Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

8. Академик н.В.Павлов, проф. В.П.Михайлова және м.Қ. Кукеновтың ғылымдағы орны және негізгі еңбектері.

Академик Николай Васильевич Павлов Қазақстандағы ботаниктер мектебінің негізін қалаған және ұйымдастырған. Ботаника институның біріншы директоры Павлов 1893жылы 23 мамырда Санкт-Петербургте қызметкердің жанұясында өмірге келген. 1917 жылдан бастап Павлов КСРО территорияларында ұйымдастырылған әртүрлі 32 экспедициялардың жұмысына қатысты және басшылық етті. Н.В.Павлов өзінің ғылымдағы өмірінің көп бөлігін Қазақстанда өткізді. Н.В.Павлов өте жақсы флорист, мықты ботаник-географ және білімді ресурстанушы еді. Қазақстанда жабайы өсетін пайдалы өсімдіктер систематикасын зерттеді. Соның нәтижесінде үлкен «Растительные ресурсы Южного Казахстана» (1947) деген монографиясы жарияланды. Павлов құрамында илік заттары бар өсімдіктерді зерттеуге өте көп көңіл бөлді. 1947жылы «Растительные сырье Казахстана» деген монографиясы жарық көрді. Академик Павлов жетекшісімен мәңгілік өте бағалы 9 томдық «Флора Казахстана» еңбегі құрастырылды. Сонымен қатар 700 беттік «Ботаническое география СССР» деген кітабын жазды. Ол ғылымда бірінші рет екі жаңа туысты және 150 жуық өсімдік түрлерінің систематикасын берді.

В.П.Михайлова – академик Павловтың өте жақын шәкірттерінің бірі. 1912жылы Кострома қаласында туған. В.П.Михайлова 20жыл шамасында лабораторияның меңгерушісі болды. Соғыс кезінде Михайлова илік затты өсімдіктерді зерттеу үшін Іле Алатауына, Қаратауға, Балқаш өңіріне экспедицияға шықты. 1904жылы Михайлова «Промышленная дубильные растения Заилийского Алатау» деген тақырыпта кандидаттық десертация қорғады. 1968жылы Михайлованың жұмыстарының гәтижесінде «Дубильные растения флоры Казахстана и их освоение» деген монография жазды. В.П.Михайлова Қазақстанда мияны жан-жақты зерттеудің басшысы болды.

М.Қ.Кукенов - В.П.Михайлованың шәкірттерінің бірі. 1940жылы туған. Ол «Ботаникалық ресурстану» ғылымының негізін қалаушылардың бірі. М.Қ.Кукенов шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің ғылыми – теориялық негізін, шаруашылықтағы игерудің негізін жасады. Кукенов 180-нен астам еңбек жазды, оның ішінде «Флавоноидсодержащие растения Юго-Востока Казахстана» (1984), «Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь-Шаня» (1989) деген монографиялары және «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» (1999) деген оқулығы бар.

9. Дәрілік өсімдіктерді зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.

Дәрілік өсімдіктер  – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді.

Мыңдаған жылдар бойы адамның түрлі ауруымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Қазақстан дәріханаларында сатылатын қымбат дәрілердің 90%-ы шет елдердн әкелінген. Өзіміздегі фармацевтиканы дамыту үшін әрине көп уақыт және өте көп қаражат керек.

Дәрілік өсімдіктерді зерттеу мақсаты мен міндеттеріне келер болсақ – ол биологиялық білім саласындағы білімнің қазіргі замандағы жағдайын көрсету, негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдаланумен таныстыру.

Ерте замандағы жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине шипалық қаиеті бар өсімдіктерде болған. Ол туралы әдебетте мәліметтер жеткілікті.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы: Жапонияда 1974 тен 1989ж-ға дейінгі 15 жылдың ішінде ситетикалық жолмен алынған дәрілерлі сатып ал 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілерді алу 15 жылға өсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]