Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД. ОМ Каз doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Алматы, 2014 ж

Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар) жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.

Хаттама №1, «_____» _ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев

ОСӨЖ №1

ТАҚЫРЫП: Тірі жүйе термодинамикасының негіздері. Биохимиялық реакциялар кинетикасы. Химиялық және биохимиялық процестердің сандық сипаттамасы

МАҚСАТТАРЫ:

  • Тірі ағзаны стационарлық термодинамикалық жүйе ретінде сипаттау

  • термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарын химиялық процестерде қолдана білуге және тірі ағзада жүретін реакция ерекшеліктерін ескеруге үйрету;

  • химиялық реакциялардың өздігінен жүру бағытын және жүйе параметрлері өзгеріске ұшырау кезінде химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжауға үйрету;

  • химиялық термодинамиканың негізгі заңдылықтары мен түсініктерін тірі ағзаға қолдану және ферментативті реакциялар кинетикасының ерекшеліктері мен адаптивті қайта тұрғызу принципін көрнекілікті қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

  • әр түрлі факторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгерісін есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  • термодинамика мен кинетиканың негізгі заңдылықтарының маңызын аша білуге үйрету;

  • термодинамикалық заңдылықтарды биохимиялық процестерді түсіндіруде қолдана білуге, тірі ағзаны термодинамикалық жүйе ретінде сипаттай білуге үйрету;

  • Гесс заңын, Вант-Гофф заңын (дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін анықтау әдісі), Ле Шателье принципін пайдалана отырып медициналық-биологиялық және фармацияда зерттеулер жүргізу әдістерімен таныстыру;

  • Михаэлис-Ментен теңдеуін пайдаланып, ферментативті катализ ерекшеліктерін және реакциялардың ретін анықтауды көрнекілікті көрсету;

  • әрекеттесуші заттар концентрациясы, жүйе қысымы және температураның өзгеруі барысында реакция жылдамдығынын өзгерісін есептей білу дағдыларына, химиялық тепе-теңдікті қарастыру үшін Ле-Шателье принципін қолдануды үйрету;

есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

ӨТКІЗУ ТҮРІ:

  • қарастырылатын тақырыптың жекеленген сұрақтарын тереңдетіп оқу;

  • ситуациялық есептер шығару

  • жеке тапсырмалардың орындалу нәтижелерін талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

  1. есептер (оқытушың таңдауы бойынша беріледі)

  • С6Н12О6(қ) + 6О2(г) → 6СО2(г) + 6Н2О(с) Стандартты жағдайда глюкозаның тотығу реациясының өздігінен жүретіндігін термодинамикалық есептеулердің көмегімен дәлелдеңіздер. Энтальпия мен энтропияның стандартты түзілу мәндері:

∆Н0f(Н2О) = -285, 84 кДж/моль; ∆Н0f(СО2) = -393, 51 кДж/моль;

∆Н0f(С6Н12О6) = -1274, 45 кДж/моль; ∆S0f(CO2) = 213, 64 Дж/моль∙К;

∆S0f(Н2О) = 69, 94 Дж/моль∙К; ∆S0f(С6Н12О6) = 212, 13 кДж/моль∙К; ∆S0f(О2) = 205, 03 Дж/моль∙К.

  • Адам ағзасында метоболизм нәтижесінде түзілетін глицерин ары қарай CO2(г) мен Н2О(г) айналады. , ∆G0түз(глицерин) = - 480 кДж/моль, ∆G0түз(CO2(г))= -394,4 кДж/моль, ∆G0түз(Н2О(г))=-228,6 кДж/моль-ге тең деп алып, глицериннің тотығу реакциясының (∆G0реак ) өзгерісін есептеңіз.

Көміртек, сутек және этил спиртінің жану жылулары сәйкес - 393, 51; - 285, 84; - 1366, 90 кДж/моль-ге тең деп алып, этанолдың стандартты түзілу жылуын есептеңіз.

  • Тура реакцияның жылдамдығы 2СО + О2 = 2CO2 қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 4 есе арттырса?

.

  • Реакция 2NО + О2 = 2NO2 теңдеуі бойынша жүреді. Әрекеттесетін заттар концентрациясы (моль/л): С(NО) = 0,8; С(О2) = 0,6. Реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер оттектің концентрациясын 0,9 моль/л, ал азот оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л арттырса.

  • Температураны 40 градусқа арттырғанда, реакция жылдамдығы қаншалықты өзгереді, реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса?

  • 353 К температурада реакция 20 секундта бітеді. Температура 293 К дейін төмендегенде реакция қанша уақытта аяқталады? Реакцияның температуралық коэффициенті 2,5-ке тең.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

  1. Термодинамикалық жүйе: жіктелуі, күйі, параметрлері.

  2. Термодинамиканың негізгі заңдылықтары: термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.

  3. Термохимия – негізгі түсініктері мен заңдылықтары (Гесс заңы және Гесс заңынан шығатын салдарлар, Лавуазье-Лапласс заңы).

  4. Тірі жүйе термодинамикасының ерекшеліктері. Термодинамикалық жүйенің стационарлы күйінің сипаттамасы. Энергетикалық қабысу принципі. Пригожин принципі.

  5. Реакцияның молекулалығы және реті.

  6. Реакцияның кинетикалық жіктелуі.

  7. Ферментативтің катализ ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.

  8. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта тұрғызу принципі.

