Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bioresurs_emtikhan_tolyk_zhauaptary_Baymurat_Mo...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

32. Қазақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?

Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды. Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Дәрілік шикізатын дайындауда1963 жылы Ташкент серпентарийі үшін Шу-Іле өзендерінің аралығында және Іле өзенінің жағалауынан 30 мың дала сұржыланы ауланды. Іле өзенінің бойынан 4-5 адам күніне 900-1000 жылан ұсталды. 1962-1963 жылы маусым-шілде айларында Отар стансасынан 1000-нан аса сұр жылан ауланғаны белгілі (Богданов, 1965). Бұл цифрлар шындыққа жата ма, жоқ па, белгісіз? Қазір бұл жерде жыландардың санының азаюына байланысты дайындалмайды. Осындай уы үшін ауланатын екінші жылан – бозжылан Барсакелмес аралынан да ауланды. Соңғы кезде улы жыландарға, соның ішінде дала сұржыланы мен бозша жыланға деген сұраныс көбейе бастады. 1985 жылы Охотзоопром өзінің серпентарийін ашты және 3 жылдың ішінде 400 бозша жылан ауланды. 1991 жылы бозша жыланға қажеттілік 400 бас, ал 1992-1993 жылдары – 900 –ге жетті. 1988 жылы 100 дала сұржыланы ұсталды, ал 1992 және 1993 жылдары қажеттілік – 1600 данаға жетті. Өкінішке орай, Қазақстанда улы жыландарға санақ жұмыстары жүргізілмейді және олардың ресурстары жайында деректер жоқ. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: Соқырлар тұқымдасы (1 түрі), Айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі), Сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі), Сұржыландар (2 түрі), Бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.

33. Сүңгуір үйректер , олардың биологиясы мен экологиясы ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіру Сүңгуір үйректер (лат. Aythya) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржайжәне суық белдемдерін мекендейтін 7 түрі бар. Қазақстанда 4 түр 1алакөз сүңгуір үйрек. (A. nyroca) – Зайсанда, Іле – Шу атырабында, Сырдария өзендерінің аңғарларында; 2көк сүңгуір үйрек (A. ferina) (дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 0,7 – 1,1 кг, қоразының басы және мойны жирен, арқасы көгілдір сұр түсті) негізінен республикамыздың солтүстік бөлігінде, Алакөл ойысында; 3.айдарлы сүңгуір үйрек (A. fuligula) – Қазақстанның солтүстігінен оңтүстік-шығысына дейінгі жерлерде; 4.теңіз сүңгуір үйрек (A. marila) кездеседі.

Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері жәнеомыртқасыздармен қоректенеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланады.

Сүңгуір үйректер - су кұстарының туыс тобы, үйрек тұқымдастарына жатады. Артқы саусақтарында тері қалақтары болады, үйректің сүңгуіне мүмкіндік береді. Қызыл сүңгуір, қара тұрпаң кең таралған.

Бұл үйректердің көпшілік түрлері солтүстік ендікте тараған. Өзен үйректерінен бұлардың өзгешелігі суы терең, өсімдігі азырақ суларда, теңіздерде көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы да жақсы сүңгіп, күндіз коректенеді. Қоректерін судың терең жерінен іздейді. Су ішінде тез қоғалып жүретін ұсақ жануарларды ұстап жейді.

Ұяларын салғанда сүңгуірлердің бірнешеуі бірігіп жерге, кейбір түрлері (гогольдер) ағаштардың қуысына салады. Қыс-таған және түлеген кезде бірнешеуі бірігіп топталып жүреді. Еті кәдімгі үйректердің етінен қатты, нашар исі болса да, олардың көпшілігінін, кәсіптік маңызы бар.

Кейбірсүсүңгуір үйректердің терісі қалың болады. Ондай құстардың қауырсыны мен терісін сылып алып, илеп, түрлі киімдер — бас киім, муфта тігеді. Олар әрі жеңіл, әрі жылы болады. Үйректердің жұмыртқасын пайдалану ертеден келе жатыр. Бірақ, бұл кәсіптік құстардың азайып кетуіне себеп болады Сүңгуір үйректердің аулау кәсібін өркендету үшін, оларды аулау ғана емес көбейту шаралары да қолданылады. Сондықтан да, оларды жыл маусымының белгілі бір уақытында ғана аулап, көбею ке-зінде жылдың басқа маусымдарында аулауға тыйым салынады.

Үйректерді Ауылшаруашылығы құстарына жатқызуға да болды.. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін үйректердің мәні зор, . Үйректер өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түсед

. Үйрек қолға үйретілген құстарға жатады. Үйрек төзімді құстар қатарына жататындықтан, тақтайдан тығыз етіп жасалған қоралар олар үшін әрі арзан әрі қолайлы болып саналады. Оның едені жерден сәл жоғары етіп жасалуы керек. Әрбір қораны екіге бөлген тиімді болар еді: біріншісін - үлкендеу етіп демалыс пен серуендеу үшін, екіншісін - кішілеу әрі аздап қараңғылау етіп құстардың дамылдап отыруы мен жұмыртқа салуы үшін. Үйрек өсірудегі ең маңызды нәрсе таза төсеніш пен міндетті түрде ауаны желдетіп тұру болып табылады.Әрбір құстың ұясын жасанды түрде бір-бірінен бөлек ету үшін шөп, сабан, қурай, құрақ сынды немесе басқа да шөптермен жауып немесе қоршап қою керек. Үйрекшаруашылығы Үйрек шаруашылығы - ет өндіру үшін үйрек өсіретін құс шаруашылығының бір саласы. Қазақстанда үйрек шаруашылығын құру 1960-1970 жылдары Қытай мен Англиядан Пекин үйрегін әкелуден басталды. Солардың негізінде Қазақ аймақтық құс шаруашылығы тәжірибе станциясы жоғары өнімді "Медеу" атты үйрек шығарумен тікелей айналысты. Бұл үйректің 49 күндік балапаны 3 кг салмаққа жетіп, 6,5 айлығында жыныстық қабілеті жетіледі. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат - олардың жұмыртқасы мен етін алу.

Үйректерді жұмыртқа шығаруға отырғызудың қолайлы мезгілі - наурыз айының аяғы, сәуірдің ортасы. Осы уақытта олардың жұмыртқа тууы тоқтап, жұмыртқа басу түйсігі пайда болады. Ерте жарып шыққан қаз бен үйрек балапандарының өсу кезеңі ең қолайлы мезгілмен тұспа-тұс келеді, себебі дәл осы уақытта олар жас, құнарлы шөппен қоректене алатын болады.Қаздар мен үйректер жұмыртқа басатын орын қараңғылау, таза, иіссіз, температурасы 12 º С-ден төмен болмауы керек. Жұмыртқа басу барысында құс қорада тыныштық болу керек, сондықтан өзге құстарды басқа жерге орналастырған дұрыс. Үйректер көбінесе жұмыртқа салған ұяларында ғана жұмыртқа басады. Егер жұмыртқаларды басқа жерге ауыстыратын болса, олар жұмыртқа басуын тоқтатуы мүмкін. Үйрек балапандарын мұндай жолмен өсіру барысында жасанды жылытудың қажеті жоқ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]