Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitap.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Абылай хан

(1711 – 1781)

Абылай хан – аса көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі қолбасшы, ірі тұлға. 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын аты – Әбілмансұр. Қалмақтармен соғыстарда көрсеткен ерлігі үшін халық оны Абылай деп атаған. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін Абылай хан болды.

Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Зерделі саясаткер, білімді дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты – мемлекетті нығайту, қазақ халқын аман сақтап қалу. Ол дұшпандардан қорғану үшін үш жүздің басын біріктірді.

Абылайдың алыстан болжағыш қасиеті ерекше еді. Ол біртұтас қазақ мемлекетін құрды. Көрші елдермен экономикалық, саяси байланысты да нығайтудың қажет екенін білді.

1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды, Ресеймен, Қытаймен тату қарым-қатынас орнатылды.

1752 жылы жоңғар басшысы Лама Доржы қазақ жеріне шабуыл жасағанда, Абылай хан бастаған қазақ әскері оларға ойсырата тойтарыс береді. Кезекті шабуылдан соң соғыстың айла-тәсілдерін жетік білетін Абылай өзінің бес жүз таңдаулы жауынгерлерін жібереді. Лама Доржыны тұтқындап, дарға асады.

Абылай хан жоңғарларды жеңіп, Қытай және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнатуды көздеді. Осы мақсатта ол Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген сынды батырлармен қалмақтарға шабуылды күшейте түсті. 200 жылға созылған ойраттар мен қазақтар арасындағы сұрапыл соғыста қазақ халқы жеңіске жетті.

Бұл жеңіс көршілес Қытай мен Ресей үшін қолайсыз болып, 1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанды, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді.

1763-1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорыққа шығып, жеңіске жетеді. 1771 жылы Еділ қалмақтарын басып алады.

Абылай хан ел билеген кезде қазақ халқының рухы көтеріліп, мерейі үстем болды.

Л.Серғазы

Кенесары

(1802 – 1847)

Ата тегі жағынан Кенесары – Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, әйгілі Абылай ханның немересі. Сондай-ақ Ресей патшалығы өзінің отаршылдық идеясын түбегейлі орнықтыру үшін қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан хандық басқару жүйесін жойып, жалпыресейлік басқару жүйесін енгізуді көздеген іс-әрекеттерінен кейін үш жүздің өкілдерінің жиынында халық қолдауымен сайланған (1841) қазақтың соңғы ханы. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрестің ең жойқын үлгісін көрсеткен қолбасшы, ұйымдастырушы, батыр, саясаткер ретінде Кенесары халық жүрегіне берік ұялады. Ол қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқару, басын біріктіру жолында сұңғыла саясатшы бола білді, жанын пида етті. Оның ұлт-азаттық көтерілістің көсемі ретінде жасаған ерліктері, соғыс тактикасы, ұйымдастыру қабілеті жалпақ жұртқа аңыз болып тарады, тарихи құжаттарда да сақталды.

Кешегі тоталитарлық жүйедегі шовинизм жайлаған дәуірде Кенесары туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Оның патша саясатына, отарлық езгіге қарсы күресі орысқа қарсы әрекет болып есептелді. Бірақ соған қарамай Кенесарының өз ұлтының, халқының бостандық алуын көздеген прогресшіл идеясын жете түсінген М.Әуезов ХХ ғасырдың 30 жылдары «Хан Кене» атты пьеса, сәл кейінірек Е.Бекмаханов Кенесары көтерілісі туралы зерттеу еңбегін жазды. Алайда бұл еңбектерге өкімет тарапынан тыйым салынып, авторлары жазаланды. Кейінгі жылымық жылдары, яғни 1960 жылдардың аяғында І.Есенберлин ғана бұл тақырыпқа қайта оралып, «Қаһар» атты роман жазды. Халықтың тарихи санасын қайта жаңғыртуда І.Есенберлин романының рөлі ерекше болды. Өз тарихын ұмыта бастаған халық «Қаһар» романын ерекше сүйіспеншілікпен оқып, қолдан-қолға тигізбей әкетті. Осы кітап арқылы халық санасының оянуының бір дәлелі – 1986 жылғы желтоқсандағы мемлекет басынан ұлттық көсемін іздеген қазақ жастарының көтерілісі.

Туған халқының бостандығы үшін күрес жолында бар жігер-қайратын жұмсаған Кенесары патша әкімшілігімен ауыз жаласқан қырғыз манаптарының қанды қолынан қаза тапты. Тәуелсіз мемлекет болуымыздың нәтижесінде Кенесары рухы қайта жаңғырып, ұлағатты істері тағылым ретінде дәріптелу үстінде. Кезінде өзі басқарған көтеріліс барысында азат етілген Қараөткелде, бүгінгі Елордамыз Астана қаласында ұлттық рухқа оранған ескерткіші орнатылды.

Қ.Алпысбаев

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]