- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
«Егемен қазақстан» газеті
Бұл республикалық қоғамдық-саяси газет бір ғасырға жуық уақыт бойы Қазақстанда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың жаршысы болып келеді. Газет әуелде 1917 жылы желтоқсан айында «Ұшқын» деген атпен жарық көрген, бұдан соң «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (1921-1925), «Еңбекші қазақ» (1925-1932), «Социалды Қазақстан» (1932-1937), «Социалистік Қазақстан» (1937-1991), «Егеменді Қазақстан» (1991-1993) деген атаулармен шығып тұрды. Ол алғаш Орынборда, кейінірек Алматыда, қазір Астанада жарық көреді. Газетке редакторлық еткендердің ішінде Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев сияқты көрнекті тұлғалар бар. Егемендік алғалы бері газет еліміздің тәуелсіздігін баянды етуге, тарихи кезеңдер мен тұлғаларды тануға елеулі үлес қосып келеді.
«Жас алаш» газеті
Еліміздегі жастарға арналған ең байырғы, беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы наурыз айында Ташкентте жарық көрді. Тұңғыш редакторы – Ғани Мұратбаев. Газет 1927 жылдан «Лениншіл жас» деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қазақ жастары дүниетанымының қалыптасуына, ұйымдасуына көп еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болған соң еліміздегі саяси-әлеуметтік мәселелер жөнінде көптеген бастамалар көтерді. «Жас алаш» қашан да өзінің өткірлігімен, батылдығымен елімізде демократиялық үрдістердің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Ол жастарымыздың ұлттық дүниетанымын, ұлттық намысын, ұлттық рухын қалыптастыру мен шыңдауға мазмұнды материалдарымен іргелі үлес қосуда. Газеттің «Студент», «Руханият», «Алдаспан», «Мыңнан бір мезет», «Ақ отау» сияқты қосымшаларында қазақ жастарының өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде толғамды мақалалар, сұхбаттар ұсынылып жүр.
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІ
Қазақ әдебиетінің дамуына, жалпы қазақ мәдениетінің насихатталуына үлес қосқан бұл апталық басылым 1934 жылдың қаңтар айынан бастап шығады. Алғашқы редакторы – Б.Майлин. Газетте І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың классикалық туындылары жарық көрген. Газет арқылы қазақ оқырманы әдеби, мәдени, тарихи танымдық материалдармен кеңінен таныса алды. Атап айтқанда, газет беттерінде қазақ ақын-жазушыларының өлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, көне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар, елдік елеулі мәселелер – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жөнінде публицистік өткір ой-толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады. Сонымен бірге оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан көкейкесті мәселелерді сөз етеді. Кино, театр, сымбат, қол өнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, өнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.
Еліміз егемендік алған уақыттан бері қарай бұл басылым ұлтымызды ұйыстырар басты баспасөз құралдарының біріне айналып отыр.
