Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

56. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.

Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Систематика:

Патшалық: Хайуанаттар

Тип:Хордалы

Класс:Құстар

Отряд:Тауықтәрізді

Тұқымдас:

Большеноги (Megapodiidae)

Краксы (Cracidae)

Зубчатоклювые куропатки (Odontophoridae)

Фазановые (Phasianidae)

Цесарковые (Numididae)

57. Ресурстық сұңқартәрізді құстардың систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап, салыстырыңыз:

Тип: Chordata – Хордалы;

Класс:Aves – Құстар;

Отряд: Falconiformes – Сұңқартәрізділер;

1 – тұқымдас: Accipitridae – Қырантектестер;

Туыс: Aquila – Қырандар;

Түрлер: Aquila chrysaetos L – Бүркіт;

Aquila rapax Т – Дала қыраны;

2 – тұқымдас: Falconidae – Сұңқартектестер;

Туыс: Falco – Сұңқарлар;

Түрлері: Falco pelegrinoides Т – Бидайық;

Falco cherrug G – Ителгі;

Сұңқартәрізділер (Falconiformes) – құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран), 14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене сұңқартәрізділердің (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір Жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын) айқын көрінеді. Сұңқартәрізділердің қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен моногамды (басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақ арасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1 – 3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4 – 7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да бірігіп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы Жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Aquila chrysaetos – Бүркіт;

Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ерекше ғажабы — қыран бүркіт. Ол — қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды мекендейтін халықтар ежелдеи бүркіт салып, аң аулайды. Ең алдымен бүркітші бүркіттің балапанын ұядан алады. Мұмын өзі өте қауіпті кәсіп. Өйткені, бүркіт өзінің ұясын жан аяқ баспайтын қия жартасқа салады және аталық (шәулі) бүркіт пен ұябасар бүркіт өз балапандарын жанын сала қорғайды. Бүркіт еліміздің оңтүстігіндегі адам аяғы баспаған, ешкім аспаған мұзарт шыңдар мен қия жартастарды мекендейді. Олар Сібірдің ит тұмсығы өтпейтін қалың ормалдарында, сондай-ақ еліміздің Европалық бөлігіндегі ормандарда да кездеседі. Ормандағы бүркіттер елден, жолдап аулақ алыс түкпірлердегі кәрі ағаштың ұшар басына ұя салады. Өздері өте сақ. Адам көзіне сирек шалынады. Тек күздігүні балапандары есейігенде ғана бүркіт ұясымсн топтанып, шырқау биікте қалықтап жүреді.Күн суығанда бүркіттер ұясынан алыс жақа сапар шегеді. Жас бүркіттер қыста қоныс аударған жаңа жерге тұрақтанып, келесі суық түскенге дейін осы өңірді мекен етеді.

58. Ресурстық қоянтәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз

Қоянтәрізділер (лат. Lagomorpha) – сүтқоректілер класының бір отряд. Бұларды 20 ғасырдың ортасына дейін жұп күрек тістілер отряд тармағына жатқызып келді. Қоянтәрізділердің кеміргіштермен ұқсастығы дивергенция емес, керісінше конвергенция процесімен түсіндіріледі. Бұлар бор кезеңнің аяғында қарапайым жәндік қоректілерден пайда болған. Ең көне қазба қалдықтары жоғары палеоцен қабатынан табылған. Жер шарында кең таралған, тек Антарктидада, Оңтүстік Америкада, Мадагаскар аралында кездеспейді. Ал Австралия, Жаңа Зеландия аралдарында жерсіндірілген. Арктика тундрадан тропиктік ормандар мен шөлді аймақтарға дейінгі жерлерде, тіпті тауда альпі белдеулерінде тіршілік етеді. 4 тұқымдасы 65-тен астам түрі белгілі. Маусымдық түлеуі (жүнінің түсі өзгеріп отырады) көп түрлеріне тән қасиет. Үстіңгі жағында екі жұп күрек тістері болады, алдыңғы күрек тістері өте үлкен, өткір қашау тәрізді. Күрек тістері мен азу тістері нің аралығында тісі болмайтын жері диастема деп аталады. Ерекшелігі – соқыршегі спираль тәрізді қатпарланып жатады. Жылына 2 – 5 рет 2 – 8 көжек туады. Шөп, ағаштың қабығымен, бүршігімен, бұтағымен қоректенеді. Қоянтәрізділердің кәсіптік маңызы зор (терісі, жүні, түбіті, еті пайдаланылады). Кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, орманға зиян келтіреді. Сондай-ақ, ауру (туляремия, т.б.) да таратады. Өте өсімтал, сондықтан тым көбейіп кеткен жылдары жоспарлы түрде ауланады. Қазақстанда Қоянтәрізділердің 2 тұқымдасы: қоян (Leporіdae) және шақылдақ бар. Қоянның дене тұрқы 75 см-дей. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан едәуір ұзын. Құйрығы қысқа, құлағы ұзын болады. Қазақстанда қоян тұқымдасының 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) мекен етеді. Ақ қоян негізінен қалың қар түсетін орманды жерлерде тіршілік етеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі. Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Басқа қояндардан ерекшелігі құлақ қалқанының ұшы қара, құйрығы дөңгеленген қысқа болады. Жылына, ақпан – маусым айларында 2 – 3 рет көбейеді, 3 – 10 көжек туады. Жазда шөптесін өсімдіктермен, бұталармен, ағаштармен қоректенеді, ал күз, қыс айларында ағаш бұталары мен қабықтарын кеміреді. Ақ қоян туляремия ауруын таратуы мүмкін. Ағаштардың қабығын кеміріп, орман шаруашылығына аздап зиянын тигізеді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]