- •5В130100 - «Жалпы медицина»
- •Алматы, 2014 ж Мазмұны
- •Силлабус
- •Бағдарлама
- •Тәжірибелік дағдылар:
- •3. Коммуникативтік дағдылар
- •Құқықтық құзыреттілік
- •3. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері
- •Химия пәні бойынша студенттердәі құзыреттіліктерін бағалау критерийлері Дәрістер
- •Тәжірибелік сабақтар
- •Химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері
- •Химиядан студенттердің құқықтық құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің коммуникативті құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Химия пәні бойынша студенттің өздігінен білім алу құзырлылығын бағалау критерийлері
- •Бағалардың градациялық шекарасы
- •7. Консультация мен емтихандардың өткізілу уақыты:
- •Дәрістер кешені
- •Лекция №4
- •Лекция №5
- •Сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (практикалық, семинар, лабораториялық)
- •Алматы, 2014 ж
- •1 Тәжірибе. Мыс (іі) және темір (ііі) иондарын бір-бірінен бағаналық хроматография әдісімен бөлу
- •2 Тәжірибе. Тағам өнімдеріндегі темір(ііі) ионын қағаздық хроматография әдісімен анықтау
- •1 Тәжірибе.«Гидролиз реакциясымен темір(ііі) гидроксиді золін алу»
- •2 Тәжірибе.«Тотықсыздану реакциясымен күміс золін алу»
- •3 Тәжірибе.«Берлин көгі золін алу»
- •4 Тәжірибе.«Канифоль золін алу»
- •5 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді тұнбасын пептизациялау»
- •6 Тәжірибе. «Диализ әдісімен темір(ііі) гидроксиді золін тазалау»
- •7 Тәжірибе. «Коллоидты ерітінділерде жарық бергіш қондырғының көмегімен Тиндаль конусын бақылау»
- •8 Тәжірибе. «Капиллярлық талдау әдісімен боялған зольдердегі коллоидты бөлшектердің заряд таңбасын анықтау»
- •9 Тәжірибе.«Темір(ііі) гидроксиді золінің коагуляция табалдырығын анықтау»
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Зертханалық жұмысты дұрыс жазу мысалы
- •Бақылау:
- •Қорытындылар:
- •Сабақтың хронометражы
- •2 Тәжірибе. «Желатиннің ісіну дәрежесіне ортаның рНның әсері»
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •3.1. Калий перманганатына әсері
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2014 ж
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Сабақтың хронометражы
- •Студенттердің өзіндік жұмыСтарЫна арналған әдістемелік ұсыныстар
- •Алматы, 2014 ж
- •Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары (Студенттердің білімін, біліктілігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін)
- •Алматы, 2013 ж
- •Тәжірибелік дағдыларын қабылдау үшiн сұрақтар
- •Тест тапсырмалары
- •I тарау. Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Номенклатурасы. Изомерия.
- •III тарау. Органикалық қосылыстардың қышқылдығы мен негіздігі. Қаныққан көміртек атомындағы нуклеофильді орын басу реакциялары.
- •IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.
- •V тарау. Тіршілік процесіне қатысушы гетерофункциональды қосылыстар.
- •VI тарау. Моносахаридтер. Дисахаридтер. Полисахаридтер.
- •VII тарау. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.
- •VIII тарау. Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар.
- •Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары
- •Органикалық қосылыстардың кластары.
- •Органикалық қосылыстардың номенклатурасы, изомериясы.
- •Тәжірибелік дағдылардың тізімі
Сабақтың хронометражы
-
1
Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)
5 мин
2
Тақырып бойынша семинар және пікірталас
30 мин
3
Нернст теңдеуі бойынша потенциалдарды есептеу
15 мин
ҮЗІЛІС
10 мин
4
Лабораториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау
25 мин
5
Лабораториялық жұмысты орындау
25 мин
ҮЗІЛІС
10 мин
6
Лабораториялық жұмыс нәтижелерін есептеп, қисықтар тұрғызу
25 мин
7
Тақырып бойынша бақылау
20 мин
8
Сабақты қорытындалау
5 мин
БАҚЫЛАУ
Бағаланатын құзыреттілік:
Білім.
Бақылау әдісі:
Тесттік тапсырмалар орындау немесе билет бойынша тексеру
Бақылау сұрақтары
Бірінші текті электродтар: құрылысы, потенциалын есептеу теңдеулері, мысалдар.
