетіндермен танысу, үлгілерін алу арқылы мәліметтер жинау; б) әдеби мәліметтер жинау үшін корреспонденттік жүйе ұйымдастыру. Алдымен зерттелінетін өсімдіктің емдік көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе биологиялық) зерттеу мәліметтердің дұрыстығын растайтын болса, онда ары қарай өсімдікке фармакогностикалық (ең алдымен фитохимиялық), технологиялық (жеке қосылыстарды бөліп қарау немесе препарат қосылыстарын табу), фармакологиялық (табылған препараттардың негізінде терең зерттеу) ең соңынан клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді терең зерттеу. Осындай қазіргі ғылыми деңгейдежүргізілген жәнеөсімдіктің химиялық құрамы туралы түсінікті тереңірек дамытатын зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген өсімдіктердің қолдану аймақтарын өзгертіп отырады. Бұл қадамға ғалымдарды халық медицинасының мәліметтері итермелейді, бұл өсімдіктер өз кезінде ғылыми медицинада қолданылған бертін келе ұмыт бола бастаған болуы мүмкін. Мысалы, МФ II (1871) сүйелшөп шөбі, авран шөбі, мелиса жапырақтары мен қара қарақат жапырақтары және сабыншөптің тамырлары ресми түрде қолданылған. Қазіргі кезде олардың көбісі Мемлекеттік реестрге қайта енгізілді.
Филогенетикалық әдіс.Бұрыннан белгілі болғандайботаникалық жағынан туыстас өсімдіктер химиялық құрамы жөнінен ұқсас болады да ұқсас фармакологиялық әсер көрсетеді. Бұндай биологиялық заңдылықтар жаңа дәрілік өсімдікті іздеудегі жұмыстарды мақсатты әрекеттерге бағыттап, еңбекті нәтижелі етуге көмектеседі. Отандық ғалымдар өсімдіктерді зерттеу барысында өсімдіктердің систематикалық жағдайы мен олардың химиялық құрамы арасындағы байланыстар мәселесіне көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл мәселелерді зерттеу барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Мұнда хемотоксономиялық заңдылықтардан басқа өсімдіктердің биохимиялық белгілері мен филогенетикалық қатынастары арасындағы толық параллелизмнің болмауы көрініс табады. Бұдан басқа химиялық конвергенция құбылысы, яғни филогенетикалық байланысы жоқ әртүрлі топ өсімдіктерінде ұқсас заттардың болуы да байқалады. Көптеген шикізат көздерінде күннен күнге өсіп отырған қажеттіліктердің артуы ресми түрге енгізілген кейбір өсімдіктерді ғана дайындаумен шектелуге байланысты болып отыр. Мұндай амалдар дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына кедергі жасайды. Филогенетикалық әдісті пайдаланып жақын туыстарды зерттей отыра өсімдік шикізаттарының түр құрамын кеңейте түсу керек. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерінің түр құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін экспериментальдық мәліметтер бар, мысалыға жалынгүл түрлерін, сасықшөп, шәйқурай, термопсис, жөке және басқа да түрлерді. Әсіресе, Орта Азиядағы мемлекеттер мен Қазақстанда, Қиыр Шығыс флорасында қабылданған дәрілік өсімдіктер өспейтін, ал оған жақын түрлер өсетін елдерде бұл мәселелер маңызды орын алады.
«Елеу» әдісі.Бұл әдіс белгілі бір ауданда немесе жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді жаппай дала жағдайындағы фитохимиялық талдау арқылы негізгі биологиялық белсенді заттарды анықтауда қолданылады. Болжам бойынша мұндай зерттеу барысында яғни, «аналитикалық елеуден өткізілген» өсімдіктерден болашағы зор алкалоидты, жүрек гликозидті, сапонинді, эфир майлы және басқа да белсенді заттар табылады.«Елеу» әдісі бір кездері өте танымал әдіс деп табылып, көптеген экспедициялар зерттеуге шығып отырған. Бұл әдіс болашақта өсімдіктерді іздеуде белгілі бір кезеңде маңызды орын алған. Дегенмен бұл әдіс көп еңбекті қажет ететін, қымбат әрі эмпирикалық ретінде күрделі. Қазіргі кезде экспедициялар халық медицинасында кең қолданылатын белгілі бір түрге жататын және де өзінен көп үміт күттіретін түрлерді ғана жинайды. ТМД елдерінің медицина тәжірибесіндегі өсімдіктерден басқа фармакогностар шығыс медицинасына да көптеген қызығушылықтар танытады. Тарихи кейбір жағдайларға байланысты бұрынғы атақты шығыс медициналық жүйесінің ерекше іздері қалды: Орта Азия мен Кавказда – ежелгі араб медицинасының, Бурятияда – тибеттік, Қиыр шығыста – қытайлық және т.б.
29. Қазақстан ботаниктері ресурстанушылардың алдына қойған міндеттері қандай?
Ресурстану ботаника ғылымының жас бір саласы.Қазақстандағы ресурстану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, профессор Кукенов ойынша, Қазақстандағы ботаник ресурстанушылардың алдында болашақта мынадай міндет тұр:
Қазақстан және оның жеке региондарының флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін зерттеуді жалғастыра беру;
Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктің ресурстық сипатамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болу керек:
1. Экологиялық-фитоценотикалық;
2.Фитохимиялық ерекшеліктері;
3.Ресурстық көрсеткіштері;
4.Экономикалық бағасы;
5.Пайдасының тиімділігі;
3. Жоғарыды келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамызда бар өсімдіктің ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.
4. Республикамызда бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау;
5. Біріңғай ғылыми өндірістік орталық құру;
6. Шикізатты жинау кептіру және сапасына қойылатын талаптар туралы жасалған барлық инструкцияның қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.
Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жиілеу және бқрын зерттелген өсімдіктерді сын көзбен қарау.
Шаруашылық үшін бағалы қасиеттрі және емдік қасиеттері бар перспективті өсімдіктердің тереңірек зерттелуі.
Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктерді терең жетілдіру жұмысын күшейту.
