Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_mem_fin_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Ресейдің салық жүйесі

Қазіргі кездегі Ресейдің салық жүйесінің қалыптасу кезеңі 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған Заңнан бастау алады.

Ресей Федерациясының салық жүйесі мемлекеттің Конституциясымен қадағаланады. Барлық салықтар мен алымдарды Ресеи Федерациясы Салықтар мен алымдар жөніндегі министрлік қадағалайды;

Ресей Федерациясы Салық Кодексінде қалыптасқан салық жүйесінің негізгі қағидалары:

  1. Салық төлеуші болып табылатын әрбір тұлға салық заңнамасымен бекітілген салықтарды төлеуге міндетті.

  2. Салықтар саяси, идеологиялық, этникалық, конфессионалдық және т.б. осындай критерийлер негізінде қолданыла алмайды.

  3. Ресей Федерациясы салық жүйесін бұзатын салықтарды енгізуге болмайды.

  4. Салық мөлшерлемелерін, яғни дифференциалданған мөлшерлемелерді көтеруге, немесе салықтар енгізуге рұқсат етілмейді.

Ресей Федерациясы субъектілерінің салықтары мен алымдары:

  • жергілікті салықтар мен алымдар.

Федералдық салықтар Салық Кодексімен бекітіліп, елдің барлық аумағында төленеді. Оған мынадай салықтар жатады:

  • қосылған құнға салынатын салық;

  • акциздер;

  • жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;

  • бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;

  • кеден баждары;

  • ұйымдардың пайдасына салынатын салық;

  • мұра мен сый ретінде келген мүліктерге салынатын : салық;

  • ойын бизнесіне салынатын салық;

  • пайдалы қазбаларды өндіргені үшін салынатын салық;

  • жер қойнауын пайдаланганы үшін төлем;

  • мемлекеттік баж;

  • су объектілерін пайдаланғаны үшін салынатын салық;

  • спиртті алькогольді өнімдерді, этил спиртің өндіру және айналым құқығы мең лицензия беру үшін алынатын алым.

Қосылған құнға салынатын салық Ресейдің қазіргі салық жүйесіндегі салықтардың бірі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салықты мынадай заңды және жеке тұлғалар төлейді:

  • үйымдар;

  • жеке кәсіпкерлер;

  • Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, Ресейдің кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар.

Заңды тұлға болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындар және де салық салуда оңайлатылған жүйеге көшкен шағын кәсіпорындар төлемейді. Заң жүзінде салық кәсіпкерден алынады, бірақ шын мәнінде оның төлеушісі болып соңғы тұтынушы, яғни тауарды сатып алу барысындағы құнында төленеді.

Салық салу объектісі болып мыналар танылады:

  • Ресей аумағында тауарларды өткізу, беру;

  • Жеке тұтынуы үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жасау;

  • Импорт операциялары.

Негізінен, қосылған құнға салынатын салық үш түрлі мөлшерлемемен: 0%, 10% және 20% мөлшерлемемен алынады. Нольдік мөлшерлеме:

а) мұнай, табиғи газ өнімдерінен басқа экспорт операцияларына;

э) ғарыш кеңістігіне байланысты жүргізілетін жүмыстар;

б) бағалы металдардың мемлекеттік қорына, Орталық банк пен екінші деңгейдегі банктерге бағалы материалдар өндіретін салық төлеушілер;

в) дипломатиялық қызметтегі шетелдік тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалардың және олардың отбасыларының жеке және ресми пайдалануына әкелген тауарларына қолданылады.

10% мөлшерлемемен салық салынады. тірі салмақтағы мал, құс;

  • деликатес, колбаса, консерві өнімдерінен басқа ет және ет өнімдері;

  • жеміс-жидек негізінде жасалған балмұздақтан басқа сүт және сүт өнімдері;

  • жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері;

  • өсімдік майы, маргарин және азық-түлік өнімдері;

  • балалар тауарлары;

  • мерзімді басылымдағы жарнамадан басқа баспа өнімдеріне;

  • отандық және шетелдік дәрі-дәрмектер, медициналық;

Бұдан басқа жағдайлардың барлығында 20 пайыздық мөлшерлемемен қосылған құнға салынатын салық.

