- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Қаз дауысты қазыбек би
(1665 – 1765)
Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа да аты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңген қайраткер – Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орынды төрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылына үндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған.
Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңға айналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақ соғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпен басшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралық маңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліп отырған.
1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», - деп жазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана баспасы – 2005. 350 бет).
Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиетке түскен сөздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында көп деректер сақталған.
С.Шүкірұлы
Есет батыр
(1667 – 1749)
Есет Көкіұлы – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі – кіші жүз жетірудың ішіндегі тама руынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, кіші жүз бен орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.
Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» атанған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан Жоңғардың батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне алты жүз жауынгермен қарсы тұрып шайқасып жатқанда жиырма мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде Көкі батырдың да болғандығын, сол шайқаста оның шеп бұзып, ерекше ерлік көрсеткендігін жазады.
Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады.
Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастардың бірінде найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген әңгіме де бар.
Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін де ел болып бірігіп, жоңғарларға қарсы алғашқы алапат соққы берген – Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерген Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал Аңырақай шайқасында ол Кіші жүз құрамында соғысады.
Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысты болады.
Орыс патшасының қол астына өту кезінде Бөгенбай, Жәнібек сияқты ірі тарихи тұлғалармен бірге ханның басына төнген қауіп бұлтын сейілтуге көмектеседі. Ресеймен қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын береді.
Есет батыр сексен екі жасында өз атамекенінде дүниеден өтеді.
Л.Серғазы
