- •5В130100 - «Жалпы медицина»
- •Алматы, 2014 ж Мазмұны
- •Силлабус
- •Бағдарлама
- •Тәжірибелік дағдылар:
- •3. Коммуникативтік дағдылар
- •Құқықтық құзыреттілік
- •3. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері
- •Химия пәні бойынша студенттердәі құзыреттіліктерін бағалау критерийлері Дәрістер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері
- •Химиядан студенттердің құқықтық құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Бағалардың градациялық шекарасы
- •7. Консультация мен емтихандардың өткізілу уақыты:
- •Дәрістер кешені
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (практикалық, семинар, лабораториялық)
- •Алматы, 2014 ж
- •1 Тәжірибе. Мыс (іі) және темір (ііі) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматография әдісімен бөлу
- •2 Тәжірибе. Тағам өнімдеріндегі темір(ііі) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау
- •1 Тәжірибе.«Гидролиз реакциясымен темір(ііі) гидроксиді золін алу»
- •2 Тәжірибе.«Тотықсыздану реакциясымен күміс золін алу»
- •3 Тәжірибе.«Берлин көгі золін алу»
- •4 Тәжірибе.«Канифоль золін алу»
- •5 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді тұнбасын пептизациялау»
- •6 Тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ііі) гидроксиді золін тазалау»
- •7 Тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау»
- •8 Тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау»
- •9 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау»
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Зертханалық жұмысты дұрыс жазу мысалы
- •Бақылау:
- •Қорытындылар:
- •Сабақтың хронометражы
- •2 Тәжірибе. «Желатиннің ісіну дәрежесіне ортаның рНның әсері»
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •3.1. Калий перманганатына әсері
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2014 ж
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Студенттердің өзіндік жұмыСтарЫна арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2014 ж
- •Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары (Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін)
- •Алматы, 2013 ж
- •Тәжірибелік дағдыларын қабылдау үшiн сұрақтар
- •Тест тапсырмалары
- •I тарау. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатурасы. Изомерия.
- •III тарау. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофильді орын басу реакциялары.
- •IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.
- •V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.
- •VI тарау. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер.
- •VII тарау. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.
- •VIII тарау. Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар.
- •Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары
- •Органикалық қосылыстардың кластары.
- •Органикалық қосылыстардың номенклатурасы, изомериясы.
- •Тәжірибелік дағдылардың тізімі
2 Тәжірибе. «Желатиннің ісіну дәрежесіне ортаның рНның әсері»
Жұмысты жүргізу жолы Ход работы: Бес құрғақ пробиркаға желатин ұнтақтарының бірдей мөлшерін -5мм (h0) биіктікте салады. Одан кейін пробиркаларға З10 мл ден рНы әртүрлі ерітінділерді құяды. Пробиркалардың ішіндегі қоспаны шыны таяқшамен араластырады да 40 минуттей уақытқа қойып қояды.Уақыт өткеннен кейін әр пробиркадағы ісінген желатиннің деңгейін (h) өлшейді. Алынған нәтижелерді кестеге жазады.
Нәтижелер арқылы есептеулер жүргізеді
Пробиркалардың № |
Ерітінділердің рН |
Желатиннің деңгейі |
Ісінген желатиннің деңгейі, h, мм |
|
бастапқы, h0, мм |
Ісінгеннен кейінгі, h, мм |
|||
1 |
2 |
5 |
|
|
2 |
4,1 |
5 |
|
|
3 |
4,7 |
5 |
|
|
4 |
5,3 |
5 |
|
|
5 |
12,0 |
5 |
|
|
Тәжірибе нәтижесінен ісінген желатин деңгейінің (h) ортаның рНна тәуелділік графигін салады. Графиктен желатиннің изоэлектрлік нүктесін (ИЭН) табады.
Қорытынды: Желатиннің ісінуінің ерітінділердің рНна тәуелділігін сипаттау және ИЭНін көрсету.
№ 3тәжірибе. БИУРЕТ РЕАКЦИЯСЫ.
Реактивтер: белок (3), 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі , 2% мыс сульфатының ерітіндісі.
Пробиркаға 5тамшы белок ерітіндісін,3тамшы натрий гидроксидін,1тамшы мыс сульфатын тамызады. Пробирканы араластырғанда ерітінді күлгін түс береді.
Белоктағы пептидтік байланыстар сілтілік ортада мыс сульфатымен әрекеттесіп, түсті мыстың тұз тәрізді комплексті қосылысын түзеді. Бұл комплекстің түсі пептидтік байланыстың санына тәуелді болады. Белоктың аралық өнімі пептидттер(саны белокқа қарағанда аз) ерітіндіде күлгін-қызғылт түсті немесе қызғылт түсті береді. Бұл реакция жалпы белоктарға тән пептидтік байланыстардың барлығын дәлелдейді. Биурет реакциясын кейбір белок емес заттар да көрсетеді, олардың құрамында 2ден жоғары пептидтік байланыстар болады.
№ 4тәжірибе. НИНГИДРИН РЕАКЦИЯСЫ.
Реактивтер: белок, 0,1% нингидрин ерітіндісі.