Егер салық төлеушінің бір тосқауылды тауар өткізуден түсірген табысы 1 млн рублден кем болса, онда салық әрбір есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 20-шы жұлдызына дейін, одан басқа жағдайлардың барлығында ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-шы жүлдызына дейін төленуі керек.

Қосылған құнға салынатын салықты төлеуден мыналар босатылады:

  • тізімін Ресей Үкіметі бекіткен медициналық қызметке аса қажет болып табылатын отандық және шетелдік дәрі- дәрмектер, құрал-жабдықтар.

  • косметологиялық және мемлекеттік ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен басқа медициналық қызмет көрсетулер;

халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жэне жер- гілікті органдарының науқастарды, мүгедектерді, қарттарды күтіп бағумен байланысты қызметтері;

  • мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, секциялары, студиялары;

  • такси және маршрутты такси мен жолаушы тасымалы;

  • тізімін Ресей Үкіметі бекіткен жерлеу, әдет-ғұрып қызметтері.

  • әскери қызметкерлерге тұрғын үй құрылысының мақсатты әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары аясыңда жүргізілгең жұмыстар;

  • бажсыз сауда дүкеніне кеден режимі негізінде қойылған тауарлар;

Ресейдің әуе жайлары мен әуе кеңістігінде, әуе кемелерінде көрсетілетін қызметтер;

дәріхана ұйымдарының дәрі-дәрмек жасау, оптикалық көзілдіріктерді жасау және жөндеу, есту және қозғалу аппараттарын жөндеу жұмыстары;

  • инкассадиядан басқа банктік операциялар;

  • сақтандыру, қайта сақтандыру және өзара сақтандыру операциялары;

  • орман өрттерін сөндіру жұмыстары және т.б.

Ресей салық заңнамасына сәйкес акциздерді мынадай заңды және жеке тұлғалар төлейді.

  • ұйымдар;

  • жеке кәсіпкерлер;

  • Ресейдің Кеден Кодексіне сәйкес, кеден шекарасынан тауарлар өткізетін тұлғалар.

Акцизделетін тауарларға мыналар жатады:

  • коньяк спиртінен басқа этилді спирті;

  • құрамында 9 пайыздан артық этилді спирті бар спирттік өнімдер:

  • 270 млн аспайтын ыдысқа құйылған өкілетті федералдық органнан мемлекеттік тіркеуден өткен парфюмерия - косметика өнімдері;

  • сыра;

  • медициналық мақсатта қолданылатыннан баска спиртті өнімдер;

  • алкоголь және темекі өнімдері;

  • двигатель қуаты 112,5 кВт-тан жоғары жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер;

  • дизельді отындар;

  • табиғи газ және тағы басқалар.

Акцизделген минералды шикізатқа табиғи газ жатады. Дербес салық төлеуші болып табылмайтьн құрылымдық бөлімшелердің акцизделетін тауарларды өзара берілуі, салық төлеушілердің мұнай өнімдерін өткізуі, табиғи газды өзінің технологиялық мақсаттары үшін пайдалануы және тағы басқа акциз салығын төлеуден босатылады. Акциз салығының тұрақты, немесе адвалорлық мөл- шерлемелері әрбір акдизделетін тауар түрлері бойынша дербес тағайындалады. Акцизделетін тауарлар мен акдизделетін минералды шикізаттарға қолданылатын салық мөлшерлемелері.

Акцизделетін тауар түрлері

Салық мөлшерлемесі (өлшем бірлігі %-бен немесе рубль және копейкамен)-

Барлық шикізат түрінен этилді спирт

1 л сусыз этилді спирт үшін 16 рубль 20 коп.

Қүрамында 25 пайыздан астамы этилді спирттен тұратын алкогольді өнімдер және спиртті өнімдер құрамындағы этилді спирт 9-25 пайызды құрайтын алкогольді өнімдер (шараптан басқа) құрамында 9 пайыз этилді спирті бар алкогольді өнімдер күшейтілген шарап.

