- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
Алғашқы кезең.
Кеңес үкіметі тараған соң оның құрамынд а болған Қырғызстан 1991 жылдан бастап экономикалық тұрғыдан алғанда қиын жағдайда қалды.
Осылайша, Қырғызстан Республикасы үшін өз экономикалық саясатын, іс-қимылдары мен бағыт-бағдарламаларын ойластыру қажеттілігі туындай бастады. 1992 жылдың қаңтарында реформаның алғашқы қадамының бірі болып - баға босату саналды, бұған қосымша негізгі мәселе — жекешелендіру саясаты да алға қойылды.
Сонымен қоса экономикалық реформаның ұстанған басты бағыттары - инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, экономиканың кейбір секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасын орындау, халықты әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналды.
Нәтижесінде Қырғызстан үкіметі ХВҚ-мен бірлесе отырып келесі құрылымдық бағдарламаларды даярлап қабылдады.
ESAF 1. 1994 жылдың маусымында Қырғыз Республйкасы мен ХВҚ арасында үшжылдық мерзімді қамтитын, яғни 1994- 1997 жылдар ішінде экономикада қүрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама жүргізу туралы келісімге қол қойылды.
Аталған бағдарламаға сәйкес 1994—1995 жылдары инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, сыртқы қарызды реттеу, тиімсіз кәсіпорындардың құрылымын қайта қарау, реформаларды нығайту үшін құқықтык базаны жетілдіру сияқты кең көлемді шаралар қамтылды.
Келесі негізгі бағдарлама ESAF 11. 1999 жылдың 29 қаңтарында Қырғыз Республикасы жаңа Үкіметінің алғашқы отырысында көтерілген басты мәселе - 1999-2001 жж. Қырғыз Республикасының әлеуметтік —экономикалық жағдайын тұрақтандыру шараларын бекіту болды.
1997 жылдың 28 мамырында Үкімет «Адамзатты тұрақты дамытудың ұлттық стратегиясын» қабылдады. Аталмыш стратегияның басты бағыты мен міндеті - кедейшілікті қысқарту саясатын даярлау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетулерді толық әрі тиімді қамтамасыз ету.
Бұл стратегияны іске асырудағы Қырғыз Республикасының басты міндеті халықтың әл-ауқатын жоғарылату болатын.
Әкімшіл - әміршіл жүйенің тәртібінен бірден нарық қатынасына көшу экономикада, сондай-ақ әлеуметтік салада тығырықтар туғызды, күрделі мәселелер туындады. Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер реформа жылдарындағы экономика жағдайын сипаттайды.
19-кесте. Қырғызстанның макроэкономикалык көрсеткіштері (1990 ж. %-бен)
|
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
жю |
94,8 |
70,1 |
58,2 |
42,9 |
42,9 |
40,2 |
42,5 |
46,9 |
Өнеркәсіп өнімі |
99,5 |
73,3 |
55,5 |
41,9 |
41,9 |
36,7 |
40,5 |
59,4 |
Ауыл- шаруа- шылық өнімі |
85,9 |
64,4 |
51,5 |
23,2 |
23,2 |
38,1 |
45,1 |
29,2 |
Күрделі салымдар |
189,7 |
954,6 |
1358,4 |
187,2 |
187,2 |
151,6 |
131,4 |
125,4 |
Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдай отырып реформа басталған сәттен бастап арадағы кезеңді екі кезеңге, немесе сатыға ажыратуға болады: алғашқы кезең - 1992 жылдан 1994 жылдың аяғына дейін, бұл кезде экономикалық ақуал бірден төмендеп кеткен кезең, және екінші кезең - 1995 жылдан басталып, экономика құлдырауы бәсеңдеп, өрлеуге бет алған кез. (1995-1997 жж.).
Кезеңдерді қарастыру барысында тұрақтандыру саясатының негізін құраушы: жекешелендіру, баға босату, инфрақұрылым қалыптастыру сияқты жақтарын ескере кеткен жөн.