Тесттер

1. «Дәнекерленген ампуладағы NaCl-нің 0,9%-дық ерітіндісі» - бұл жүйе болып табылады

1) гомогенді

2) гетерогенді

3) оқшауланған

4) жабық

5) ашық

2. Стандартты жағдайда жәй заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сііңірілетін жылу

1) жану энтальпиясы

2) бейтараптау энтальпиясы

3) стандартты түзілу жылуы

4) стандартты ыдырау жылуы

5) стандартты түзілу энтальпиясы

3. Стандартты жағдайларға сәйкес келетін параметрлердің мәндерін таңдаңыз:

1) температура t = 25oC

2) температура Т = 298 К

3) температура Т = 273 К

4) қысым р = 101,325 кПа

5) қысым р = 1,0 атм

4. Термодинамикалық процестің өздігінен жүруі мүмкін болмайтын жағдайды таңдаңыз:

1) G > 0

2) G < 0

3) H > 0; S < 0

4) H = TS

5) H < 0; S > 0

5. Стационарлық жағдайда термодинамикалық жүйеге тән тұжырымдама

1) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де алмаспайды

2) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де үздіксіз алмасады

3) термодинамикалық параметрлердің мәні жағынан тұрақты градиенттері (шамалары) болады

4) жүйе энтропиясы ең аз шамаға өзгереді Si /z0

5) жүйе энтропиясы үнемі артып отырады Si /z > 0

6. aА + bB + cC = mM + nN реакциясындағы (m + n) көрсетеді

1) N заты бойынша реакцияның ретін

2) B заты бойынша реакцияның ретін

3) C заты бойынша реакцияның ретін

4) тура реакцияның жалпы ретін

5) кері реакцияның жалпы ретін

7. w = k кинетикалық теңдеуіне сәйкес келетін реакция реті

1) нөлінші

2) бірінші

3) екінші

4) үшінші

5) бөлшек

8. химиялық реакциясы динамикалық тепе-теңдікте болады, егер

1) А заты 50% -ға В затына айналған болса

2) А заты 10% -ға В затына айналған болса

3) бірлік уақытта А затының айналу жылдамдығы В затының айналу жылдамдығына тең болса

4) В затының А затына айналу процесі басталған болса

5) А затының В затына айналуы аяқталған болса

9. N2(г) + O2(г)  2NO(г) тура реакция берілген. Жүйе қысымын 5 есе арттырғанда тура реакция жылдамдығы

  1. 5 есе артады

  2. 5 есе кемиді

  3. өзгермейді

  4. 25 есе артады

  5. 25 есе кемиді

10. Ферменттер

1) жоғары каталитикалық белсенділік көрсетеді

2) ерекшелігі жоқ

3) биохимиялық реакцияларға таңдамалы түрде әсер етеді

4) температураның үлкен аумағында белсенділік көрсетеді

5) рН-тың белгілі бір мәндерінде ғана белсенділік көрсетеді

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Сейтембетов Т.С. Химия. -А.: Білім, 1994.-223б.

  2. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. -А., 2001.-744б.

  3. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2009.- 42-47 б.

  4. Есімжан А. Жалпы химия практикумы. -А., 2004.-296б.

  5. Тест тапсырмаларын орындау (Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Құсаинова Ж.Ж., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия (бақылау тестері - Алматы: «Эверо», 2009.- 30-51 б.)

  6. Әмірқожаева Д.Ә. Физикалық және коллоидтық химия. –А., 2006.-240б.

  7. Абдрахманова Р.М. и др. Бионеорганическая и биофизическая химия: Задачи и упражнения. -А., 1995.-120б.

  8. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия. -М., 2001.-254б.

  9. Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию. -М.: ВШ, 1989.-256б.

  10. Ершов Ю.А. және т.б. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов. -М.: ВШ, 2003.-560б.

  11. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. –СПб.: Химиздат, 2001. -152 бет.

Қосымша:

  1. Қоқанбаев Ә.Қ. Физикалық химияның қысқаша курсы. –А.: Білім, 1996.-224б.

  2. Аханбаев К. Жалпы және анорганикалық химия. А.: Санат, 1999.-123бт.

  3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық химия практикумы. –А.: Мерсал, 2000.-160б.

  4. Евстратова К.И. және т.б. Физическая и коллоидная химия. -М.: ВШ, 1990.-487б.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия: Учебное пособие для вузов / Под ред. А.И.Ермакова –М.: Интеграл-Пресс, 2006.-728б.

№2 ОСӨЖ

ТАҚЫРЫП: Ерітінді құрамының және оның коллигативті қасиеттерінің сандық сипаттамалары. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер. Осмос, гемолиз, плазмолиз

МАҚСАТТАРЫ:

  • ерітінділердің коллигативті қасиеттері туралы түсінікті қалыптастыру;

  • қанға изотонды болатын заттар ерітінділерінің концентрациясын есептеуді үйрету;

  • изотонды және гипертонды ерітінділердің медицинада қолданылуын негіздеу;

  • изотонды концентрацияны және осмостық қысымды есептеуге арналған есептерді шығару арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.

оқыту міндеттері:

  • Рауль заңы және одан шығатын салдарлардың, Вант-Гофф заңының физикалық-химиялық мәнін аша білу;

  • тірі жүйелердегі осмостың роліне (тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз, биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльдігі) қатысты мысалдарды келтіру арқылы көрнекілікті көрсету;

  • медициналық практикада изотонды және гипертонды ерітінділерді қолдану туралы ақпарат беру;

  • медициналық-биологиялық зерттеулерде еріген заттың молярлы массасын, диссоциациялану дәрежесі мен изотонды коэффициентін анықтау үшін криометрия, эбуллиометрия және осмометрия әдістерін пайдалану мүмкіндігін көрсете білу;

  • есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- семинар (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында оқу бағдарламасын топ бойынша талқылау);

- шағын топтарда жұмыс істеу;

- кейс-стади (ситуациялық есептерді шығару).

