- •Алаштың ардағы
- •Алаштың ардағы
- •Ұлтты тану – ұрпақ борышы
- •Бойтұмар
- •Қазақстан
- •Қазақ жазуы
- •Елтаңба
- •Салт-дәстүрлер мен ырымдар
- •Баба дәстүр салт-дәстүрлердің түрлері
- •Қазақтың төл мейрамы
- •Қазақ ырымдары
- •Тыйым сөздер
- •Киіз үй атаулары
- •Қазақ халқының ұлттық киімдері
- •Ата тарих қазақ хандығының құрылуы
- •Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама
- •Бұланты шайқасы
- •Қазақстан ресей империясының құрамында
- •Алаш қозғалысы
- •Алаш автономиясының құрылуы
- •Кеңес үкіметінің орнауы
- •Ашаршылық
- •Саяси қуғын-сүргін
- •Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- •Тың көтеру
- •Желтоқсан оқиғасы
- •Тәуелсіздік
- •Атамұра
- •Күлтегін
- •Қожа ахмет иассауи кесенесі
- •Арыстан баб кесенесі
- •Айша бибі кесенесі
- •Бегазы – дәндібай мәдениеті
- •Бекет ата ескерткіш‐ғимараттары
- •Жаркент мешіті
- •Бәйтерек
- •«Тарих-и рашиди»
- •«Жамиғ ат-тауарих»
- •«Алпамыс батыр»
- •«Қобыланды батыр»
- •«Қозы көрпеш – баян сұлу»
- •«Алтын сақа»
- •Асанқайғы
- •Домалақ ана
- •Керей хан
- •Қазтуған жырау
- •Шалкиіз жырау
- •Қасым хан
- •Хақназар хан
- •Тәуекел хан
- •Қаз дауысты қазыбек би
- •Есет батыр
- •Бұқар жырау
- •Бөгенбай батыр
- •Әйтеке би
- •Қабанбай батыр
- •Әбілқайыр хан
- •Жәнібек тархан
- •Райымбек
- •Абылай хан
- •Кенесары
- •Махамбет өтемісұлы
- •Құрманғазы сағырбайұлы
- •Шоқан уәлиханов
- •Ыбырай алтынсарин
- •Ақан сері қорамсаұлы
- •Мәшһүр жүсіп көпеев
- •Әлихан бөкейхан
- •Кейкі батыр
- •Ахмет байтұрсынұлы
- •Халел досмұхамедұлы
- •Қажымұқан мұңайтпасов
- •Міржақып дулатов
- •Жанша досмұхамедұлы
- •Әміре қашаубаев
- •Оспан батыр
- •Мұстафа шоқай
- •Мағжан жұмабаев
- •Мұхтар әуезов
- •Қаныш сәтбаев
- •Әбілхан қастеев
- •Әлкей марғұлан
- •Жұмабек тәшенов
- •Бауыржан момышұлы
- •Қасым аманжолов
- •Дінмұхаммед қонаев
- •Күләш байсейітова
- •Ілияс есенберлин
- •Талғат бигелдинов
- •Рақымжан қошқарбаев
- •Нұрғиса тілендиев
- •Шәмші қалдаяқов
- •Мұқағали мақатаев
- •Әбіш кекілбаев
- •Нұрсұлтан назарбаев
- •Мұхтар мағауин
- •Мұхтар шаханов
- •Жүздердің кестесі
- •Хандар кестесі Қазақ хандығының хандары
- •Ұлт жаршысы «айқап» журналы
- •«Қазақ» газеті
- •«Егемен қазақстан» газеті
- •«Жас алаш» газеті
- •«Ана тілі» газеті
- •Атамекен
- •Баянауыл
- •Бөкей ордасы
- •Бөрітастаған
- •Бурабай
- •Бұланты
- •Қаратау
- •Қарқаралы
- •Қозыбасы
- •Ордабасы
- •Орынбор
- •Сарайшық
- •Сырымбет
- •Түркістан
- •Шымкент
- •Шыңғыстау
- •Анауыз бата
- •Алғыстар, ақ тілектер
- •Мақал-мәтелдер
- •Жақсы сөз – жарым ырыс
- •Атадан жеткен асыл сөз
- •Асыл сөз
- •«Зар заман»
- •«Ереуіл атқа ер салмай»
- •«Мен жастарға сенемін»
- •«Алаш ұраны»
- •«Абай жолы»
- •«Шұғаның белгісі»
- •«Құлагер»
- •«Көшпенділер»
- •Аташаңырақ
- •Дастархан
- •Отан – алтын бесік
- •Оқуға ұсынылатын әдебиеттер
- •IМазмұн
Орынбор