Акцизделетін тауарлар құрамындагы 1 л сусыз этилді спирт үшін 114 руб. акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз этилді спирт үшін 84 руб. акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз этилді спирт үшін 58 руб. акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз этилді спирт үшін 75 руб.,

Шарап (щампан, табиги)

Акцизделетін тауарлар құрамындағы 1 л сусыз

Этилді спирт үшін 47 рубль 50 коп. Табиғи күшейтілмеген шарап.

1 л үшін 4 руб.

Шампан

1л үшін 10 руб. 50 коп.

Табиғи шарап

1л үшін 2 руб.

Құрамындағы этилді спирті 0,5-8,6 пайыз болатын сыра (0,5 пайызға дейін с салынбайды) құрамындағы этилді спирті 8,6 пайыздан көп болатын сыра

1л үшін 1 руб. 40 коп. 1л үшін 4 руб. 60 коп.

Темекі өнімдерінің түрлеріне байла- нысты

Ікг үшін 214-522 руб. аралығында

Фильтрлі сигаретке

1000 данасына 50руб. + 5%

Фильтрсіз сигаретке

1000 данасына 19руб. + 5%

Двигатель қуаты 67,5-112,5 кВт болатын жеңіл автокөліктер

Әрбір 0,75 кВт үшін 13 руб.

Двигатель қуаты 112,5 кВт жоғары автокөліктер мен двигатель қуаты 112,5 кВт болатын мотоцикл

Әрбір 0,75 кВт үшін 129 руб.

Дизельді отын

I тоннаға 890 руб.

Дизельді және карбюраторлық дви- гатель майы

1 тоннаға 2440 руб.

Ресей аумағындағы табиғи газ

15%

ТМД елдеріне еткізілетін табиғи газ

15%

ТМД елдеріне басқа шетелдерге табиғи газ

30%

Автокөлік бензині

1 тонна 2190-3000 руб. аралығында

Салық кезеңі күнтізбелік ай болып саналады. Атап айтқанда, акцизделетін минералды шикізат, мұнай өнімдері бойынша акциз салығы есептен кейінгі айдың 25-не дейін төленуі керек. Көтерме сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер акциз салығын есепті айдан кейінгі екінші айдың 25-не дейін, ал бөлшек сауда жасау куәлігі бар салық төлеушілер есепті айдан кейіңгі айдың 10-на дейін салық төлеуі керек.

Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты Ресейдің резидент немеее бейрезидент - жеке тұлғалары төлейді.

Салық салу объектісі болып резидент - жеке тұлғалардың Ресейдегі және Ресейден тыс жердегі көздерден алған табыстары, сондай-ақ бейрезидент - жеке тұлғалардың Ресейдегі көздерден алған табыстары танылады.

Салық төлеушінің Ресейдегі көздерден алған табыстарына мынандай табыстарды жатқызады:

  • дивиденттер мен пайыздар;

  • сақтандыру төлемдері;

  • өткізуден түскен табыс (мүлікті, жарғылық капиталға қатынасу үлесін, т.б.);

  • мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;

  • зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

  • авторлық және басқа да құқықтарды пайдаланудан түскен табыс;

  • атқарылған жұмыс үшін марапат;

  • кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс т.б.

Ресейден тыс көздерден алған табыстарына мынадай табыстары жатады:

  • шетел ұйымдарынан алған сақтандыру төлемдері;

  • шетел ұйымдарынан алған талап құқықтары;

  • шетел ұйымдарынан алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

  • шетел ұйымдарынан алған дивиденттер мен пайыздар;

  • шетел ұйымдарынан алған авторлық және басқа да құқықтардан пайдаланудан түскен табыс;

  • шетелдегі өткізудегі түскен табыс (мүлікті, жарғылық капиталға қатынасу үлесін, т.б.);

  • шетелде атқарылған жұмыс (қызмет) үшін марапат;

  • шетелдегі мүлікті жалға беруден және өткізуден түскен табыс;

  • шетелдегі кез-келген көлік құралдарын пайдаланудан түскен табыс; т.б.