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Сілтімен күйіп қалған кезде терінің күйген жерін алдымен сумен жуады, сонан соң сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен бейтараптайды. Егер қышқылдың массалық үлесі 60%-ға тең болса, массасы 600г 1%-дық ерітінді дайындау үшін сірке эссенциясының қандай массасы қажет?

  • Аш адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының массалық үлесі орта есеппен 0,05%-ды құрайды. 0,5 л асқазан сөліндегі HCl зат мөлшерін есептеңіз. Асқазан сөлінің тығыздығы 1,005 г/мл.

  • Кальций хлориді медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 100 мл 3%-дық кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристалдық CaCl2∙6H2O және су қажет? (ρ=1г/мл) Ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?

  • Жасушаны қоршап тұрған ортадағы натрий хлоридінің гемолиз басталғандағы концентрациясы эритроциттердің осмостық тұрақтылығының (резистенттілігінің) көрсеткіші болып табылады. Адамның эритроциттерінде гемолиз натрий хлоридінің 0,4%-дық ерітіндісінде басталады, ал NaCl-ң 0,34%-дық ерітіндісінде «осмостық сандырақ (шок)» болады. Ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл деп есептеп, 37оС кезінде осы ерітінділердің осмостық қысымын есептеңіз.

  • Таза судың бетіндегі қаныққан бу қысымы 25оС-та 3,166 кПа-ны құрайды. Осы температурада 5%-дық карбамид (мочевина) CO(NH2)2 ерітіндісінің бетіндегі будың қаныққан қысымын табыңыз.

  • 20оС температурада, құрамында 6,33г қанды бояйтын заты - гематин бар 100 мл ерітіндінің осмостық қысымы 243,4 кПа құрайды. Гематиннің молярлық массасын анықтаңыз.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

  1. Сұйытылған ерітінділердің коллигативті қасиеттері.

  2. Раульдің бірінші заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар.

  3. Осмос. Осмостық қысым. Вант-Гофф заңы. Тірі және өсімдік ағзаларында осмостың биологиялық ролі. Онкотикалық қысым.

  4. Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттерінің ерекшеліктері. Изотонды коэффициент.

  5. Изотонды ерітінді деген не? Қан плазмасына изотонды, медицинада қолданылатын ерітінділерге мысалдар келтіріңіз.

  6. Гипер- және гипотонды ерітінділер деген түсініктерге анықтама беріңіз. Медициналық практикада гипертонды ерітінділердің қолданылуы неге негізделген? Жасушаны гипо- және гипертонды ерітінділерге батырғанда қандай құбылыстар байқалады? Тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз деген түсініктерге анықтама беріңіз.

  7. Осмолярлық, осмоляльдік дегне түсініктерге анықтама беріңіз. Бұл шамалар қалай есептеледі?

Тесттер

1. Эквиваленттің молярлықконцентрациясы

1) формуласы бойынша анықталады

2) формуласы бойынша анықталады

3) формуласы бойынша анықталады

4) өлшем бірлігі - моль/л

5) өлшем бірлігі - моль/кг

2. Байланыстырғыш зат ретінде және іріңдеуге қарсы қолданылатын мырыш хлоридінің 5 грамын 100 грамм ерітіндіде еріткендегі мырыш хлоридінің молярлық және моляльдік концентрациясын анықтаңыздар. (ерітінді тығыздығы 1 г/мл)

1) С = 0,368 моль/л

2) С = 3,68∙10-4 моль/л

3) b = 3,87∙10-4 моль/кг

4) b = 0,387 моль/кг

5) b = 0,368 моль/кг

3. Тірі ағзада диффузия арқылы жүретін процестер

1) ағзадағы қорекьтік заттардың тасымалдануы

2) жүйке импульсінің жеткізілуі

3) биохимиялық реакциялардың жеделдетілуі және баяулатылуы

4) ағзаның ұлпалары мен мүшелеріне дәрілік заттарды жеткізу қызметі

5) метаболизм өнімдерінің тасымалдануы

4. Ерітіндінің коллигативті қасиеттері

1) еріткіш табиғатына тәуелді

2) еріген зат табиғатына тәуелді

3) температураға тәуелді

4) еріген зат бөлшектерінің санына тәуелді

5) еріген зат табиғатына тәуелсіз

5. Бейэлектролиттердің сулы ерітінділері

1) 100 0С-тан төмен температурада қайнайды

2) 100 0С-тан жоғары температурада қайнайды

3) 0 0С-тан төмен температурада қатады

4) 0 0С-тан жоғары температурада қатады

5) 100 0С-тақайнап, 0 0С-та қатады

6. Бір-біріне изотонды болатын ерітінділер

1) 0,1 моль/л Na2SO4

2) 0,1 моль/л NaCl

3) 0,1 моль/л К3РО4

4) 0,1 моль/л KCl

5) 0,1 моль/л глюкоза ерітіндісі

7. Қан плазмасына гипертонды ерітінділер

1) 10% NaCl

2) 0,9 % CaCl2

3) 0,1 % NaCl

4) 0,01 % NaCl

5) 0,9 % NaCl

8. Электролит ерітінділерінде

1) i >1

2) α > 1

3) i < 1

4) α ≤ 1

5) α = 0

9. Судың эбуллиоскопиялық константасы 0,520-ге тең. Калий хлоридінің 1 моляльдік ерітіндісі толық (100%) диссоциацияланды деп санағанда, оның қайнау температурасы тең болады

1) 100 0С

2) 99,48 0С

3) 100, 52 0С

4) 98,96 0С

5) 101,04 0С

10. Ішті жүргізетін препаратттардың (ащы тұз MgSO4∙7H2O және глаубер тұзы Na2SO4∙10H2O) әсерінен ағзада

1) осмос процесі жүреді

2) ішекте гипертондық орта пайда болады

3) ішекте гипотондық орта пайда болады

4) судың көп мөлшері жасушааралық кеңістіктен ішекке өтеді

5) су ішектен жасушашаралық кеңісмтікке қарай өтеді

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов Т.С. Химия.- Алматы, 1994.- 37-44 б.