Ресей мемлекетіндегі Орынбор облысының орталығы Орынбор қаласы Орал өзенінің оң жағасында орналасқан. Тарих парақтарына үңілсек, Ресей императрицасы Анна Ивановна өзінің қол астына кірген кіші жүз қазақтарының жерлерін игеру және бағындыру мақсатында 1734 жылы 18 мамырда Кирилов экспедициясын ұйымдастыруға нұсқау берген. Экспедиция құрамында жерді, өзен-суды қағазға жақсы түсіре алатын әскери маман болу керектігі көзделген және бұл жұмыстарды халықтың ашу-ызасын келтіріп алмай, өте сақ жүргізу керектігі айтылған. Сонымен қатар қазақ жері арқылы Орта Азия халықтарымен сауда қатынасын жасау үшін Ор өзенінің Жайыққа құяр сағасында қала тұрғызып, теңіз арқылы сауда жолын жалғастыру мәселесі алға қойылған болатын. Қаланың іргетасы 1735 жылы 19 (30) сәуірде қаланған. Қаланың Орынбор деп аталуы да осы өзеннің атына байланысты болған. Бұл қамал арқылы Ресей мемлекеті Башқұртстан, Қазақстан, Орта Азияның халықтарымен сауда-саттығын өркендетті. Бұдан соң қазақ даласындағы Патшалық Ресейдің отарлық саясаты күшіне енді. 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасаған «Орынбор қазақтарының жарғысы» кіші жүздегі хандық билікті жолға қоюға негіз болды. 1824 жылы 20 наурызда бекітілген бұл жарлық бойынша кіші жүз қазақтарын екі жүйемен басқару – бірі шекараға жақын орналасқан қазақтарды басқару және екіншісі далалық аймақта сүріп жатқан қазақтарды басқару көзделді. Екі басқару жүйесі де Орынбор шекаралық комиссиясына бағынды. Далалық басқарма кіші жүз даласын төртке бөлді: олар – Шығыс, Орта, Батыс және Ішкі бөлік деп аталған. Әр бөлікте үш сатылы басқару – ауыл, ру және бөлік болды. Ауылды старшындар, руды билеушілер, бөліктерді аға сұлтандар мен кеңес басқарды. Патша осылайша бірте-бірте кіші жүздегі хандық билікті жойып, ондағы басқаруды метрополиядағы басқару жүйесіне жақындатуды мақсат етті. Сөйтіп 1844 жылы 14 маусымда күрделі қылмыстық істерді әскери сот арқылы жазалауды жолға қойған «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» бекітілді. Ереже бойынша қазақтардың арасындағы дау-жанжалды шешіп отыру үшін қазақ даласын қорқытып бағындыруды жолға қойған сот реформасы жасалынды. Бұл реформа 1868 жылға дейін өзгеріссіз қолданылды.
1850-1851 жылдары Орынбор қаласы генерал-губернаторлықтың да орталығы болып есептелді. Бұл жерде көптеген лауазымды, әскери атағы жоғары азаматтар қызмет атқарды. Азамат соғысы жылдары қала өміріндегі ауыр кезең болды. Қызылдар мен ақтардың арасында қала үшін қиян-кескі соғыстар жүрді. Кеңес үкіметі орнаған соң, көп ұзамай, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР-ы құрылды. Орынбор қаласы 1920-1925 жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР-ының астанасы болды. Тек 1925 жылы ғана Қазақ АКСР-ының астанасы Қызылордаға көшіріліп, Орынбор қаласы мен губерниясы Ресей федерациясының құрамына берілді.
А.Мұсабекова
ОТЫРАР
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап,
Баптардың бабы Арыстан бап.
