- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие - мемлекеттік бюджет.
Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:
Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптатастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріңе бағындырған болатын.
Дегенмен, 80-90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамньң қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды аңықтау мәселесі туындады.
Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болганы - дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:
федералды бюджет;
федерация субъектілерінің бюджеті;
жергілікті бюджеттер.
Сондай-ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиал- ды түрде өзгертті.
Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүиесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:
Бірінші деңгей - Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
Екінші деңгейі - Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті (21 республикалық бюджет, 55 - өлке мен облыстар бюджеті, 10
автономды аймақтардың аймақтық бюджеттері, Еврей облысы бюджеті, Москва және Санкт-Петербург қалаларының бюджеттері) және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;
Үшінші деңгей - жергілікті бюджеттер (29 мыңға жуық қалалық, аудандық, поселкелік және ауылдық бюджеттер)
Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК-сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.
Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы - жиынтық немесе құрама (консолидированный бюджет) бюджет деп аталады.
Федералды бюджет - федералды жиналыс арқылы бекітілген мемлекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖІӨ-ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жүмылдырылады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаражаттарының қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынадай конституциялық қүқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздык жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты қүқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен қүралады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының федералды қазыналығымен жүзеге асырылады.
Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:
Ресей Федерациясының зейнетақы қоры:
Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры;
Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Ресей Федерацияеының халықты еңбекпен қамту қоры;
Және сондай-ақ, мақсатты федералды бюджеттік қорларда:
Ресей Федерациясының жол қоры;
Ресей Федерациясының экономикалық қоры;
Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры;
Минералды шикізат базасын ұлғайту қоры;
Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;
Ресей Федерациясы атом энергиясы министрлігінің қоры;
Ресей Федерациясының кеден жүйесін дамыту қоры;
Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды қоры жаңа заңдылық бойынша мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар құрамына кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көлтеген мақсатты қорлардың қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз дербестіктерін жоғалтуда.
Осылайша, Ресей Федерациясының бюджеттен тыс қорлары жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына берілуде; енді біреулері болса, өздерінің заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының бюджет жүйесінің құрамына кіруде.
Осылайша мемлекет қолындағы қалып ресурстарын орталықтандыру процесі қызу қарқынмен жалғасуда.