  2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М., 2001.-21-51 б.

3. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.- 93-125 б.

4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2009.- 48-66 б.

5. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2001.- 16-50 б.

6. Рубина Х.М. и др. Практикум по физической и коллоидной химии.–М., 2001.–4-13 б.

Қосымша:

1. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 42-80 б.

2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 124-152 б.

3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: медициналық ЖОО-на арналған оқу құралы.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 208-240 б.

4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 125-143 б.

5. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: құрал.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 68-84, 120-121 б.

6. Евстратова К.И. және тағы басқалар. Физическая и коллоидная химия. – М.: ВШ, 1990. - 260-302 б.

7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: ЖОО-на арналған оқу құралы– Алматы.:Білім, 2001.

ОСӨЖ №3

ТАҚЫРЫП: Күшті және әлсіз электролиттердің сулы ерітінділерінің рН-н есептеу. Ағзаның буферлік жүйелері: құрылымы, әсер ету механизмі. Ацидоз. Алколоз

МАҚСАТТАРЫ:

  • ағзадағы протолиттік тепе-теңдіктер және процестерді сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • Ағзаның буферлік жүйелері және олардың қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұруда атқаратын рөлі жайлы түсініктер қалыптастыру;

  • адам денсаулығының бір факторы ретінде - ағзадағы қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру механизмін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.

оқыту міндеттері:

  • қышқылдар, негіздер және буферлік ерітінділердің сутектік көрсеткішін рН-н есептеу білудің дағдыларын қалыптастыру;

  • буферлік жүйелер және олардың жіктелуі туралы түсінікпен таныстыру және ағзадағы буферлік жүйелердің мысалында буферлік әсер ету механизмінің мәнін ашу;

  • нормада және патология күйінде болатын адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН мәндерінің интервалдары туралы ақпарат беру;

  • қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіру, ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттау;

  • есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.

ОҚЫТУ әдістері:

- дискуссия (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау)

- есептер шығару;

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

Есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.

  • Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.

  • рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.

  • Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.

  • Массасы 0,5 г аскорбин қышқылының таблеткасын суда еріткенде алынған ерітіндінің көлемі 0,4 л-ге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің рН-н есептеп табу керек (аскорбин қышқылы үшін Ка мәні 8,0∙10-5).

  • 100 мл қанға рН мәні 7,36-дан 7,00-ге дейін өзгерту үшін 36 мл 0,05н HCl ерітіндісін қосу қажет. Қанның қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу керек.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

  1. Бренстед - Лоуридің протолиттік теориясы. Бренстед - Лоури теориясына сәйкес қышқыл мен негізге анықтама беріңіз.

  2. Нормада және патологияда адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәндері рН различных жидкостей человеческого организма в норме и при патологии. Неліктен ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажет?

  3. Иондану дәрежесі мен константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.

  4. Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмін талдаңыз. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі олардың биологиялық ролі қандай?

  5. Ацидоз деген не? Метаболиттік және респираторлық ацидозды қандай себептер тудырады? Алкалозға түсініктеме келтіріңіз. Алкалоздың пайда болу себебіне не жатады?

  6. Күшті және әлсіз қышқыл ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын қалай есептейді? Күшті және әлсіз негіз ерітінділеріндегі гидроксил иондарының концентрациясын қалай есептейді?

Тесттер

1. 25 °С-де бейтарап орта және таза су үшін

1) рН = 7

2) рН > 7

3) рН < 7

4) [Н+] = 10-7 моль/л

5) [Н+] < 10-7 моль/л

2. Егер Сн+ = 10-4 моль/л болса, Сон- (моль/л ) тең болады

1) 14

2) 10-14

3) 10-7

4) 10-10

5) 10-4

3. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісі үшін дұрыс тұжырым

1) [H+] = 10-11 моль/л

2) [OH-] = 10-11 моль/л

3) [H+]  [OH-]

4) [H+]  [OH-] = 10 -14

5) [H+]  [OH-]

4. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі =0,01 бір қышқылды әлсіз негіз ерітіндісі үшін иондану константасы Kb (моль/л) тең

1) 10-2

2) 10-3

3) 10-4

4) 10-5

5) 10-6

5. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану кончстантасы Ка =10-7 бір негізді әлсіз қышқыл ерітіндісі үшін иондану дәрежесі  тең

1) 0,1

2) 0,01

3) 0,001

4) 10-4

5) 10-5

6. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына кіреді

1) Na3PO4

2) Na2HPO4

3) NaH2PO4

4) Na3PO4

5) Ca3(PO4)2

6. 10 мл қанға 2 мл Сн(НСl) = 0,1 моль/л тұз қышқылын қосқанда рН 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгерді. Қанның буферлік сиымдылығын (ммоль/л) анықтаңыз

1) 200

2) 100

3) 50

4) 150

5) 75

7. 0,1 М құмырсқа қышқылының 200 мл ерітіндісіне 100 мл 0,1 М натрий формиатының 100 мл ерітндісін қосқанда (рК(НСООН) = 3,75) пайда болған ерітндінің рН-ң мәні тең

1) 4,40

2) 4,05

3) 3,75

4) 3,45

5) 2,65

8. Алкалоз кезінде

1) ағзаның реакция ортасы сілтілік бағытқа қарай ығысады

2) сутек иондарының концентрациясы артады

3) сутек иондарының концентрациясы кемиді

4) рН өзгермейді

5) рН артады

9. Фосфатты буферлік жүйеге HCl қосқанда

1) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды

2) гидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді

3) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы жоғарылайды

4) дигидрофосфат-аниондардың активті концентрациясы төмендейді

5) иондардың концентрациясы өзгермейді

10. Өкпеде СО2 мөлшерінің көбеюіне әкеліп соғатын, өкпенің тыныс алу қызметтерінің бұзылуынан туындайтын -бронхит, өкпе қабынуы тәрізді аурулар кезінде

1) метаболиттік алкалоз байқалады

2) респираторлық алкалоз байқалады

3) респираторлық ацидоз байқалады

4) метаболиттік ацидоз байқалады

5) таза ауада серуендеуге кеңес беріледі

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов Т.С. Химия.- Алматы, 1994.- 37-44 б.

