Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. ОМ Каз doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақтың хронометражы

Мазмұны

Әдістемелік қамту

Уақыт, мин

  1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)

5

  1. Ауызша сұрау

Силлабус,

Дәріс тақырыбы бойынша, оқытушының әдістемелік пікірі

20

  1. Лабораториялық жұмыс

Силлабус

15

  1. Нәтижелерді талдау және хаттама толтыру

Силлабус

10

Үзіліс 10 минут

  1. Шағын топтармен жұмыс

Лабораториялық жұмыс бойынша тапсырма

15

  1. Үй жұмысын тексеру (есептер, ситуациялық жаттығулар және тест тапсырмалары). Қиын тапсырманы талдау.

Жаттығулар,

Тесттік тапсырмалар

10

  1. Жазбаша сұрау.

Жазбаша алуға билеттер, тесттік тапсырма

20

  1. Қортынды шығару.

Оқу журнал

5

Шағын топтармен жұмыс:

Оқытушының нұсқауымен студенттер үш топқа бөлінеді, әр топқа ситуациялық есептер беріледі.Тапсырманы орындау алдында сабақтың тақырыбы студенттермен ауызша талданады. Тапсырманың орындалуы шағын топтарда талданады, содан кейін студенттердің біреу жауабын айтады. Тапсырманы бірінші орындаған, екі топқа, тағыды бір тапсырмадан беріледі. Барлық тапсырмаларды орындаған, топтар, үздік деп саналады. Талдау кезінде оқытушы студенттердің жұмысын бақылап және коррекция енгізіп отырады.

ӘДЕБИЕТтер:

Негізгі:

  1. Тюкавкина Н.A., Бауков Ю.И., “Биоорганическая химия“, Москва, 2006. -545б.

  2. Р.Д.Асанбаева, М.И.Ильясова “Биологиялық маңызды органикалық қосылыстардың құрылысы мен реакциялық қабілеттілігінің теориялық негіздері”, Алматы, 2003.- 90б.

  3. Р.Д.Асанбаева, Ш.Г.Салықова “Биоорганикалық химиядан практикум”Алматы, 2003.

  4. Асанбаева Р.Д., Ильясова М.И., Салыкова Ш.Г., “Биоорганикалық химиядан емдеу, бала емдеу, санитария-гигиена, тіс емдеу факультеттерінің студенттерінің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік құрал”, Алматы, 2003.- 50б.

  5. Асанбаева Р.Д “Биоорганикалық химиядан 1-ші курс студенттерінің өзіндік жұмысына арналған оқу -әдістемелік құрал”, Алматы, 2004. - 120б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Райс А. c соавторами «Основы органической химии», 1983.

  2. Степаненко Б.Н. «Курс органической химии», Москва,1981.

  3. Артеменко А.И. «Органическая химия. Теоретические основы, углубленныйкурс»,Москва , 1997.

  4. Шабаров Ю.Ф. «Органическая химия», Москва, 1996.

Лабораториялық жұмыстар:

Студенттер протокол толтырады (реакция химизмі, негізгі қорытындылар). Оқытушы студенттердің жұмысын бақылап оларды практикалық дағдыларға үйретеді

№ 1 ЖҰМЫС. ПИРИДИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

Реактивтер: пиридин, темір (III) хлоридінің 1% ерітіндісі, қызыл лакмус қағазы.

Пробиркаға 1 тамшы пиридин және 5-6 тамшы су қосып шайқаймыз.Пиридиннің тұнық ерітіндісі алынады, ол суда жақсы ериді. Пиридиннің өзіне тән өткір иісіне көңіл бөліңіздер (денатурат иісі). Пробирканы сәл еңкейтіп, лакмус қағазын пинцетпен ұстап пиридин ерітіндісіне батырыңыз. Қағаз көк түске боялады, яғни пиридин сумен негіз түзеді.

Осыдан кейін пиридин ерітіндісі бар пробиркаға 1-2 тамшы темір (III) хлориді ерітіндісін тамызыңыздар. Темірдің (III) қызыл күрең тұнбасы түзіледі..

Пиридиннің хлорлы сутекті тұзын алу схемасын жазыңыз.

№ 2 ЖҰМЫС. ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰЗДАРЫНЫҢ СУДА ЕРІГІШТІГІ

Реактивтер: зәр қышқылы, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі, қаныққан аммоний хлориді, көмір қықыл газ.

