- •5В130100 - «Жалпы медицина»
- •Алматы, 2014 ж Мазмұны
- •Силлабус
- •Бағдарлама
- •Тәжірибелік дағдылар:
- •3. Коммуникативтік дағдылар
- •Құқықтық құзыреттілік
- •3. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері
- •Химия пәні бойынша студенттердәі құзыреттіліктерін бағалау критерийлері Дәрістер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері
- •Химиядан студенттердің құқықтық құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Бағалардың градациялық шекарасы
- •7. Консультация мен емтихандардың өткізілу уақыты:
- •Дәрістер кешені
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (практикалық, семинар, лабораториялық)
- •Алматы, 2014 ж
- •1 Тәжірибе. Мыс (іі) және темір (ііі) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматография әдісімен бөлу
- •2 Тәжірибе. Тағам өнімдеріндегі темір(ііі) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау
- •1 Тәжірибе.«Гидролиз реакциясымен темір(ііі) гидроксиді золін алу»
- •2 Тәжірибе.«Тотықсыздану реакциясымен күміс золін алу»
- •3 Тәжірибе.«Берлин көгі золін алу»
- •4 Тәжірибе.«Канифоль золін алу»
- •5 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді тұнбасын пептизациялау»
- •6 Тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ііі) гидроксиді золін тазалау»
- •7 Тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау»
- •8 Тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау»
- •9 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау»
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Зертханалық жұмысты дұрыс жазу мысалы
- •Бақылау:
- •Қорытындылар:
- •Сабақтың хронометражы
- •2 Тәжірибе. «Желатиннің ісіну дәрежесіне ортаның рНның әсері»
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •3.1. Калий перманганатына әсері
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2014 ж
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Студенттердің өзіндік жұмыСтарЫна арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2014 ж
- •Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары (Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін)
- •Алматы, 2013 ж
- •Тәжірибелік дағдыларын қабылдау үшiн сұрақтар
- •Тест тапсырмалары
- •I тарау. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатурасы. Изомерия.
- •III тарау. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофильді орын басу реакциялары.
- •IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.
- •V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.
- •VI тарау. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер.
- •VII тарау. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.
- •VIII тарау. Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар.
- •Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары
- •Органикалық қосылыстардың кластары.
- •Органикалық қосылыстардың номенклатурасы, изомериясы.
- •Тәжірибелік дағдылардың тізімі
6 Тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ііі) гидроксиді золін тазалау»
Мақсаты: Диализ әдісін меңгеру.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Жартылай өткізгіш мембрана ретінде коллолийлі қапшыққа 3 мл жаңа дайындалған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды және оны дистилденген суы бар стаканға салып қояды. 15 мин өткен соң стакандағы судан сынама алады және онда хлорид-иондарының бар екенін бірнеше тамшы күміс нитраты ерітіндісін тамызу арқылы анықтайды. Салыстыру үшін екінші сынауыққа дистилденген судан алып, оған 1-2 тамшы АgNО3 ерітіндісін тамызады.
Қорытынды: Диализ әдісінің маңызын түсіндіріңіз.
7 Тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау»
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Жарықтандырғыш қондырғы – ішкі жағы қара түске боялған және қабырғасында диаметрі шамамен 1 см болатын тесігі бар камера. Камераға күшті жарықтың көзі орналастырылған (қуаттылығы жоғары электрлік лампа). Коллоидты ерітіндісі бар кюветаны сәуле шоғырының жолына қояды. Дәл осындай тәжірибені шын ерітіндімен қайталайды.
Қорытынды: Көрген құбылыстарды сипаттаңыз. Себебін түсіндіріңіз.
8 Тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау»
Мақсаты: Боялған зольдердіңі заряд таңбасын анықтау.
Әдістің маңызы:Сүзгі қағазы капиллярының қабырғалары суда сутек ионын бөліп шығарып, теріс зарядталады.
Оң зарядталған коллоидты бөлшектер капилляр қабырғаларында адсорбцияланады, ал су олар арқылы оңай өтіп кетеді. Нәтижесінде сүзгі қағазында үлкенірек түссіз су аумағы бар кішірек боялған дақ пайда болады.