Аты алты әлемге мәшһүр болған ғұлама, ғалым Әбу Нәсір әл Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған өлке Фарабтың астанасы болған Отырар шаһарының аты мен атағы алысқа жеткен. Бабаларымыздың басынан өткен қилы-қилы заманның куәсі болған Отырар жазба деректерде Фараб, Тарбанд, Тұрарбан, Тұрар Отырар деген аттармен кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасырда жазылған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы «Авестада» Кангхе (кейінгі қаңлы) аталған ежелгі елдің немесе қаланың, көне түрік жазуларындағы Канғу Тарбант атауларының Отырардың арғы тарихымен ұштасып жатқандығын ғалымдар дәлелдеген.
Отырар – моңғолдың жер қайысқан қолына бағынбай, алты ай бойы алысқан қала тұрғындары мен батыр бабаларымыздың жазықсыз төгілген қаны сіңген қала. Моңғолдар талқандаған қала көп ұзамай қайта бой көтеріп, бұрынғысынша маңызды саяси орталыққа айналды. 1405 жылы Қытайға қарсы жорыққа аттанып бара жатқан Әмір Teмip жолшыбай ат басын Отырарға тірегенде, кенеттен суыққа шалдығып, сол жерде қаза болған. Қазіргі кезде 20 м биік төбе болып қалған қаланың орнынан ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында Отырарды билеген Бердібек ханның салтанатты сарай-мешітінің қалдығы ашылды. Оның топографиясы мен күрделі құрылыс жүйесі кезінде бұл жерде хандарға ғана тән зәулім сарайдың болғанын аңғартады. Күйдірілген кірпіштермен қалыңдығы бір метр етіп айналдыра қаланған төрт бұрышты сарайдың құбыла жағында үлкен мешіт, қақ ортадағы аулада терең құдық, оған қарсы шетте әртүрлі сарайлар салынған. Шамамен 12-13 м болатын құдық ішкі жағынан дөңгелентіп күйдірілген кірпіштермен өрілген. Ғалымдар Әмір Teмip дәл осы сарайда дүние салған деген болжам айтып жүр.
Отырардағы тіршілік ХVІІІ ғасырдың жартысына дейін жалғасқан. Оның саяси-әкімшілік орталық ретіндегі рөлі ХVІ ғасырдан бастап бәсеңдеп, керісінше орталық Түркістан қаласына қарай ауысқан. Отырарда теңге соғу кәсібі ХVІ ғасырға дейін жалғасса, Түркістанда ХVІ ғасырдан басталады. Отырарда алтын, күміс теңгелер де соғылғаны туралы деректер бар. Отырарда жасалған сырлы ыдыстар бүкіл Орта Азия қалаларына тараған. Қалада шыны ыдыстар жасайтын тамаша шеберханалар болған. Қазбадан табылған көгілдір және түрлі-түсті ыдыстар өздерінің керемет кейпімен танымалы. Олардың сапасы да өз дәуіріне сай жоғары деңгейде. Қазба кезінде табылған теңгелер көмбесі қаланың алыс шетелдермен де, көршілес халықтармен де тығыз сауда байланысы дамығанын байқатады.
Отырардың орны қазіргі Шәуілдір ауылынан солтүстікке қарай 7-8 шақырым жерде жатыр. Орталық аумағы 20 гектардан астам, биіктігі 18-20 м болатын қала қирандысы бүл күнде Отырартөбе аталады. Төбенің батыс бұрышынан қиып салынған қазба Отырардың іргесі б.з. І ғасырында қаланғандығын көрсетті.
Отырарда 2001-2004 жылдары ЮНЕСКО - Қазақстан - Жапония мемлекеттері шеңберінде «Ежелгi қала Отырарды қорғау және сақтау» деген халықаралық жоба icкe асырылды. Сол жоба бойынша бұрын қазылған мешіт, монша, кұмыра жасайтын шеберханалар, қала қабырғалары әрі қарай бұзылудан корғалып, ерекше күтімге алынуда. Айтылған Бердібектің сарайы да қатырылып, көпшілік көретін тамаша тарихи нысанаға айналды. 2004 жылдан бepi «Ежелгі Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Археологтар мен қаланы жаңғыртушы мамандардың болжамдары бойынша, Отырар ортағасырлық мұражайға айналып, Қазақстанның Помпейі болуы тиic. 2008 жылы жүргізілген қазба кезінде екі шетінде күйдірілген кірпіштерден өрілген дөңгелек мұнаралары бар қаланың бас қақпасының орны қазылды. Моңғол әскерлерінің шабуылына алты ай бойы ерік бермей тұрған қақпа осы болды. Отырардың қасында Арыстан баб кесенесі бар. Ол – қазақтың діни ғұламаларының бірі Ахмет Иассауйдің ұстазы. Түркістандағы Әзірет сұлтан кесенесіне тәу етіп келген мыңдаған мұсылман қауым алдымен сол Арыстан баб кесенесіне, сосын Отырартөбеге соғып, зиарат етіп шығады. Содан кейін барып Түркістанға, сондағы Ахмед Иассауи кесенесіне бет алады.