  2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М., 2001.-21-51 б.

  3. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.- 93-125 б.

  4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы- Алматы: «Эверо», 2009.- 48-66 б.

  5. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2001.- 16-50 б.

  6. Рубина Х.М. и др. Практикум по физической и коллоидной химии.–М., 2001.–4-13 б.

Қосымша:

1. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 42-80 б.

2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 124-152 б.

3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: медициналық ЖОО-на арналған оқу құралы.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 208-240 б.

4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 125-143 б.

5. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: құрал.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 68-84, 120-121 б.

6. Евстратова К.И. және тағы басқалар. Физическая и коллоидная химия. – М.: ВШ, 1990. - 260-302 б.

7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: ЖОО-на арналған оқу құралы– Алматы.:Білім, 2001.

ОСӨЖ №4

ТАҚЫРЫП: Жылжымалы және жылжымайтын фазалар бөліну беттері аралығындағы адсорбция. Коллоидты ерітінділерді алу тәсілдері, олардың қасиеттері және оларды тазарту әдістері. Мицелланың құрылысы. Диализ.

МАҚСАТТАРЫ:

  • беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру және әртүрлі теориялардың көмегімен (Лэнгмюр, Фрейндлих, БЭТ) қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттауға дағдыландыру;

  • дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, тазарту әдістері, олардың қасиеттерін зерттеу жайлы, негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттері туралы және олардың медициналық қолданылу мүмкіндігі жайында түсінікті қалыптастыру;

  • коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы және олардың коагуляциялану заңдылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;

  • биологиялық жүйелерді - дисперсті жүйелер ретінде түсінікті қалыптастыру;

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  • беттік құбылыстарды сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • адсорбцияның негізгі теориялары туралы ақпарат беру және Гиббс, Лэнгмюр, Фрейндлих теңдеулерін қозғалмалы және қозғалмайтын фазалар бөліну бетінде адсорбция процесін сипаттау үшін үйрету;

  • дисперстік жүйелердің негізгі қасиеттерін (оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрокинетикалық) сипаттай білуге үйрету;

  • Панет-Фаянс, Ребиндер және пен Шульце-Гарди ережелерін қолдануды үйрету;

  • коагуляция, коллоидтық қорғау процестерінің мәнін және оның биологиялық рөлін түсіндіру;

  • электрофорездің, диализдің медициналық тәжірибеде қолданылуын түсіндіру және аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялардың медицинада қолданылуы туралы ақпарат беру.

ӨТКІЗІЛУ ТҮРІ:

- семинар (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау);

- есептерді шығару және жаттығулар орындау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Ерітіндідегі новокаин мен кокаиннің концентрациясы 0,2 моль/л-ден 0,15 моль/л-ге дейін төмендегенде беттік керілу шамасы 6,9∙10-2 Н/м-ден 7,1∙10-2 Н/м-ге дейін, ал кокаин ерітіндісінде 6,5∙10-2 Н/м-ден 7,0∙10-2 Н/м-ге дейін көтерілді. 25оС температурада, берілген концентрация интервалында новокаин мен кокаинның сулы ерітінділерінің адсорбция шамаларын салыстырыңыз.

  • Күкірт қышқылын суда еріткенде адсорбция типін және шамасын анықтау керек (t = 18оС), егер H2SO4 судағы концентрациясы 2,33 моль/л-ді құрайтын болса, ал ерітіндінің беттік керілуі 75,20∙10-3Н/м-ге, судың беттік керілуі - 73,05∙10-3Н/м-ге тең болса.

  • Адсорбент бетіндегі сірке қышқылының адсорбциясы үшін Фрейндлих теңдеуіндегі константалар тең: К = 0,50 моль/г, n = 0,45. Тепе-теңдік концентрациясы 0,22 моль/л-ге тең болғандағы адсорбцияшамасын есептеп шығару керек.

  • 4 л темір (III) гидроксидіні золінің коагуляциясы 0,91 мл магний сульфатының 10%-дық ерітіндісін (тығыздығы1,1 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді сульфат-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.

  • Алюминий гидроксидінің золін дихромат-иондармен коагуляциялау табалдырығы 0,63 ммоль/л-ге тең. 1,5 л зольді коагуляциялау үшін (ρ=1,07 г/мл) 10%-дық калий дихроматының ерітіндісінің қандай көлемі қажет болады?

  • 1,5 л алтын сульфиді золінің коагуляциясы 570 мл натрий хлоридінің 1,5%-дық ерітіндісін (тығыздығы 1,02 г/мл) қосқанда пайда болды. Зольді натрий-иондарымен коагуляциялау табалдырығын есептеңіз.