Зольдердің теріс зарядталған коллоидты бөлшектері капилляр қабырғаларынан тебіледі, нәтижесінде сүзгі қағазында кішірек түссіз су аумағы бар үлкен боялған дақ пайда болады.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Сүзгі қағазына қашықтығы 1-2 см болатындай етіп, бір тамшыдан темір(ІІІ) гидроксиді, берлин көгі зольдерін және 2 % бояғыш ерітінділері: эозин, флуоресцеин, метилен көгін тамызады. Пайда болған боялған дақтардың сипатына қарай, олардың заряд таңбасын анықтау керек.
Қорытынды: Зерттелген зольдердің заряд таңбасын көрсетіңіз.
9 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау»
Мақсаты:
Темір(ІІІ) гидроксиді золінің коагуляциясына әртүрлі электролиттердің әсерін қарастыру, тәжірибелік мәліметтер бойынша олардың коагуляция табалдырығын есептеу.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Екі сынауыққа 1 мл-ден гидролиз реакциясымен алынған темір(ІІІ) гидроксиді золін құяды, бірінші сынауыққа тамшылата отырып, жайлап және араластыра отырып, зольдің бүкіл көлемінде лайлану пайда болғанша калий сульфаты ерітіндісін қосады. Екінші сынауыққа ұқсас түрде золь лайланғанша калийдің гексацианоферраты(ІІІ) ерітіндісін қосады. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазады.
Тәжірибенің нәтижелері:
Концентрация С(K2SO4)=0,1 моль/л
Концентрация С(K3[Fe(CN)6])=0,1 моль/л
Көлем 1 тамшы = 0,05 мл
Электролит |
Золь көлеміVзоль, мл |
Электролит тамшысының саны |
Электролит көлеміVэл, мл |
Коагуляция табалдырығыСk, ммоль/л |
Электролиттің коагуляциялау қабілетіVк, л/ммоль |
K2SO4 |
|
|
|
|
|
K3[Fe(CN)6] |
|
|
|
|
|
Есептеңіз:
электролиттер үшін коагуляция табалдырығын
электролиттердің коагуляциялау қабілетін
Темір(ІІІ) гидроксиді золі мицелласының формуласын жазыңыз.
Қорытынды: Электролиттер үшін коагуляция табалдырығын көрсетіңіз, ион-коагулянттардың коагуляциялау қабілеттеріндегі айырмашылықты түсіндіріңіз.
№5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері. Асқазан сөлін потенциометрлік титрлеу
Мақсаттары:
гальваникалық элементтердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы түсініктерді қалыптастыру;
әр түрлі электродтардың электродты потенциалын есептей білуді және гальваникалық элементтердің ЭҚК-н анықтай білуді үйрету;
ағзадағы патологиялық өзгерістердің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін рН пен басқа физикалық-химиялық параметрлерді анықтау үшін қолданылатын электрохимиялық әдістерді қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
ОҚыту міндеттері:
I және II текті, тотығу-тотықсыздану электродты потенциалдардың құрылысы және олардың жұмыс істеу принципі жайлы түсініктерін кеңейту;
биологиялық сұйықтықтардың рН-н анықтауда потенциометрлік титрлеуді пайдалану мүмкіндігін көрсету;
ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын есептеу үшін интегралды және дифференциалды қисықтарды тұрғызу туралы ақпарат беру;
электродты потенциалдарды есептеу үшін Нернст және Нернст-Петерс теңдеулерін қолдануды үйрету;
электрохимиялық жүйелердің ЭҰК-н есептеу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Электрод. Электродты потенциал. Тотығу-тотықсыздану электродты потенциалдары. Нернст теңдеуі.
Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, редокс-электродтар, ионселективті электродтар. Анықтауыш және салыстырушы электродтары. Хлоркүміс электроды – медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын салыстырушы электроды.
Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші.
Диффузиялық және мембраналық потенциалдар: пайда болу механизмі, биологиялық рөлі.
Потенциометрлік титрлеу. Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылуы.
Оқыту әдістері:
Үйлескен түрде:
- семинар;
- кіші топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмысты орындау).
