- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
Жапония Шығыс Азиядағы 4 ірі-ірі - Хоккайдо, Хансю, Сикоку және Кюсю аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы - 372,2 мың кв км. Халқы - 122,2 млн-ға жуық. Астанасы - Токио. Ресми тілі - жапон тілі. Негізгі діндері - синтоизм және буддизм.
Жапония - конституциялық монархия.
Конституция бойынша император «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады.
Заң шығаруышылық билікті парламент жүзеге асырады (оның құрамы 512 депутаты бар палата өкілдері мен 252 депутаты бар кеңесшілер палатасынан тұрады). Депуттардың қызмет ету мерзімі 4-6 жылға дейін. Ал, атқарушы билік, миниетрлер кабинетінің құзырында.
Жапония - жоғары дамыған мемлекет.
Бүгінгі таңда өзінің экономикалық потенциалы жағынан әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн $ (доллар). Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12% Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, роботтар шығарудан әлем бойынша бірінші орында.
Ауыл шаруашылығында шағын шаруа қожалығы жақсы дамыған. Басты ауылшаруашылық өнім - күріш.
Сонымен қатар жеміс-жидек, көкөніс өндірісі, сондай-ақ балық аулау саласы.
Ұлттық валютасы - иена.
Негізгі экспорт тауарлары: машиналар мен жабдықтар, электроника, металдар және металл бұйымдары, химиялық өнімдер.
Негізгі импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жартылай шикізаттар, жанармай және азық-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4% тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып, импорт - 126 млрд доллар болған.
90-шы жылдардағы Жапония экономикасы ұзаққа созылған тоқыраудан бір жола шыға қойған жоқ, бұған бірден бір себеп болғаны - қозғалмайтын мүлік нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынға ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жүйесі де көптеген қайта қарауға тән жақтарын көрсете бастады.
Осылайша 90-шы жылдардағы үкіметтің алға қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру, тоқыраудан шығу сияқты мемлекет деңгейіндегі өзекті мәселелер болып саналды.
Жапон экономикалық ғажабы
Жапондық экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ақ көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде? Бұл сұрақтардың жауабы болып келесі факторлар саналады:
шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
негізгі капиталды жаппай жаңарту;
ішкі нарықты ұлғайту, соның ішінде аграрлық реформа есебінен;
шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап көрсетуде:
жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ Жапонияда 9-жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген, Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
жапон кәсіпкерлерінің сирек кездесетін ақыл-ой өрісі;
әкімшілік пен персонал арасында үйлесімдік таба білген жалдамалы еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
капитал жинаудың жоғары мөлшері;
жеке ғылыми -техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.
Соңғы кездері бұл факторлар мыналармен толықтырылды:
шикізат ресурстарыңың жоқтығы, Жапония импортпен қажетті ресурстарының 99% алады, соның ішінде 100% боксит, мата, табиғи каучук, 99,7% мүнай, 99,5% темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымын әрдайым жаңалап отыруға, энергия мен ресурстарды ұқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді;
Жапонияда Конституцияға сәйкес соғысқа қарсы 3 ядролық емес қағидалар қалыптасқан, яғни ядролық қару-жарақты болдырмау, өндірмеу, енгізбеу. Нәтижесінде әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің 1% ғана құрайды.
Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды мықтап ұстайды.
Жапон тауарларыньщ бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар болып саналатындар:
өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
еңбек өнімділігінің өсімі;
еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жұмыс уақытын жоғалту;
жан басына шыққандағы табыс көлемінің өте жоғарлығы.