Жеке түлғаның мынадай табыстарына салық салынбайды:

  • мемлекеттік бюджеттен алған зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы;

  • 24 жасқа дейінгі жетім балалардың білім алынуына төленетін сомалар;

  • мемлекеттік меншікке қазына өткізгені үшін берілетін марапат;

  • банктегі салымдар бойынша пайыздар;

  • мерзімді әскери қызметтегі тұлғалардың табыстары;

  • кәсіпорындық комитеттерінің төлемдері;

  • мемлекеттік займ облигациялары бойынша ұтыстар;

  • біржолғы материалдық көмек сомалары;

  • донорларға төленген марапат;

  • салық төлеушінің емдік шөптерді, жабайы өсімдіктерді жинаудан тапқан табыстары;

  • шаруа қожалығының құрылғанынан бастап 5 жыл мерзімге дейін оның мүшелерінің тапқан табыстары;

  • жеке тұлғаның мұра немесе сый ретінде заттай және ақшалай нысанада алған табыстары;

  • спортшылардың ақшалай және заттай нысандағы жүлделері;

  • табылған байлықты мемлекет меншігіне өткізуден алынған табыс;

  • сайлау қоры есебінен жеке тұлғаларға төленген сомалар және т.б.

Атап айтқанда мынадай стандартты салық шегерімдері жасалды:

  • ай сайын 3000 руб. мөлшерінде мына жеке тұлғаларға:

а) Чернобыль апатында зардап шеккендер және оны жою бойынша жұмыс жасаған жеке тұлғалар;

ә) Отан соғысының мүгедектері;

б) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер және бала кезінен мүгедектер;

в) Ауғаныстанда интернационалдық борышын өтеген тұлғалар және т.б.

  • ай сайын 300 руб. мөлшерінде мына жеке тұлғаларға:

а) салық төлеуші ата-ананың (асыраушының) стандартты шегерім мөлшері 20000 руб-ден асқанға дейінгі асырауындағы әрбір балаға; 18 жасқа дейінгі балаларға, 24 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде дәріс алушыларға, аспиранттарға, ординаторларға, курсанттарға асырауындағы бала ретінде 300 руб. мөлшерінде стандартты шегерім қарастырылған. Жалғыз басты ата-анаға, асыраушыға бұл шегерім екі еселенген мөлшерде беріледі.

Салық салу барысында, сондай-ақ әлеуметтік салық шегерімдері де қолданылады. Атап айтқанда ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелеріне қайырымдылық көмек түрінде берген қаражаттары бойынша салық кезеңінде алған табысынан 25 пайыз мөлшерінде шегерім жасалады.

Бірақ, әлеуметтік салық шегерімінің өлшері 25000 руб-ден көп болмауы керек. Медициналық мекемелерде қымбат емдеу жүргізілген жағдайда, нақты шығын сомасы толығымен шегерімге енгізіледі.

Мүліктік салық шегерімдері салық кезінде меншігінде 3- 5 жыл болған жылжитын жэне жылжымайтын мүліктерді сату кезінде алған табыстарына сәйкесінше 1 млн. және 125 мың мөлшерінде салық шегерімдері беріледі.

Кәсіби салық шегерімдерін мындай жеке тұлғалардың пайдалануына болады:

  • заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жалпы алған табыс сомасынан 20 пайыз мөлшерінде шегерім жасауьша болады;

  • азаматтық-құқықтық келісім шарттары бойынша жұмыс жасаған салық төлеушілер сол жұмысты атқарған кезде шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады;

  • ғылым, өнер, әдебиет, авторлық құқық салаларында табыс алатын салық төлеушілер нақты шеккен шығындарын құжатпен растаған жағдайда шегерімге жатқыза алады. Егер бұл шығындарын құжатпен растай алмаған жағдайда, шегерім мына мөлшерде беріледі:

15-кесте. Кәсіби салық шегерімдері

Атауы .

