Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. ОМ Каз doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2 Тәжірибе.«Тотықсыздану реакциясымен күміс золін алу»

AgNO3+K2CO3→AgOK+KNO3+CО2↑

6AgOK+C76H52O46+3Н2О→6Ag+C76H52O49+6KOH

таннин флобафен

AgOK-стабилизатор

AgOK → AgО-+K+

Жұмыстың орындалу тәртібі:Сынауықтың жартысына дейін дистилденген су құяды, 1 мл 0,01М күміс нитраты мен 3-4 тамшы 0,1 % таннин ерітіндісін қосады. Содан кейін араластыра отырып қызылдау-қоңыр бояу алынғанша 1 % калий карбонатын қосады. Таннин мөлшері аз болғанда күміс золі қызыл сары-сары түске боялады. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізеді.

Қорытынды: Алынған күміс золі мицелласының формуласын жазыңыз және оны алу әдісін көрсетіңіз.

3 Тәжірибе.«Берлин көгі золін алу»

4FeCl3+3K4[Fe(CN)6]→Fe4[Fe(CN)6]3↓+12KCl

Жұмыстың орындалу тәртібі:Екі сынауық алады. Бірінші сынауыққа 5 мл 0,05 % калийдің гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін құяды, пәрменді араластыра отырып, 3 тамшы 1 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады. Қою көк түске боялған золь түзіледі.

Екінші сынауыққа 5 мл темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін құяды, пәрменді араластыра отырып, 3 тамшы калийдің гексацианоферраты(ІІ) ерітіндісін қосады. Жасыл түске боялған золь түзіледі. Тиндаль конусын байқау арқылы екі сынауықта да коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізуге болады.

Қорытынды: Алынған көк және жасыл түсті берлин көгі золі мицеллаларының формуласын жазыңыз, стабилизаторды көрсетіңіз және олардың алыну әдістерін атаңыз.

4 Тәжірибе.«Канифоль золін алу»

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Сынауыққа 5 мл дистилденген су құяды және 2 тамшы 2 % канифольдің спирттегі ерітіндісін қосады, сілкиді. Тиндаль конусын байқау арқылы коллоидты ерітіндінің түзілгеніне көз жеткізуге болады.

Қорытынды: Әдістің маңызын сипаттаңыз.

5 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді тұнбасын пептизациялау»

FeCl3 +3 NH4OH  Fe (OH)3+3 NH4CI .

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Сынауыққа 5 мл 2 % темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін құяды, аздаған бөліктермен тұнба түзілгенше 10 % аммоний гидроксиді ерітіндісін қосады. Алынған тұнбаны артық электролиттер толық жойылғанша, дистилденген сумен декантациялап жуады. Жуылған тұнбаға 15 мл дистилденген су қосады, араластырады және үш сынауыққа бірдей етіп бөледі. Бірінші сынауыққа пептизатор болып табылатын - 2 мл қаныққан темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін қосады, екіншісіне - 2 мл 0,1М хлорсутек қышқылын қосады, ол Fe(ОН)3 әрекеттесіп, стабилизатор FeОCl түзеді, ал үшіншісіне – 2 мл дистилденген су қосады (бақылау тәжірибесі).

Ерітінділерді араластырады және 10 мин қалдырады. Белгіленген уақыт өткеннен кейін, байқалған өзгерістерді кестеге жазады.

№

Сынауық ішінде, мл

Қосылған

электролит

Пептизация

түрі

Мицелла формуласы

1

5

FeCl3

2

5

НCl

3

5

Н2О (бақылау)

Қорытынды: Түзілген зольдер мицеллаларының формуласын жазыңыз; пептизация типін көрсетіңіз, пептизация әдісінің маңызын сипаттаңыз.