Пробиркаға 5 тамшы белок ерітіндісін 3тамшы нингидрин ерітіндісін тамызады да қыздырады. 2-3 минуттан кейін ерітінді көк түске боялады. Реакция белок молекуласында -амин қышқылының қалдықтары бар екендігін көрсетеді. Қыздырғандаамин қышқылындағы бос -амин тобы мен нингидрин әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде аммиак, көмірқышқыл газы, сәйкес альдегид және тотықсызданған нингидрин түзіледі. Амин тобы аммиакпен және нингидриннің екінші молекуласымен әрекеттесіп көк түсті конденсация өнімін түзеді.
Бақылау:
Бұл сабақтың компотенциясының бағалау әдісіне кіреді:
«Білім» компетенциясын бағалау: ауызша жауап беру, кіші топтармен жұмыс істеу (тәжірибелік жұмыстарды түсіндіре білу), жазбаша сұрау(билеттер немесе тесттер арқылы), үйге берілген тапсырмаларды орындау(жаттығулар мен тесттерді жасап келу) арқылы бағаланады.
БАҚЫЛАУ:
Ситуациялық есептер:
Бұлшық ет миозині суға қарағанда сутек ионының концентрациясы 100есе артық ерітіндіге .батырылды. Белок молекуласының зарядын анықтаңыз.
Гидрофосфат- және дигидрофосфат-аниондарының концентрациялары бірдей буферлік ерітіндіге батырылған β-лактоглобулин электрофорез кезінде қай электродқа қарай жылжиды, егер белок рН=5,2 де бастапқы стартта қозғалмай қалса?
рН=8,6 буферлік ерітіндісіндегі β-лактоглобулиннің электрофорезді жүргізгенде қай электродқа жылжитынын анықтаңыз, егероның рI= 5,2 болса. Жауабын түсіндіріңіз.
№8 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫП: Моносахаридтер: құрлысы, стереоизомериясы, цикло-оксотаутомериясы, химиялық қасиеттері, биологиялық ролі. Фелинг, Троммер, Селиванов теакциялары. Крахмалға түсті реакция.
МАҚСАТЫ:
Тірі ағзадағы бұл заттардың алмасуын түсіну үшін, моносахаридтердіңреакциялық қабілеттілктерін, оптикалық изомерлері, құрлысы туралы білімдерін қалыптастыру.
Көмірсуларды биологиялық сұйықтықтарда демонстрациялы сапалы реакциялармен ашу және алынған нәтижелерге негізделген дағдыларды қалыптастыру
ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:
Білім алушылар қабілетті болады:
Биологиялық маңызды моносахаридтердің кеңістіктік құрылымының өкілдері және молекуладағы хиралды орталықтың бар екендігін анықтау.
Моносахаридтердің маңызды өкілдерінің формулаларын көрсету және олардың реакциялық қабіліеттіліктерін түсіндіру..
Моносахаридтердің рекациялық қабілеттіліктерін бағалау үшін көмірсутектердің гомо және гетерофункционалды туындыларының реакциялық қабілеттіліктерінен алған білімдерін пайдалану.
Моносахаридтердің қасиеттері мен құрлысы туралы білімдерін жануарлар ағзасындағы бұл заттардың алмасуын түсіну үшін пайдалану.
Көмірсуларға сапалы реакцилар жасаудың нәтижесіне қортынды жасай білу, оларды биологиялық сұйықтықтарда моносахаридтердің ашу үшін қолдану.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
Көмірсулар, жіктелуі, маңызы.
Моносахаридтер.Функционал топтардың түрі бойынша (альдозалар, кетозалар) және көміртегі атомдарының саны бойынша (пентозалар, гексозалар).
Көмірсулардың стереоизомериясы.Энантиомерлер. Диастереомерлер. Эпимерлер.-,-аномерлер. Рацемат.
Глюкоза, галактозалар, манноза, фруктоза, рибоза, дезоксирибозаның оксо түрі және сақиналы түрін түзуі. Фишер формуласы. Циклооксотаутомерия. - және -аномерлер. Хеуорстың перспективті формулалары. Гликозидтік гидроксил.
-және -гликозидтердің түзілуі және қасиеттері.
Моносахаридтердің тотығуы: он, ар, урон қышқылдары. Урон қышқылдарының декарбоксилденуі.
Тотығу реакцияларына негізделген сапалық реакциялар: күміс айна (Толленс) және мыс гидроксидімен (II) (Троммер) және Фелинг реактивімен реакциялар.
Моносахаридтердің тотықсыздануы: маннит, сорбит, дульцит, ксилит.
Гидроксил тобы бойынша реакциялар: жәй және күрделі эфирлер, органикалық және минералды (Н2SО4, Н3РО4) қышқылдармен.
Аминоқанттар: глюкозамин, галактозамин. О- и N-ацил туындыларының түзілуі.
ОҚЫТУ әдістері:
Әдіс- үйлескен түрде:
үйлесімді сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша сұрау).
Үй тапсырмасын шығару.
Оқыту құралдары: оқу кестелер, тақырып бойынша сызба нұсқалар, тесттік тапсырмалар, билеттер.