Зәр қышқылы екі түрлі таутомерия түрінде кездеседі:

2.1.Пробиркаға күрекшенің ұшымен зәр қышқылынан азғантай салыңыз. Оған тамшылатып су құйып, пробирканы шайқаймыз.8-10 тамшы су тамызғаннан кейінде, ерігендігі байқалмайды. Зәр қышқылы суда тіпті ерімейді.

2.2. Осы лайлы ерітіндіге 1-2 тамшы натий гидроксидін қосамыз. Ертінді еріп тұнық түске айналады.Зәр қышқылының лактим түрі сілтімен әрекеттесіп жақсы еритін орта тұз түзеді (натрий ураты).

Зәр қышқылының орта тұз түзу реакциясын жазыңыз:

Тура айтқанда бұл тұз емес, енолят. Зәр қышқылының қышқылдық қасиеті фенолда әлсіз берілген.

2.3. Екінші пробиркаға 1 тамшы аммоний хлоридінің ерітіндісін қосыңыз. Ақ тұнба ертінде зәр қышқылының аммоний тұзы түзіледі. Ураттағы екі натрий ионы, екі аммоний ионына алмасады.

Аммоний уратының түзілу схемасын жазыңыз.

№ 3 ЖҰМЫС. ЗӘР ҚЫШҚЫЛЫН АШУ (МУРЕКСИД ӘДІСІ).

Реактивтер: зәр қышқылы, концентрлі азот қышқылы, 10% аммиактың сулы ерітіндісі.

Фарфор пластинкаға күрекшенің ұшымен зәр қышқылынан кішкене салыңыздар, оның үстіне 1-2 тамшы азот қышқылын қосып жайлап кепкенше суалту керек. Суалтуды тартпа шкафының астында жүргізіңіздер. Кептірілгеннен кейін қалған қалдық ашық-қызыл түске боялады. Суытқаннан кейін бұл құрғақ қалдыққа 1 тамшы аммиак ертіндісін қосыңдар. Пурпур қышқылының аммиакты тұзы түзілуіне негізделген – мурексид (мурексидтік әдіс), яғни пурпурлі – күлгін түсті бояуды байқауға болады.

Мурексид әдісі зәр жолында пайда болған тастардың құрамындағы зәр қышқылын ашу жолында қолданылады.

Бұл әдіс кофеинді, теоброминді жәен пурин негіздерінің басқа туындыларын ашуға пқолданылады.

№ 4 ЖҰМЫС. НИКОТИННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ (АЛКАЛОИД ТЕМЕКІЛЕРІ).

Реактивтер: никотиннің судағы ерітіндісі, Люголь реактиві, 5% танин ерітіндісі, на пикрин қышқылының қаныққан ерітіндісі, 1% фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісі.

4.1. Пробиркаға 2-3 тамшы никотин ерітіндісін және 1 тамшы фенолфталеин тамызыңыздар. Қоспа малина түске боялғаны байқалады.Екі аминдік азоты бар, никотиннің бір азоты «ароматтық сақина» құрамына кірмейді, сондықтан ол күшті негіздік қасиет көрсетеді:

Никотиннің формуласын жазыңыз:

4.2.Үш пробирка алыпи 3 тамшыдан никотин ертіндісін тамызыңыздар. Бірінші пробиркаға 1 тамшы Люголь реактивін қосыңыз. Қоспадан қызыл-күрең түсті тұнба түзілгені байқалады. Екінші пробиркаға 1 тамшы танин қосыңыз. Ақ тұнба түзіледі. Үшінші пробиркаға 1 тамшы қаныққан пикрин қышқылын қосыңыздар, сары тұнба түзіледі. Никотин иодпен, танинмен, пикрин қышқылымен әрекеттесіп, суда нашар еритін өнімдер түзеді. Бұл тұнба түзу реакциялары жалпы көптеген алкалоидтарға тән қасиет, келтірілген реактивтер басқа да алкалоидтарға жалпы реактив болып табылады.

Тұнба түзу реакциялары сот-медициналық зерттеу кезінде, алкалоидтармен улану күдік тудырғанда қолданылады.

Бақылау:

  1. Осы сабақта бағалау компетенциясы тұрады:

  2. «Білім» бағалау компетенциясы: шағын топтармен жұмыс істеу кезінде, ауызша сұраудың жауаптарымен, ( ситуациялық есептерді шығару), ауызша сұрау (билеттер және тесттер), үй тапсырмаларын тексеру (жаттығулар, тесттер) бойынша өткізіледі.

