Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_mem_fin_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі

Тәжікстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған сәттен бастап-ақ нарық экономикасын қалыптастыру үшін қажетті құқықтық база құра басгады.

Республиканың экономикалық саясаты-тауар өндірушілердің шаруашылық дербестігін дамыту, экономиканы дамыту, нарықтық және мемлекеттік реттеушілерді қатарымен үйлестіре охырып анықтау сияқты бағыттарды қолдау болды.

Нарық экономикасына көшу кезеңіндегі қаржылық қайта қалыптасу саласындағы алғашқы әрі негізгі құжат болған Тәжікстан Республикасы Президентінің «Нарықтық қатынастар және экономикалық қайта қалыптасуды тереңдету бойынша алғашқы кезектегі шаралар туралы» заңы. (1994 жылдың 3 желтоқсан, №8) сондай-ақ, Тәжікстан Республикасы Мәжілісі бекіткен «1995-2000 жж. Тәжікстан Республикасының экономикалық қайта қалыптасу бағдарламасы».

90-шы жылдардың алғашқы жартысы республика экономикасы үшін қаржылық жағдайдың ойсырауымен сипатталалды, оған себеп: қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша айналымының арасындағы айтарлықтай айырмашылық, ТМД елдерімен төлем жасай алмау, және де ең бастысы мемлекеттік бюждет тапшылығы.

Бұл өз кезегінде республиканың сыртқы қарызын ұлғайта түсті. Осылайша, тығырықтан шығу мақсатында 1995 жылдың 10 мамырында ұлттық валюта - сомони енгізілді.

Экономиканы тоқыраудан шығару және қаржылық сауықтыру бойынша ел президенті мен республика үкіметі жүргізген шаралар 1995 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу нәтижелерінен- ақ көрінді.

Ұлттық валютаны енгізу, жақын және алыс шетелдермен экономикалық бірлесуге келісім жасау т.б. шаралар экономика, қаржы, бюджет, жалпы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтана бастауына қадам жасауға мүмкіндік береді.

1996 жылдан бастап республика экономикасын нарықтық қатынастарға ауыстыру бойынша шараларды енгізу нақты түрде іске асырыла бастады. Шаруашылықты жүргізудің жаңа тәсілдерін енгізу қолға алынды.

1996 жылы салықтық — бюджет саясаты да назардан тыс қалған жоқ, «Тәжікстан Республикасының бюджет құрылымы мен бюджет процесі туралы» заң қабылданды.

  1. жыл ұлттық экономиканың барлық салаларындағы экономикалық реформалардың жалғасы ретінде саналды, соңғы жылдар бойында алғаш рет жиынтық ішкі өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 ості.

Қаржы реформаларын сәтгі іске асыру мен жүргізу мақсатында Тәжікстан Республикасының қаржы министрлігі мен Салық комитеті бірлесе отырып Тәжікстан Республикасының Салық Кодексін даярлады. Аталмыш Кодекс 1998 жылдың 12 қарашасында Мәжіліснен кабылданып, 1999 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылды.

2001 жылы «Қазынашылық туралы» заң қабылданды, сонымен қатар дәл осы жылы Тәжікстан Республикасының 2003 жылға дейінгі орта мерзімді мемлекеттік бюждеті алғаш рет қабылданды.

Қаржы реформасындағы келесі маңызды кезең 2002 жылы қабылданған «Тәжікстан Республикасының мемлекеттік қаржылары туралы» заңы болды, сондай-ақ шығындарды орта мерзімді жоспарлау бағдарламасы қабылданып, осы бағдарлама негізінде 2003 жылғы мемлекеттік бюджет даярланып бекітілді.

Республикада нарықтық инфрақұрылым қалыптасуда. Әлемдік сауда ұйымына ену үшін жан-жақты қадамдар жасалуда.

Дегенмен, Тәжікстан сарапшылары бүгінде бір нәрсені мойындап отыр, осы уақытқа дейін қол жеткізген нәтижелер халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта түсу үшін жеткіліксіз. Тәжікстан үкіметі әлеуметтік саясаттағы негізгі бағытын, назарын кедейшіліктің мәселесін шешуге бағыттап отыр.

Сонымен қатар күрделі мәселені туындатып отырған нәрсенің бірі - инвестициялық капитал тапшылығы. Жеңілдік негізінде сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындатып отыр.

Бүгінде 22 инвестициялық жоба іске асырылу сатысында, олар Тәжікстан Үкіметі мен Әлемдік банк, Азиялық даму банкі, Ислам даму банкі, ОПЕК қорымен, Ага - Хан даму қорымен бірлесе отырып жүргізілуде. Аталған жобалар ауылшаруашылық, көлік, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік саланы дамытуға арналған.

Салықтық-бюджеттік саясат аясындағы қаржы реформаларының басты міндеті - 2003-2005 жылдарға Жоспарланған орта мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру.

Осыған байланысты, бүгінде қаржы министрлігі төмендегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен оларды басшылыққа алуды көздеп отыр:

  • ЖІӨ көлемін жыл сайын 5 котеру;

  • бюджет табыстарының көлемін ЖІӨ-ге пайызбен алғанда 2006 жылы 18 дейін көтеру;

  • бюждет тапшылығын біртіндеп жою;

  • әлеуметтік сектордағы бюджет шығындарын жыл сайын көтеру;

  • кедейшілікпен күрес бағдарламасын іске асыруға арналған арнайы ассигнованиялар бөлу; т.б.

Осы аталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Тәжікстан Республикасы Салық Кодексіне де біршама толықтырулар мен өзгертулер енгізілуде.

24-кесте. 2003 жылгы Тәжікстан Республикасы бюджет жүйесініц ңегізгі көрсеткіштері, мың сомони

1 тоқсан

1 жарты жылдық

9 ай

1 жыл

1

2

3

4

5

Табыстар

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

169385,5

363932,3

54918,2

824354,4

Республикалық бюджет

11349,2

243440,3

361687,2

555913,5

Жергілікті бюджет

53626,6

121278,7

191213,1

263284,3

Кестенің соңы

1

2

3

4

' 5

Шығыстар

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

119506,5

315022,7

500834,0

772318,1

Республикалық бюджет

67138,7

191182,5

314752,8

505935,9

Жергілікті бюджет

47577,5

108645,4

171058,8

242453,3

Тапшылық (-) Артықшылық (+)

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

49879.0

48909,6

48784,2

52036,3

Республикалық бюджет

47210,5

52257,8

46934,4

49977,6

Жергілікті бюджет

6050,1

12633,3

20154,3

20831,0

25-кесте. Тәжікстан Республикасының мемлекеттік бюджетінін табыстары мен шығыстары

1998

1999

2000

2001

2002

2003

Шығыстар

178,7

236,4

261,8

379,7

543,0

772,3

Табыстар

180,4

249,8

251,7

382,3

566,9

824,4

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]