Нормативтік шығьш (есептелген табыс сомасына пайыз-қ)

Өнер туындыларын жасау, оның ішінде театр, кино, эстрада, цирк

20

графика, архитектура, дизайн туындыларын, фоторобот жасау

30

әр түрлі техникада мүсін, театр, кино декорациясының өнерлерін жасау

40

Аудиовизуальді туындылар жасау (видео-; теле-; кинофильмдер)

30

музыкалық туындылар жасау, опера, балет, музыкалық комедия, симфония

40

әдебиет пен өнер туындыларын орындау

20

ғылыми еңбектер жасау мен өнерлер көрсету

20

өнеркәсіп үлгілерін табу, құру, жасау

30

Жеке табыс салығы мынадай табыстардан 35 пайыздық мөлшерлемемен алынады:

ә) ойындар, конкурстарда лотерея бойынша ұтыстар жүлделерін және т.б 2000 рубден асқан мөлшерлеріне; ә) банктегі салымдар бойынша пайыз сомасының Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 3/4 бөлігінен аеқан мөлшеріне;

б) салық төлеушінің зайымдық қаражаттардан алған пайыздық сомасының Орталық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 3/4 бөлігінен асқан мөлшеріне.

Ресейдің бейрезиденттері барлық алған табыстарынан 30 пайыздық мөлшерлемемен табыс салығын төлейді. Жеке тұлғаның дивиденд түріндегі табысына 6 пайыздық мөлшерлемемен салық салынады. Ал, басқадай табыстарының барлығына 13 пайыздық пропорционалдық мөлшерлемемен салық салынады.

Салық агенттері есептелінген табыстан салық сомасын есеп- теп ұстап қалуға міндетті. Салық декларациясын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін салық органына тапсыру қажет. Салық декларациясында жеке тұлғаның салық кезеңінде алған табыстары, оның көздері, шегерімдері, есептелген салық сомасы, салық кезеңі ішінде төленген аванстық төлемі, салық кезеңінің қорытындысы бойынша төленуі тиіс салық сомасы көрсетіледі.

Біртұтас әлеуметтік салық азаматтардың зейнетақысын, әлеуметтік сақтандыруын және медициналық көмегін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген болатын. Бұл салық:

  • жеке тұлғаларға табыс төлейтін тұлғалар;

  • заңды тұлғалар;

  • жеке кәсіпкерлер;

  • адвокаттар;

  • жеке кәсіпкер деп танылған жеке тұлғалар төлейді.

Салық салу объектісі болып салық төлеушінің жеке тұлғаға

төлеген әр түрлі нысандағы төлемдері, марапаттары саналады.

Біртұтас әлеуметтік салықтардан:

а)уақытша еңбекке жарамысыздығына, жүктілігіне, босануына, жұмыссыздығына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақылар;

ә) бір жолғы материалдық көмек;

б) шаруа қожалығы мүшелерінің табысы — 5 жылға дейін;

в) кәсіподақ ұйымының мүшесіне кәсіподақтық мүшелік жарналары есебінен берілген ақшалай және заттай нысандағы төлемдер - жылына 10000 руб-ден аспаса және бұл төлем түрі 3 айдан жиі берілмесе;

г) табыс мөлшері салық кезеңінде 2000 руб-ден аспаса;

ғ) табыс мөлшері салық кезеңінде 100000 руб-ге дейін болатын 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

д) ғылым, білім саласының мамандары босатылады.

Салық аванстық төлем түрінде прогрессивтік шкаламен анықталады. Аванстық төлем түрінде прогрессивтік есепті айдан кейіңгі айдың 15-не дейін жасалуы керек. Салық декларациясы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 наурызына тапсырылуы қажет.

10-ТАҚЫРЫП

УКРАИНАНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ

  1. Украинаның қаржы жүйесінің құрамы мен құрылымы, түрлі ой-пікірлер.

  2. Мемлекеттік бюджет: кірістері мен шығыстары.

  3. Украинаның салық жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]