- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
1992 жылдан бастап Жапония үкіметі 90-шы жылға дейін «езілген сабындай» созылып кеткен экономикалық тоқыраудың көзін жою мәселелерін алға қойды.
Қазіргі таңда тоқырауға қарсы 8 бірдей бағдарлама қаралып, бұл бағдарламалардың жалпы қаржыландыру көлемі 110 трлн иенге дейін жетті.
1992-1999 жылдары қарастырылған тоқырауға қарсы шаралардың негізгі құралдары болып табылғандар:
салық ставкаларын реттеу;
қоғамдық жүмыстар, әлеуметтік инфрақұрылымға мемлекеттік инвестициялар;
мемлекеттік институттарды несиелендіру және нақты сектор кәсіпорындары үшін несиені кепілдеу;
шағын және орта бизнесті қолдау;
Жапон Банкімен проценттік ставканы төмендету;
Экономиканың бәсеке қабілеттілігінің өсуімен экспортты ынталандыру;
Экономика жүйесін қайта реттеу шаралары.
1991 жылы басталған өнеркәсіптік өндірісінің бірден төмендеуі, 1993 жылдың аяғында-ақ тоқталды.
Жапония либералды салықтық - бюджеттік саясатын жүргізуге қабілетті жалғыз ғана индустриалды мемлекет болды.
жылы мемлекеттік бюджеттің оң-солдысы байқалып, 1994 жылы экономиканы дамытуды ынталандыру мақсатында қосымша бюджет қабылдауға мүмкіндік пайда болды. Қабылданған шаралар ішкі сұранысқа жағымды ықпал етіп, Жапония экономикасының тоқыраудан шығуы 1994 жылдың екінші жартысында көріне бастады.
жылы Орталық банк мөлшерлемені ең төменгі дәреже
1,75% деңгейінде ұстады. Нәтижесінде 1994 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өнімі небәрі 1% болған болса, 1995 жылы - 2,5% -ға жетті. Жапон экономикасының тоқыраудан шығуы мемлекет секторында инвестиция деңгейі жоғарылата түсіп, инвестиция саласы ынталандырылды. Жапон инвестициялары бірінші кезекте АҚШ және Азияның кейбір жаңа индустриалды елдері: Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд т.б.-ның өндіріс қуаттарын қалыптастыруға бағытталды. Міне, дәл осы факт 1997 жылдың күзінде Жапон экономикасы үшін жағымсыз рөлін көрсетті, яғни Азиядағы қаржы тоқырауы деген түсінік осы жерден бастама алған.
1996-1997 жылдардағы Жапон экономикасының жағдайы қуанарлық емес еді. Аса жоғары салықтар экономикалық өрлеуге шектеу қойып қойды, тіпті үлкен тақырға отыруға дейін әкелді.
жылы нақты жалпы ішкі енім 0,1% түсіп қалды. Осылайша 1997 жылдың екінші жарытысында Жапония экономикалық құлдыраудың басталғанын мойындауға мәжбүр болды. 1997 жылдың нәтижесі бойынша жалпы ішкі өнімнің төмендеуі 0,7% құрады; бұл соңғы 23 жыл ішіндегі ең күрделі экономикалық құлдырау болды. (1973 жылғы мұнай тоқырауынан кейінгі).
жылдың аяғында Хасимото кабинеті жапон экономикасын қиын жағдайдан шығару үшін шұғыл шаралар қабылдауға кірісті.
«Жан-жақты экономикалық шаралар бағдарламасы» ел тарихындағы ең ірісі болып саналды - салықтарды төмендету, әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция сияқты шаралар бағдарламасының іске асырылуы, ал осы жобалардың шығыстар сомасы -17 трлн иеннен астамды құрады. Бұл бағыттарды төмендегі кестеден байқауға болады.
10-кесте. Жан-жақты экономикалық шаралар бағдарламасы
№ |
Негізгі бағыттар |
Шығын көлемі, трлн, иен |
1 |
Салықтарды қысқарту және қозғалмайтын мүлік саласындағы арнайы салықтық шаралар |
4,3 |
2 |
Шағын және орта бизнесті қолдау |
2 |
3 |
Әлеуметтік инфракұрылымға инвестициялар және жергілікті билік органдарымен қаржыландыратын тәуелсіз жобалар |
7,5 |
4 |
Қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығын дамыту |
2,3 |
5 |
Еңбекпен қамтуды жоғарлату |
0,05 |
6 |
Апатты жағдайлардың алдын алу немесе жою |
0,2 |
7 |
Азия елдеріне көмек |
0,7 |
8 |
Барлығы |
17,05 |
Үкімет сондай-ақ, банк секторын сауықтыру үшін де шаралар қабылдауда, бұл бағытқа 30 трлн иен бағытталған.
9-3/129
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қортындылай келе жаңа Премьер-министр К. Обути әкімшілігі шараларды іске асыра келіп, 80 трлн иенге артық сома үкімет шараларына жұмсалғандығын мәлімдеген.
жылдың 16 қарашасында Обути кабинеті тоқыраудан шығудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама «шұғыл мұқтаж экономикалық шаралар пакеті» деп аталды. Бағдарламадағы негізгі бағыттар - қаржы жүйесін тұрақтандыру, экономиканы жалпы сауықтыру.
9-ТАҚЫРЫП
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
