- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
Қаржы жүйесі және оның буындары
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан-алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
Қаржы жүйесі - бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын ҚҰРУ және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салаларынан тұрады:
мемлекеттік бюджет;
сақтандыру қорлары;
қор нарығы;
мемлекеттік несие;
шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржыларына;
бюджеттен тыс қорлар.
Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетікке орта лықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.
Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.
Экономикалық-әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.
Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды роль атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.
Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттікі ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.
1-сызба. Ресей Федерациясының қаржы жүйесі.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтардың, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.
Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік бюджет арқылы мемлекет экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды қаржыландыруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, мемлекеттік басқару органдарын ұстауға және басқаларға бағытталады. Жалпы мемлекеттік қаржының бірден- бір саласы бюджеттен тыс қорлар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар - федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.
жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы 90,5 трлн, немесе мемлекеттік бюджеттің 63% құрады.
Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т.б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.
Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.