  3. «Дағдылар» бағалау компетенциясы: ситуациялық есептердің, жаттығулардың нәтижелеріне интерпретация жасау біліктілігіне және практикалық сабақтың хаттамаларын толтыруын бақылау бойынша өткізіледі.

Ситуациялық есептер:

  1. Гликоген биосинтезіне глюкозаның активті формасы қатысады. 1-фосфат-Д-глюкопиранозаның уридинтрифосфатпен әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Белгілі, реакция нәтижесінде дифосфат бөлінеді.

  2. Гликолиздің стадиясының біреуіне глюкозаның АТФ-пен әрекеттесуі жатады. Реакция өнімдері:глюкоза 6-фосфат және АДФ. Реакция схемасын жазыңыз. Жаңа түзілген байланыс қалай аталады?

  3. Глюкозаның биосинтезі кезінде, НАД+ коферментінің қатысуымен алма қышқылы қымыздықсірке қышқылына айналады. Реакция қай типке жатады, кофермент НАД+ қандай рол атқарады?

  4. Келесі өзгерістердің схемасын жазыңыз: никотинникотин қышқылыникотинамид. Никотин қышқылы және оның амиді қандай витаминдер ботына жатады?

  5. Пиридинді сульфирлеу реакциясын жазыңыз. Реакция механизмін көрсетіңіз. Алынған өнім қандай антивитаминге жатады?

  6. Никотиннің лимон қышқылымен тұз түзу реакциясын жазыңыз.

  7. Қәр қышқылы ағзадағы метаболизмнің соңғы өнімі болып табылады. Ол ағзада қандай реакциядан, қандай заттардың нәтижесінде түзіледі? Бұл реакцияны жазыңыз.

  8. Зәр қышқылы қандай тұздар түзеді? Бұны қалай түсінуге болады? Зәр қышқылының аммоний гидроксидімен қышқылдық және орта тұздарының түзілу реакциясын жазыңыз.

№10 Тәжірибелік сабақ

ТАҚЫРЫП: Сабынданатын липидтер, стериндер,стеридтер, стероидтар және олардың туындылары. Майларға реакциялар. Қанықпаған жоғар май қышқылдарын ашуға реакциялар.

МАҚСАТЫ:

  1. Липидтердің жіктелуі, құрылысы, химиялық қасиеттері және негізгі қызметтері туралы түсінікті қалыптастыр.

  2. Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттерінің көрнекілік дағдылары және алынған нәтижелер негізіндегі дағдыларды жетілдіру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

Оқушы қабілетті болады:

  1. Жоғары қанықпаған май қышқылдарын ашуға көрнекілікті жұмыс жүргізу және липидтердің құрамына кіретін, жоғары май қышылдарының құрлысын талдау.

  2. Фосфоглицеридтердің құрылысының жалпы схемасын сыза білуді меңгеру.

  3. Липидтердің ағзадағы рөлін түсіндіру.

  4. Сабынданбайтын липидтердің құрлысын талдау.

  5. Жүргізілген реакциялардың нәтижелері бойынша студенттерді липидтердін жеке өкілдерінің қасиеттері мен құрылысына қорытынды жасай білуге үйрету.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Липидтер жіктелуі.

  2. Табиғи липидтердің құрамына кіретін, негізгі жоғары май қышқылдары. Алмастырылмайтын жоғары май қышқылдарыт (АЖМҚ) – «F» тобының витаминдері.

  3. Триацилглицирендер. Жай және аралас майлар. Қатты сұйық майлар. Йодтық сан – майдың қанықпағандық мөлщері. Сабындану саны.

  4. Фосфолипидтер. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін аминспирттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс.

  5. Фосфоглицеридтердің құрылысы. Фосфатид қышқылы. Фосфатидилсериндер, фосфатидилэтаноламиндер, фосфатидилхолиндер. Бұл қосылыстардың бифилдігі.

  6. Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттері: гидролизі (сабындану), тотығуы, гидрирлеу, йодпен жәнеа броммен әрекетесу рекациялары.

  7. Стериндер: холестерин, эргостерин. Табиғатта таралуы. Биологиялық ролі.

  8. Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуі.

  9. Д2 және Д3 витаминдерінің түзілуі. Маңызы.

  10. Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Дезоксихол қышқылы. Жұп өт қышқылдары: гликохол, таурохол қышқылдары.

ОҚЫТУ әдістері МЕН ҚҰРАЛДАРЫ:

Әдіс үйлестірілген

  1. Үйлестірілген сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша, сұрау)

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Құралдар: оқу кестелері, тақырып бойынша кестелер, тест тапсырмалары, билеттер.