Сутек электроды. Стандартты сутек электроды.
Екінші текті электродтар: құрылысы, потенциалын есептеу теңдеулері, мысалдар.
Тотығу-тотықсыздану электродтары: құрылысы, потенциалын есептеу теңдеулері, мысалдар.
Гальваникалық элементтер. Гальваникалық элементтерде жүретін реакциялар, ЭҚК-н есептеу. Якоби - Даниэль элементі
Потенциометрлік титрлеу. Биологиялық сұйықтықтардың рН-н анықтауда анықтаушы және салыстырушы электродтар ретінде қолданылатын шыны және хлоркүміс электродтары.
Ағзадағы биохимиялық процестердің мысалында тотығу-тотықсыздану процестерінің жүру бағытын анықтау. Тотығу-тотықсыздану процестерінің биологиялық мәні неде?
Биохимиялық тотығу-тотықсыздану процестерінің басым көпшілігі қандай жағдайларда жүреді? Ағзада жүретін ТТР-ды қарастырғанда неліктен стандартты электродтық потенциалдың орнына «мидпойнт» потенциалы деген ұғымды пайдаланады?
Тотықтырғыштардың бактерицидті құрал ретінде қолданылуы неге негізделген?
Әдебиет:
Негізгі:
Сейтембетов Т.С. Химия.- Алматы, 1994.- 23-37 б.
Равич-Щербо М.И., Новиков В.В. Физическая и коллоидная химия.- М., 2001.-101-131 б.
3. Ленский А.С.Введение в бионеорганическую и биофизическую химию.- М.: ВШ, 1989.- 55-92 б.
4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы -29-47 б.
5. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикумы- Алматы, 2004.- 102-120 б.
6. Рубина Х.М. и др. Практикум по физической и коллоидной химии. – М., 2001. – 71-89 б.
Қосымша:
1. Ершов Ю.А. и др. Общая химия. Биофизическая химия. Химия биогенных элементов.- М.: ВШ, 2003.- 391-422 б.
2. Слесарев В.И. Химия. Основы химии живого. - СПб.: Химиздат, 2001.- 96-123 б.
3. Ленский А.С., Белавин И.Ю., Быликин С.Ю. Биофизическая и бионеорганическая химия: медициналық ЖОО-на арналған оқу құралы.- М.:ООО «медицинское информационное агентство», 2008.- 174-178, 182-207 б.
4. Зеленин К.Н., Алексеев В.В. Химия.- С.-Пб.: ЭЛБИ-СПб, 2003.- 107-124 б.
5. Попков В.А., Пузаков С.А. Общая химия: құрал.- М.: ГЭОТАР-Медия, 2009.- 200-239 б.
6. Евстратова К.И. и др. Физическая и коллоидная химия. – М.: ВШ, 1990. - 260-302 б.
7. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: ЖОО-на арналған оқу құралы– Алматы.:Білім, 2001.
ҚОСЫМША
Лабораториялық жұмыс
«Асқазан сөлін натрий гидроксидінің стандартты ерітіндісімен потенциометрлік титрлеу»
Мақсаты: сутек иондарының концентрациясынпотенциометрлік титрлеу әдісі бойынша анықтау.
Аналитикалық реакция:
HCl + NaOH = NaCl + Н2О
H+ + OH- = Н2О
Гальваникалық элемент:
Ag, AgCI |HCI| стекло |Н+| зерттелетін ерітінді |KCI| AgCI, Ag
шыны электроды рН -? хлоркүміс электроды
Жұмыс барысы: Бюретканы натрий гидроксидінің титрленген ерітіндісімен толтырады, нөлдік деңгейге келтіреді. Асқазан сөлінің үлгісі болып табылатын хлорсутек қышқылының ерітіндісінен 10 мл стақанға пипеткамен өлшеп құяды. Стақанды магнитті араластырғышқа қояды. Одан кейін рН-метрге жалғанған шыны мен хлорсутек электродтарын батырады. Ерітіндіні араластыра отырып,хлорсутек қышқылының бастапқы ерітіндісінің рН-ын өлшейді. Бюреткадан зерттелетін ерітіндіге 2 мл-ден натрий гидроксидінің титрленген ерітіндісіненбіртіндеп құя отырып, рН-ын өлшеп отырады. рН-тың кенет секіру мәнінен тағы титрлеуді 3 рет рН шамасын алғанша жалғастырады. Титрлеу нәтижелерін кестеге жазады.