Тапсырмалар (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Золь мицеллаларының формулаларын жазыңыз:

  • барий хлоридімен тұрақтандырылған барий карбонаты золінің;

  • күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің;

  • гидролиз реакциясымен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

  • адсорбциялық пептизация тәсілімен алынған темір (III) гидроксиді золінің;

пептизатор – темір (III) хлориді;

  • химиялық пептизация тәсілімен алынған темір гидроксиді (III) золінің;

пептизатор – хлорсутек қышқылы;

  • темір (III) хлоридімен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  • калий (II) гексацианоферратымен тұрақтандырылған берлин көгі золінің;

  • калий хлоридімен тұрақтандырылған қорғасын (II) хлориді золінің;

  • калий сульфатымен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің;

  • Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан оң зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K3PO4; Ca(NO3)2; CaCl2; BaCl2; Na2CO3.

  • Шульц-Гарди ережесі бойынша берілген электролиттер арасынан теріс зарядты золь үшін коагуляциялау қабылеті ең жоғары болатын электролитті таңдаңыз: K2CO3; NaNO3; CaCl2; FeCl3; NaCl.

БАҚЫЛАУ

Бақылау сұрақтары

  1. Қандай құбылыстар беттік құбылыстар деп аталады? Адсорбция, десорбция, беттік активтілік, адсорбциялық тепе-теңдік деген үғымдарға анықтама беріңіз.

  2. Жылжымалы бөліну беті аралығындағы адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік активті заттар. Биологиялық мембрананыің құрылымы.

  3. Гиббс теңдеуін келтіріңіз. Оң және теріс адсорбция арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. Беттік керілу изотермасы деп нені айтады? Адсорбция изотермасы деп нені айтады ? Дюкло-Траубе ережесіне анықтама беріңіз.

  4. Жылжымайтын бөліну беті аралығындағы адсорбция. Ленгмюр теориясының негізгі қағидаларына анықтама беріңіз. Ленгмюр адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Фрейндлих адсорбциясының теңдеуін келтіріңіз. Панет-Фаянс ережесінің мәні неде?

  5. Қандай құбылыстарды электрокинетикалық деп атайды? Электрофорез бен электроосмос ұғымдарына анықтама беріңіз және құбылыстардың маңызын түсіндіріңіз.

  6. Коллоидты жүйелердің тұрақтылығы және коагуляциясы. Зольдердің коагуляциясын туғызатын факторлар. Коагуляция табалдырығы, коагуляциялау қабілеті. Коллоидты қорғау деген не? Коллоидты қорғау құбылысының биологиялық ролі. Щульце-Гарди ережесі.

  7. Дөрекі дисперсті жүйелердің фазалардың агрегаттық күйі бойынша жіктелуі. Аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар. Медицинада қолданылатын дөрекі дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіз.

Тесттер

1. Беттік активтілік шамасы максималды болатын затты таңдаңыз

1) СН3СООН

2) С2Н5СООН

3) НСООН

4) С4Н9СООН

5) С3Н7СООН

2. Беттік активті емес затқа (БАЕЗ) жатады

1) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде өзгертпейді

2) ерігенде фазалардың бөліну бетінде беттік керілуін іс жүзінде төмендетеді

3) ер-ді = o

4) ер-ді > o

5) Г  0

3. Панет-Фаянс ережесі бойынша ерітіндіден AgCl кристалдары бетіне адсорбцияланатын иондар:

1) К+

2) Сl-

3) Ва2+

4) Аg+

5) SО42-

4. Қанның ұюын алдын алу мақсатында қанды консервілеу кезінде Ca2+ иондарын кетіруге көмектеседі

1) хроматоргафия

2) электрофорез

3) диализ

4) молекулалы адсорбция

5) ион алмасу адсорбциясы

5. Уланғанда және метеоризмде активтендірілген көмірдің қолданылуы негізделген қабілет

1) артериальы қысымды жоғарылату

2) артериалды қысымды төмендету

3) полярлығы аз заттардың газдарын және молекулаларын адсорбциялау

4) капиллярлар қабырғаларының өтімділігін арттыру

5) ерітіндімен иондар бойынша алмасу

6. Күміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золіне сәйкес келетін мицелла формуласы

1) {m(АgВr) n К+(n-х)Cl-}x+ хСl-

2) {m(АgВr) n Br-(n-х)K+}x- хK+

3) {m(АgВr) n SO42- 2(n-х)Na+}2x- хNa+

4) {m(АgВr) n Ag+(n-х)NO3-}x+ хNO3-

5) {m(АgВr) n J-(n-х)K+}x- хK+

7. Мицелланың формуласын жазуда потенциаланықтаушы иондар таңдалатын ереже

1) Шульце-Гарди

2) Вант-Гофф

3) Панет-Фаянс

4) Менделеев-Клапейрон

5) Дюкло-Траубе

8. Ақуыздардың лиофобты зольдердің тұнбаға түсіп және тамырлар қабырғаларында холестеринді түйіндақтың жинақталуына кедергі жасау қабілеті аталады

1) коагуляция

2) седиментация

3) коацервация

4) коллоидты қорғау

5) синерезис

9. Коагуляциялау қабiлетi ең жоғары ионды таңдаңыз:

1) K+

2) Al3+

3) Na+

4) Ca2+

5) Ba2+

10. Оң зарядталған бөлшектері бар зольді коагуляциялау әсері жоғары ионды таңдаңыз

1) K2SO4

2) NaNO3

3) CaCl2

4) FeCl3

5) K3РO4

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов Т.С. Химия.- Алматы, 1994.- 23-37 б.

  2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М., 2001.-101-131 б.

  3. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.- 55-92 б.

  4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы -29-47 б.

  5. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2004.- 102-120 б.

  6. Рубина Х.М. и др. Практикум по физической и коллоидной химии. – М., 2001. – 71-89 б.

Қосымша:

    1. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 391-422 б.

    2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 96-123 б.

