Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қаратау

Еліміздің оңтүстігіндегі, Тянь-Шанның сілемі болып саналатын таулы жота. Ол Талас Алатауының батысымен ұштасып, солтүстік батысқа қарай 420 километрге созылады. Бірте-бірте аласара түсіп, Сарысу мен Шу өзендерінің атырабына барып аяқталады. Таудың ені кей тұстарда 60-80 км-ге барады. Негізінен аласа, кәрі таудың ең биігі – Бессаз (2175 м). Оңтүстік батысында Сырдария, солтүстік шығысында Талас өзендері жанай ағады. Жаз айларында қар болмайды. Сондықтан да Қаратау атанған деседі.

Қаратау Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумағын қамтиды. Дені Тараз өңірінде. Қаратау – Кіші Қаратау, Оңтүстік батыс Қаратау болып екі жотаға бөлінеді. Үлкен Қаратау, Кіші Қаратау деп те атайды.

«Қаратаудың басынан көш келеді» - деп басталатын белгілі «Елім-ай» әнінің шыққан жері осы Қаратау. Батырлар жыры, аңыз-әңгімелерде айтылатын «Қараспан тауы», «Қараспанды жауға алдырып», «Қараспанды жаудырып» дегендей сөздер тегі де осы өңірден. Қаратау күй мектебі, Сүгірдің шертпе күйлері дамыған өңір. Моңғол және жоңғар, қалмақ шапқыншылықтарынан қорғану мақсатында салынған ерте заманғы «Қаратау қамалдары» деп аталатын бекініс орындарының қырық шақты ескерткіші бар. Бұған Қарақ, Қатынқамал, Қызтөккен, Әбзел, Бабай, Қарасуан, Суындық тәрізді орындар жатады. Бұлардың кейісін «Мықтың үйі» деседі. Мық – қалмақ қолбасыларының атауы дейді. «Қаратау шимайлы тастары» да – ерте мәдениеттің бір өрнегі болып саналады.

С.Шүкірұлы

Қарқаралы

Қарқаралы – тау. Сарыарқадағы ұзындығы қырық, ені жиырма бес шақырымдай жатаған тау. Биігі – Жиренсақал аталатын 1338 метрлік шоқы. Атаудың шығу тегін тау шоқыларының ұлтымыздағы қарқара деп аталатын әйел бас киімінің бітіміне ұқсастығынан деп те санайды. Алайда осы тауды мекендейтін қарқара атты құстың болуы және бас киімнің өзінің де сол құс бейнелілігі – қарқара құсқа жол бермек. Бұл Бұланды, Құланды,Маралды, Арқарлы дегендей атау.

Қарқаралы – өзен. Қарқаралы тауынан көз алатын бұлақтар мен қар суынан қорланып, 63 шақырымдай арнамен Дат көліне құяды. Үлкен Қарқаралы, Кіші Қарқаралы делініп екі саладан қосылады. Өзен атауы тау атауынан, яғни жер атауынан шыққан.

Қарқаралы – осы өңірдегі көне заманғы мекеннің орындары. Жадығаттық зерттеу жұмыстары бұларда б.з.б. 1 мың жылдықтың бас кезінде өмір сүрген адамдардың мал, егін шаруашылығымен, кен ісімен айналысқанын айғақтайды.

Қарқаралы тас мүсіндері – ғылыми жиынтық атау. Бұл VІ-VІІІ ғасырлардағы түрік қағанаты тұсынан қалған тас мүсіндер.

Қарқаралы – қала. Патшалық Ресей заманында 1824 жылы салынған. Қарқаралы уезіндегі Қарқаралы округінің орталығы болған. 1862 жылы 18 болысты біріктірген округ халқы 60 мыңға дейін жеткен. Сол заманда Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге, яғни Ресейге баратын керуен жолының үстінде болғандықтан сауда орнына айналады. Қарқаралының Қоянды жәрмеңкесінің аты шығады.

Қарқаралы 1934 жылы Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының орталығы болды. Қалада бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Солардың бірі – Қарқаралы мешіт-медресесі. Мешіт 1850-1851 жылдары, Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып тұрған кезінде (1849-1852 ж.) салынған. Соған орай Құнанбай мешіті аталып кеткен. Мешіттің жергілікті жұрттың сауатын ашып, хат танытуда, ислам дініне бойcындыруда елеулі еңбегі болған.

Жері шүйгін, сулы, нулы өңір – малға да, жанға да жайлы тұрақ. Кен байлығы да олқы емес. Қарқаралының кенді өңірінде бірнеше полиметалл, барит, темір және түрлі сирек металдар кеніштері бар.

Бұл тарихи қалада Алаш көсемдері, ұлтымыздың ардақты тұлғалары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхановтар болған. Тарихи «Қарқаралы петициясы» осында жазылған. Ахаңның «Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған,» - деген өлеңі де оны патша үкіметі осында қамауға алғанда жазылған.

С.Шүкірұлы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]