Д.Талеев
САЙРАМ
Ұлы Жібек жолының Шаш (Ташкент) пен Таразды байланыстырған бөлігіндегі сауда мен қолөнерінің, кейіннен түрік халықтарының рухани орталығы болған шаһар. Көпшілік ғалымдардың пайымдауынша Сайрамның бастапқы аты Испиджаб болған. Түріктен шыққан ғұлама бабамыз М. Қашқари өзінің «Түрік тілдерінің сөздігі» атты еңбегіндегі Сайрам – Исбижаб аталатын Байза шаһарының қосымша аты деп жазған. Мұсылман аңызы бойынша Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салдырған. Ол кезде шаһар Сарйам аталса керек. «Мұхаммед пайғамбар аспанға алғаш көтерілген түні аспаннан төгілген жарық нұр (сәуле) жердегі бір мекенге тік түсіп тұрса керек. Сонда пайғамбар Жәбірейілден:
– Мына нұр қайда түсіп тұр? – деп сұрапты, сонда Жәбірейіл
– Мырза, бұл сәулелер Мадинат әл-Байдаға түсіп тұр, – деген екен. Сонда пайғамбар:
– Бұл алланың нұры жауған шаһар екен, сол жерге барып қайтар ма еді? – депті. Сол кезде алладан Жәбірейілге әмір келіп жетеді.
– Сен пайғамдарға Мадинат әл-Байда шаһарын аспанға алып кел, менің сүйікті көмекшім оны көрсін, – деп бұйырады. Сол сәтте аспанға жеткізілген шаһардың саясында отырып оқыған намазының соңында пайғамбар «Е алла батаның батасын сен ғана бересің, жалғанда жалғыз пәк өзің ғана, маған да қамқор болуыңызды өтінемін» дегенде Жәбірейіл «әумин» деген екен. Сосын қаланы қайтып орнына қойған екен. Аңыз бойынша шаһардың үш аты бар: біріншісі – Мадинат әл-Байда, екіншісі – Испиджаб, үшіншісі – Сарйам (Сайрам).
Араб географы әл-Магдиси «Шаһар гүлденген шағы Испиджаб өлкесінің орталығы болғаны кездері. Сол кезде шаһардың рабаты және бұқаралық мединесі болды. Онда жабық базар, мата сататын жәрмеңке мен үлкен мешіт орналасқан. Мединенің төрт: Нуджакат, Фархан, Шахра және Бұхара қақпасы белгілі. Әр қақпаның маңында: нахшебтер, бұхарлықтар, самарқандықтар рабаттары мен зираты және базары жақын Қаратегін рабаты орналасқан. Бұлардан басқа шаһарда 1700 рабат бар деседі. Испиджаб – шекаралық тамаша бекініс, айнала дуалмен қоршалған рабадтың ішінде ешкім тұрмайтын ішкі қамал – цитадель бар. Бұл жердің тұрғындары егін шықпай қалу дегенді білмейді. Жемістері үлкен болмағанымен шырынды әрі тәтті. Шаһар таза, бұл жердегі өмір жағымды», деп жазған. Мәуереннахрдағы харадж (салық) төлемейтін жалғыз шаһар ретінде айтылатын Сайрам алланың шапағаты жауған қасиетті мекен болған. Сол кездерде Испиджаб өлкесінің құрамына Сырдың бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран және Жанкент; Қаратаудың теріскей бетіндегі Баладж бен Беруке; Жетісудың Құлан, Меркі, Суяб қалалары кірген. Кейіннен шаһар Қазақ хандығының тірегіне айналған үлкен саяси-экономикалық орталық болды. Сайрамда мұсылман дінін уағыздаушы отыз әуленің мазары бар. Солардың басына салынған кесенелердің көпшілігі осы күнге дейін сақталған.
Д.Талеев