Талдау нәтижелерінің есебі:
Хлорсутек қышқылы ерітіндісінің аликвотты көлемі V(HCl) = 10 мл.
натрий гидроксиді ерітіндісінің концентрациясы С(NaOH) = 0,1 моль/л
V(HCI), мл |
V(NaOH),мл |
рН |
∆V=Vn+1-Vn |
∆pH=pHn+1- pHn |
∆pH/∆V |
|
|
|
|
|
|
10-14 қатар
Алынған мәліметтер бойынша екі график тұрғызады:
абсцисса осіне натрий гидроксидінің құйылған ерітіндісінің көлемін, ал ордината осіне сәйкес рН-тың мәндерін сала отырып, интегралдық рН ~ f(V(NaOH)) титрлеу қисығының;
абсцисса осіне натрий гидроксидінің құйылған ерітіндісінің көлемін, ал ордината осіне сәйкес рН-тың өзгерісінің натрий гидроксидінің көлемінің өзгерісіне қатынасының мәндерін сала отырып, дифференциалдық ∆pH/∆V ~ f(V(NaOH)) титрлеу қисығының;
эквиваленттік нүктені анықтайды (дифференциалдық титрлеу қисығындағы максимал мәні). Эквиваленттік нүктеден абсцисса осіне түсірілген перпендикуляр хлорсутек қышқылының ерітіндісін бейтараптауға жұмсалынған натрий гидроксиді ерітіндісінің көлеміне сәйкес келеді.
HCl молярлық концентрациясын есептеу:
С(НСl)=
рН = -lg CH+
Қорытынды: анықталған хлорсутек қышқылының ерітіндісінің концентрациясын және рН-н көрсетіңіз.
№6 Тәжірибелік сабақ
ТАҚЫРЫП: Гомофункционалды көмірсутектері туындыларының реакцияға түсу қабілеттіліктері. Спирттерге, фенолдарға, аминдерге, альдегидтерге, кетондарға және карбон қышқылдарына сапалық реакциялар.
МАҚСАТЫ:
Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың құрылысы, жіктелуі және химиялық қасиеттерінің заңдылықтары туралы білімді реакциялардың схемаларын жазу үшін қолдана білуге үйрету.
Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың химиялық қасиеттері және сапалық реакциялары арқылы оларды ерітінділерден анықтауды көрсете білу және алынған нәтижелерді дәледеу дағдыларын қалыптастыру.
ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ:
Білім алушының мүмкіндігі бар:
Молекуланың реакциялық орталығын және оның ерекшелігін анықтауға: қышқылдық, негіздік, электрофильді немесе нуклеофильді екендігін және реакцияға түсу қабілеттіліктерін бағалауға.
Спирттер, тиолдар, аминдер және карбонилді қосылыстардың құрылыстарына қарай реакцияларға түсу қабілеттіліктерін салыстыра білуге.
Көпатомды спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері туралы білімді қолдана отырып, оларға сапалық реакциялардың нәтижелері туралы тұжырым жасауға.
Оқытушының берген қосылыстар реакцияларының схемаларын жаза білуге.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
Спирттер, фенолдар, тиолдар, аминдер және қышқылдардың қышқылдық-негіздік қасиеттері.
Тотығу реакциялары:
біріншілік және екіншілік спирттердің;
екіатомды фенолдардың;
тиолдардың жұмсақ тотығуы;
альдегидтердің күміс және мыс (II) гидроксидтерімен тотығуы.
Альдегидтер мен кетондардың тотықсыздану реакциялары.
Көпатомды спирттер мен фенолдарға сапалық реакциялар.
Аминдердің алкилденуі, ацилденуі және дезаминденуі.
Альдегидтер мен кетондарға тән реакциялар (сумен, спиртпен,тиолмен).
Органикалық және бейорганикалық қышқылдармен жәй және күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі.
Альдолды қосылу реакциялары. Бұл реакцияларл\дың биологиялық маңызы.
Дикарбон қышқылдарының қасиеттері: декарбоксилденуі және циклді ангидридтердің түзілуі.
Оқыту мен сабақ беру әдістері:
Әдіс - құрастырылған:
1) құрастырылған сұрау (ауызша сұрау, кіші топтармен жұмыс, жазбаша сұрау);
2) үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, тестілік тапсырмалар, билеттер.