    3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: медициналық ЖОО-на арналған оқу құралы.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 174-178, 182-207 б.

    4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 107-124 б.

    5. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: құрал.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 200-239 б.

    6. Евстратова К.И. и др. Физическая и коллоидная химия. – М.: ВШ, 1990. - 260-302 б.

    7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: ЖОО-на арналған оқу құралы– Алматы.:Білім, 2001.

ОСӨЖ №5

ТАҚЫРЫП: Аралық бақылау №1

МАҚСАТТАРЫ:

  • бейорганикалық, физикалық және коллоидты химияның зерттелген тараулары бойынша студенттердің білімін бағалау;

  • есептерді шығаруда игерген дағдыларын бақылау;

  • биологиялық және медициналық маңызды зерттелген сұрақтарды қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;

  • ақпаратпен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  • аралық бақылау тақырыптары бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;

  • ағзада жүретін процестердің негізгің заңдылықтары мен мәнін термодинамикалық, кинетикалық, протолиттік тепе-теңдік және т.б. тұрғыдан түсіну деңгейін бақылау

  • электрохимия негіздерін, беттік құбылыстардың физика-химиялық негізі мен негізгі түсініктерін, хроматографиялық талдау негіздері бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау;

  • дисперсті жүйелердің жіктелуі, алыну, тазарту әдістерімен физика-химиялық қасиеттерінен сұрақтар бойынша студенттердің білім деңгейін тексеру;

  • комплексті қосылыстар мен биогенді элементтердің биологиялық рөлі және қосылыстарының медицинада қолдануы бойынша сұрақтарды қарастыру;

  • жоғарыда аталған тақырыптардың медициналық-биологиялық аспектісін қарастыру;

  • жаңа терминдерді игеру деңгейін бақылау.

ОҚЫТУ әдістері:

Үйлескен түрде:

- жазбаша бақылау;

- әңгімелесу

БАҚЫЛАУ

Бағаланатын құзыреттіліктер:

  1. Білім.

  2. Коммуникативтік дағдылар.

Бақылау әдістері:

  1. Жазбаша тапсырманы орындау.

  2. Есептерді шығару, оқытушының сұрағына жауап беру

Бақылау сұрақтары

  1. Ерітінділер теориясының негізгі түсініктері. Ерітінділердің құрамын өрнектеу тәсілдері: массалық үлес, молярлық масса, эквивалентті молярлы концентрация, мольдік үлес, моляльді концентрация, ерітіндінің титрі.

  2. Бейэлектролиттердің және электролиттердің сұйытылған ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Рауль заңынан шығатын салдарлар. Осмос. Осмос. Осмостық және онкотикалық қысым. Вант-Гофф заңы. Биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльділігі. Осмостың биологиядағы және медицинадағы рөлі.

  3. Электролиттік диссоциация. Аррениустің электролиттік диссоциациялану теориясы. Бренстед–Лоури протолиттік теориясы.Сутектік көрсеткіш рН – орта қышқылдығының сипаттамасы ретінде. Оствальдтың сұйылту заңы.

  4. Тірі ағзадағы электролиттер. Қалыпты жағдайда және патология кезіндегі адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН-ң мәні. Ағзада қышқылдық-негіздік гомеостазды бір деңгейде ұстап тұру қажеттілігі.

  5. Буферлік жүйелер. Анықтамасы, жіктелуі, құрамы. Буферлік ерітінділердің рН-н есептеу (Гендерсон-Гассельбах теңдеуі). Гидрокарбонатты, гемоглобинді, ақуызды және фосфатты буферлік жүйелердің әсер ету механизмі. Буферлік сыйымдылық.

  6. Қандағы буферлік жүйелер, олардың ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етудегі биологиялық рөлі. Қандағы буферлік жүйелердің күштілігінің салыстырмалы сипаттамасы. Ацидоз. Алкалоз.

  7. Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық жүйелердің жіктелуі. Термодинамикалық жүйенің күй жағдайлары. Термодинамиканың бірінші заңы.

  8. Термохимия. Химиялық реакцияның жылу эффектісі. Термохимиялық теңдеулер. Лавуазье-Лаплас заңы. Гесс заңы мен одан шығатын салдарлар. Тағамдық өнімдердің калориялығын есептеу принциптері.

  9. Термодинамиканың екінші заңы. Энтропия. Гиббстің бос энергиясы - процестің өздігінен жүру критерийі ретінде. Энтальпиялық және энтропиялық факторлар.

  10. Тірі ағза термодинамикасының ерекшеліктері. Стационарлы термодинамикалық жүйенің сипаттамасы. Энергиялық қосарлану принципі. Пригожин принципі.

  11. Химиялық реакция жылдамдығы. Реакцияның орташа және шынайы жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Массалар әрекеттесуші заңы. Вант-Гофф ережесі.

  12. Реакцияның молекулалығы және реті. Әр түрлі ретті реакциялар үшін кинетикалық теңдеулер. Реакция ретін анықтау.

  13. Ферментативті катализ. Ферментативті катализдің ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.

  14. Химиялық тепе-теңдік күйі. Химиялық тепе-теңдік тұрақтысы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта құру принципі.

  15. Биогенді элементтер. Биогенді элементтердің жіктелуі. Биогенді элементтердің атомдар құрылысының ерекшеліктері.

  16. s-, p-, d- элементтері, қасиеттері мен оның қосылыстарының медициналық-биологиялық рөлі. Экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.

  17. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстардың құрылысы, изомериясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплексті ионның тұрақсыздық константасы.Тірі ағзадағы комплексті қосылыстар.

  18. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық рөлі. Тірі ағзадағы металды-лигандты гомеостаз және оның бұзылуы. Хелаттардың құрылысы мен қасиеттері. Хелатотерапия.

