Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.

Бұршақтар, Fabaceae тұқымдасын кей кездері Leguminaceae деп те атайды.Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор.Олар азықтық,жем-шөптік,бал жинайтын,сәндік,дәрі-дәрмектік,т.б. өсімдіктердің топтарын құрайды.Бұршақтар тұқымдасының азықтық,жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алкалоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка — Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет — Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.Негізгі өмірлік формалары:ағаштар,бұталар,көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай,тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан,ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі.Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор.Мысалы,олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады.Бұршақтар тұқымдасының 120мыңдай түрі бар (490 туысы бар,олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Жоңышқа латынша атауы «Trifolium» -үш жапырақ дегенді білдіреді.300-ге жуық түрі белгілі.Жапырағы үш құлақты,ұзынша келген.Гүлшоғыры-көп гүлді шашақ.Жемісі-көптұқымды бұршақ.Жоңышқа-республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл.Малға пішен,балғын көк майса,кептіріліп ұнтақталған,сүрлем күйінде беріледі.Ылғал және жылу сүйгіш дақыл.Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді.Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады.Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса,жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жапырақтарын қолданады.Жаз бойы гүлдейді.Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары,оны суық тигенде,өкпе ауруына,қан тазалауға,қан аздыққа,безгек ауруларына қарсы қолданады.

51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.

Албырт балық тәрізділер (Salmoniformes) - сүйекті балықтар отряды. Ұзындығы 2,5 мм-ден 1,5 м дейін. Дене скелеті және бас сүйегі толық сүйектенбеген. Жоғарғы жақ сүйектерінің шеті, жоғарғы жақ сүйектері және алдыңғы сүйектерінен құралған. Ашық торсылдақтылар. жүзбеқанаттары тікенексіз. Құрсақ жүзбеқанаттары 7-15 сәуледен құралған, арқа қанаты жалғыз, оның соңында көптеген түрлерінің майлы жүзбеқанаттары болады. Қабыршақтары циклоид типтес. Бүйір сызықтары жақсы жетілген. Албырт балықтардың 27 тұқымдастары белгілі; олардың арасында албырт балықтар тұқымдасы, ақсахалар, қараауыздылар, корюшкала сланксалар, күмістілер, шортандар, умбриелар, даллилер, галаксиелер, гоностомалар, жылтырбастылар т.б. бар. Тұщы су, өткінші теңіз жағалауы және терең Су балықтары. Әлемдік мұхиттың солтүстік және оңтүстік жарты шарларының салқын, қоңыржай және тропикалық суларын мекендейді. ТМД-ның тұщы Сулары мен теңіз жағалауларында 16 тұқымдастары таралған. Албырттар, ақсақалар, қараауыздылар, корюшкалар, сланксалар; Охот және Беренгов теңіздерінде, Тынық мұхитта жағалауын мекендейді, Камчатка мен Куриль аралдары жағалауларында, үлкен терендікте Bathylagidae, Stomiatidae және жылтырбас тұқымдастары таралған. Албырт балықтәрізділер кәсіпшілік, қолдан өсіру және қорғау, жерсіндіру, көбейту және спорттық аулаудың маңызды балық түрлері болып саналады  Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті –шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған ( бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері) , ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре ) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре , шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте ; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]