- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
Жапонияның салық жүйесі
Жапонияның салық жүйесінің негізі XIX ғасырда қаланды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы қаржы саласындағы американ маманы, профессор Шалптың ұсынысымен салық реформасы жүргізілді. Кейіннен бұл реформа нәтижесі ұзақ уақыт бойы қолданылды.
1987жылдың қыркүйегінде және 1988жылдың желтоқсанында Жапонияның салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелген салық реформалары жүргізілді.
Нәтижесінде салық мөлшерлемелерінің шкаласы оңайлатылды және төмендетілді. Егер реформаға дейін салық мөлшерлемесі 10,5-70 пайыз аралығында болса, реформадан кейін 10—50 пайыз аралығына дейін төмендетілді.
Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1989 жылы 1 сәуірде іске қосылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен қүралады.
Жапонияда салықтар:
Мемлекеттік:
Жергілікті болып жіктелді.
Мемлекеттік бюджеттің 64 пайызы мемілекеттік салықтар, ал 36 пайызы жергілікті салықтар есебінен құралады. Салықтық түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым түрінде қайта бөлінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандардың және оларды біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйелері сияқты салықтарының көп түрлілігімен ерек- шелінеді. Олардың аумақтық басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ, барлың салықтар елдің заң актілерінде тіркелген. Мемлекеттік салықтың әрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы Заң олардың түрлері мен шекті мөлшерлемесін анықтап береді. Жергілікті салықтарға қатысты басқа мәселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Оларды үш үлкен топқа топтастыруға болады:
Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;
Мүлік салығы;
Жанама салықтар.
Тұтынуға салынатын салық 1989 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлесі жағынан және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық мөлшерлемесі - 5 пайыз. Кәсіпкерлікке салынатын салық салынатын пайдадан 6-12,6 пайыз аралығындағы мөлшерлемемен алынады.
Бюджет кірісін толтыруда автокөлік иелеріне салынатын салық спирт және темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, кеден баждары, т.б. елеулі роль атқарады.
Салық шкаласы 13 деңгейлі болып келеді, салық мөлшерлемесі 10-70 пайыз аралығында мұра сомасына байланысты өзгеріп отырады. Жапонияда отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыру жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған.
Оларды қолдаудағы басты мақсат ұлттық экономиканың дамуына оң ықпал ететін факторлаға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Инвеситицияны ынталандыратын басты құрал ретінде негізінен салық жеңілдіктері мен субсидиялар қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды кұру барысында, өндірістік обьектілерді жаңа жерлерге көшіргенде беріледі.
Салық салу деңгейі бойынша (оның ұлттық табыстағы үлесі 27,9%) Жапония басқа жоғары дамыған мемлекеттерге жол береді, мысалы Германия (130,6%), Франция (33,9%) т.б. Тек АҚШ- тан басқалары (26,11%).
Қазіргі кездегі Жапонияның салық жүйесі 1989 жылдың 1 сәуірінен бастау алады.
