Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Бегазы – дәндібай мәдениеті

Жадығаттық, яғни археологиялық қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге жасалған ғылыми талдау бойынша, сол заттар алынған жер атауын шартты түрде белгілі бір дәуір мәдениеті деп тану үрдісі бойынша алынған ғылыми атау.

Бегазы – ерте заманнан, яғни қола дәуірінен жеткен, Бегазы тауы, Бегазы өзенінің жағасындағы обалар. Қарағанды облысындағы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Белгілі энциклопедиялық білімдар ғалым Әлкей Марғұлан бастаған арнаулы жадығатшылар тобы 1947-1949 және 1952 жылдары түгел қазып зерттеген. Сол негізде атақты ғалым «Бегазы мәдениеті» деген атауды ғылымға қосты. Бұл ғылымда мойындалып, талай зерттеулерге негіз болған таным. Мұны «Бегазы – Дәндібай мәдениеті» деп те атайды. Дәндібай да жер аты.

Табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ІХ-ҮІІІ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Ғалымның анықтауынша, ғылымның дәлелдеуінше, Бегазы мәдениетінің ерекшелігі – ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалар болғандығын танытады дейді.

Бегазы – Дәндібай мәдениеті ғылымда – Бегазы кешені, Бегазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ІІ-ІІІ, Саңғыру І,ІІІ, Қойшоқы сынды бірқатар жадығаттық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады.

С.Шүкірұлы

Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары

Бекет ата ескерткіш ғимараттары – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған.

Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

ХІХ ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель сияқты ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Эверсман: «Үстірттегі таудан үңгіп жасалған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет Ата төрт жерден жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі, Эверсманның дерегіне сәйкес, Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Атырау облысы Құлсары кентінен 65 шақырым жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі – Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынның мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіре беріс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген. Жер асты ғимараты маңында кезінде Бекет Ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Қыр басынан ғимаратқа дейін қиялап түсетін жалғызаяқ тастақ жол сақталған. Жаз күндерінде төменгі жағындағы Түркіменстанға қарай созылып жатқан ойпат арқылы қатысқан. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет Ата бала кезінде, Бейнеуде жігіт шағында, Баялыда елдің көші-қон уақыттарында болған. Өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген. Хорезмдегі Бақыржан қажыдан білім алғаннан кейін-ақ Оғыландыға келген. Бірақ бұл мекенге қай жылдары орныққаны мәлім емес.

Бекет Ата ескерткіштері – оның дарынды сәулеткерлігінің, биік талғамының куәсі.

Ж.Әскербекқызы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]