- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
«Жамиғ ат-тауарих»
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри (1555-1607жж.) – ғұлама ғалым, белгілі би. Жалайыр тайпасынан шыққан. Қадырғали Жалайыр хан ордасында жас бекзадалардың ақылгөйі, тәрбиешісі, ханның қарашасы (ақылшы, кеңесші) болған. Қадырғали Жалайыри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете игеріп, Шығыстың классик әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең меңгерген. Қадырғали Жалайыри 1598 жылға дейін Мәскеуде, патша сарайында тұрған. 1600 жылы орыс патшасы Б.Годунов Оразмұхамедті Қасымов хандығының ханы етіп тағайындағанда Қадырғали Жалайыри оның 4 уәзірінің бірі болады. Осы кезде Қадырғали Жалайыри тікелей ғылыммен шұғылданған. Ол 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты шежіре кітабын жазуға кірісіп, оны 1602 жылы аяқтаған. Шежіренің көлемі – 157 бет, қытай қағазына аса ұқыптылықпен жазылған. Қадырғали Жалайыри осы шығармасын Шығыс ғұламаларының дәстүрі бойынша орыс патшасы Годуновқа арнаған. Ол жырақта жүрсе де қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайларын, Қазақстанда рулық, патриархалдық-феодалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, бектер мен хафиздер т.б. жайлы деректі мәліметтер жазып қалдырған. «Жылнамалар жинағында» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын т.б. түркі тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид әд-Диннің парсы тіліндегі «Жами ат-тауарих» шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғыс хан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХІІІ-ХVI ғасыр аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар мен қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында да деректер бар. Қадырғали Жалайыридың шежіресі – ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөлі ақиқаты молырақ екендігін атап өткен. Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғұлама тарихшылармен қатар аталды.
«Жамиғ ат-тауарихтың» екі нұсқасы белгілі. Оның бірін Н.И.Березин 1825 жылы Қазан университетінің қызметкері Ибрагим Халфиннен алып, 1854 жылы Қазанда бастырған. Бас-аяғы толық емес. Бұл басылыммен Ш.Уәлиханов, көптеген татар, қазақ ғалымдары таныс болған. Ал 1922 жылы Қазан молдасы Г.Галеевтің Орталық шығыс кітапханасына мұраға қалдырған кітаптарының ішінен «Жамиғ ат-тауарихтың» екінші толығырақ нұсқасы табылады. Шығарманың жазылған мерзімі жөнінде деректер берілумен қатар, екінші бөлімде кейбір толықтырулар бар. Оның ең ақырғы тарауында қазақ тарихының ХVI ғасырдағы оқиғалары, қазақ хандары мен сұлтандарының генеологиясы берілген. Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989 жылы, одан соң 1991, 1997 жылдары жарық көрген.
Д.Мәсімхан
«Алпамыс батыр»
Бұл – қазақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан «Одиссея», «Манас», «Калевала», «Қобыланды батыр» т.б. секілді әлемге танымал жыр. «Алпамыс батырда» халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпикалық әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда түрік қағандығы дәуіріндегі (V-VIIғғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстарының нақтылы елестері де сезіліп отырады. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойы жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты көне туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жырда қарт ата-аналардың жаратқаннан перзент тілеп әулиелерге түнеп мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып көруі, жас қаһарманның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі, өзіне өмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты өмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тән тұрақты сарындар мейлінше анық және толық көрсетіледі. Қаһармандардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделібайсын, нақтылы тайпасының аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшілігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкілтүркілік және бүкілқазақтық деңгейге көтереді. «Алпамыс батыр» жырының халықтың есінен мәңгілік ұмытылмай орын алу себебі тарихи әлеуметтік шындықтың биік көркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін көріністердің бәрі де қазақтың көшпелі өміріне тән мейлінше етене жәйттер. «Алпамыс батыр» жыры ел арасында ғасырлар бойы айтылып келгенімен баспа жүзін алғаш рет 1899 жылы көрген. Кеңес одағы құрылғанға дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев. Кеңес жылдарында өзге де батырлық жырлары мен қатар «Алпамыс батыр» сан рет қайта басылды.
Тәуелсіздік туын көтерген түркі халықтары егемендік алған заманда бұл елдердің ерте кездегі өнер байланысын, тағдырластығын, мүдделерінің ортақтығын, көркемдік ойлау мәдениетінің жақындығын көрсететін этникалық туыстықты дәлелдейтін нағыз қымбат куәліктің бірі «Алпамыс батыр» жыры болуы – оның халықаралық деңгейдегі мәнін арттыра түседі. «Алпамыс батырдың» түп негіздерінің пайда болғанына 1200-1300 жыл толды деп тұжырымдауымызға да осы мысалдар айқын себеп. Жырдың үлкен, көркем поэзиялық нұсқалары туысқан қарақалпақ, өзбек халықтарында да кездеседі.
Д.Мәсімхан