  19. Электрод. Электродты потенциал. Нернст теңдеуі. Электродтардың жіктелуі: I және II текті электродтар, редокс-электродтар, анықтауыш және салыстырушы электродтары, ионселективті электродтар.

  20. Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші.

  21. Диффузиялық және мембраналық потенциалдар: пайда болу механизмі, биологиялық рөлі.

  22. Беттік құбылыстар. Жылжымалы фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Гиббс теңдеуі. Беттік-активті заттар.

  23. Жылжымайтын фазалар бөліну бетіндегі адсорбция. Лэнгмюр және Фрейндлих теңдеулері. Ерітіндіден адсорбцияның негізгі заңдылықтары. Ионалмасу адсорбциясы. Медицинада қолданылуы.

  24. Хроматографиялық талдау әдістері. Биология мен медицинада қолданылуы.

  25. Дисперсті жүйелер. Дисперсті жүйелердің жіктелуі. Коллоидты ерітінділерді алу әдістері. Мицелла құрылысы.

  26. Дисперсті жүйелердің қасиеттері: молекулярлық-кинетикалық, электрокинетикалық, оптикалық Электрофорез. Электроосмос. Медицинада қолданылуы.

  27. Коллоидты ерітінділерді тазарту әдістері: диализ, электродиализ, ультрасүзгілеу. Диализдің медицинада қолданылуы.

  28. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы мен олардың коагуляциясы. Коллоидты қорғау. Ағзадағы атқаратын рөлі.

  29. Дөрекі дисперсті жүйелер: аэрозольдер, суспензиялар мен эмульсиялар. Медицинада қолданылуы.

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Сейтембетов Т.С. Химия.- Алматы, 1994.- 23-37 б.

  2. Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М., 2001.-101-131 б.

3. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.- 55-92 б.

4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы -29-47 б.

5. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2004.- 102-120 б.

6. Рубина Х.М. и др. Практикум по физической и коллоидной химии. – М., 2001. – 71-89 б.

Қосымша:

1. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 391-422 б.

2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 96-123 б.

3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: медициналық ЖОО-на арналған оқу құралы.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 174-178, 182-207 б.

4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 107-124 б.

5. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: құрал.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 200-239 б.

6. Евстратова К.И. и др. Физическая и коллоидная химия. – М.: ВШ, 1990. - 260-302 б.

7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: ЖОО-на арналған оқу құралы– Алматы.:Білім, 2001.

ОСӨЖ №6

ТАҚЫРЫП: Тіршілік процестеріне қатысатын гетерофункционалды қосылыстар

МАҚСАТЫ:

Научиться решать схемы реакции с гетерофункциональными соединениями, используя знания о химических свойствах гомофункциональных соединений.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:

Студент үйрене білуі керек:

  1. Негізгі гетерофункционалды органикалық қосылыстардың формулаларын дұрыс жазу және халықаралық, рационалды номенклатуралары бойынша атай білуді.

  2. Гетерофункционалды қосылыстардың функционалды топтарына қарай химиялық қасиеттерін анықтай білуді.

  3. Оқытушының берген ситуациялық есептерінің тиімді шығару әдістерін таңдауды.

  4. Студентті кәсіби әдебиеттерді оқуға және интернеттен ақпаратарды іздеуге ынталандыруды.

ОРЫНДАЛУ ТҮРЛЕРІ :

  • Тақырыптың сұрақтарын оқу ;

  • Типтік тапсырмаларды орындау;

  • Оқытушыдан кеңес алу;

  • Орындалған тапсырмаларды оқытушымен бірге талдау.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМА:

  1. Тақырыптың сұрақтары бойынша конспект дайындау.

  2. Оқытушы берген тапсырмаларды орындау.

БЕРІЛЕТІН материал:

Тапсырмалар:

  1. Гидроксибутан қышқылының структуралық және оптикалық изомерлерін жазыңыз. Оларды халықаралық және рационалды атымен атаңыз.

  2. Келесі қосылыстарды атаңыз:

1) 2) 3)

Бұл қышқылдардың қайсысын мыс гидроксидімен (II) анықтауға болады? Реакциясын жазыңыз.

  1. Схема бойынша реакцияларын жазыңыз: этаноламин холинацетилхолин

  2. Сүт қышқылы мен -гидроксимай қышқылының тотығу реакцияларын жазыңыз. Түзілген өнімдерді атаңыз.

  3. НАДНты қолдана отырып глиоксаль және пирожүзім қышқылдарының тотықсыздану реакцияларын жазыңыз.

  4. Ацетосірке қышқылының қандай таутомерлік түрі бром суымен әрекеттеседі? Реакциясын жазыңыз.

  5. Қымыздықсірке қышқылының(оксобутанди) және ацетилкофермент А-ның альдолдық конденсациялану типтегі реакцияларын жазыңыз.

  6. 2-оксопентанди (-кетоглутар) қышқылындағы қай карбоксил тобы оңай декарбоксилденеді, неге? Реакциясын жазыңыз.

  7. Келесі түр өзгерістердің реакцияларын жазыңыз: фумар қышқылы  алма қышқылы қымыздықсірке (оксобутанди) қышқылы .

  8. Салицил қышқылының температураға шыдамдылығы, ацетилсалицил қышқылының түзілу реакциясы. Бұл реакция қандай функционалды топтың әсерінен жүреді?

ОҚЫТУ МЕН САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ:

Әдіс - құрастырылған:

1) құрастырылған сұрау (ситуациялық есептер мен тестілік тапсырмалар бойынша студенттердің өздігінен жекеше жұмыс ітеуі);

2) үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестік тапсырмалар, тақырып бойынша лекциялар, ситуациялық есептер.