20-кесте. Қырғызстанда жүргізілген реформалардық басты факторлары
Тұрақтандыру саясатының факторлары |
Алғашкы кезеңде әсер ету деңгейі |
Екінші кезеңдегі әсер ету деңгейі |
Жекешелендіру |
Жоғары |
Орташа |
Либерализадия (баға босату) |
Жоғары |
Төмен |
Тұрақтандыру |
Жоғары |
Жоғары |
Қайта кұрылымдық (Реструктризация) |
Орташа |
Жоғары |
Инфракұрылым құру |
Төмен |
Жоғары |
Алғашқы кезең: КСРО-ң ыдырауы салдарынан болған ішкі және сыртқы сауда қатынаетарының үзілуі, сұраныстың азаюы нәтижесінде ішкі өндірістің құлдырауы сияқты құбылыстарға бейімделу, оны мойындау болды.
Бұл кезең барлық экономикалық көрсеткіштердің әлсіз, нашар тұрғыдағы сипаты, тіпті өндірістің жылдан жылға қысқаруы, мысалы 1993 ж. - 16%-ға, ал 1994 ж. - 20%-ға азаюымен байланысты.
Ал, тауар өндірісі салаларының шығарылымдары айтарлықтай төмендеп, 1994 жылы барлық ЖІӨ -нің шамасымен 60%- ға жуығын ғана құрады, ішкі сұраныс пен өндіріс көлемінің төмендеуі төлем балансының ағымдағы операциялар шотының тапшылығын төмен деңгейде ұстады - шамамен 85 млн доллар
1993- 1994 жылдары. Жиынтық ұлттық жинақтар ЖЮ-ге 1993 жылы 6,7 төмендеді. Ал еңбекпен қамту 1993 жылы - 155,3 мың адамға азайды, ал 1994 жылы 35,2 мың адамға.
Осы құбылыстардың нәтижесінде елде әлеуметтік жағдай құлдырап кетті.
Дәл осы тұста ұлттық валютаны енгізу барысы да орын алды.
Қырғызстандағы жүргізілген жекешелендірудің мақсаты азаматтарға меншіктерді бөліп, оны Қырғызстанның нарық экономикасына көшудегі басты кұралының біріне айналдыру болатын. Жекешелендірудің өзі екі кезеңде өткізіледі.
Алғашқы кезең 1993-1994 жылдар. Мемлекет меншігінен алу процестері 1991 жылы басталып кетті. 1991-1993 жылдар аралығында мемлекет меншігінің шамамен 40% жуығы жекеше- лендірілді.
Жекешелендіру бағдарламасьгаың алғашқы кезеңінің соңында меншік түрлерінің арқылы сипаттары қалыптасты, мысалы - 50% мемлекеттік меншікті құраса, 7,7% қоғамдық кооперативтік, 9,2% - колхоздық, 9,3% - еңбек ұжымы, 14,3% - біріккен мемлекет меншігі мен еңбек ұжымы және 0,5% жеке тұлғалардың меншігі.
Екінші кезең, 1994-1995 жылдар. Қазіргі заманғы заң базасы даярланып енгізілді, жекешелдіруді жүргізу тәртібі мен тәсілдері жеңілдеді. Купондық жекешелендіру басталды.
Мемлекет меншігіндегі объектілерді сатудың негізгі тәсілдері - аукциондар мен конкурстық сату болды. 100 адамға жуық құрамы бар кішкене өнеркәсіп кәсіпорындары аукциондар арқылы жекешелендірілді.
100 адамнан 1000 адамға дейін құрамы бар орташа кәсіпорындар конкурстық іріктеу арқылы жекешелендірілді.
1991 - 1995 жылдар аралығында Республикада мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының 5896 жекешелендірілді, басқаша айтканда жалпы санның 59%-ы.
Баға босатуға келетін болсақ, 1991 жылы баға босатылып, баға бірден көтеріліп кетті.
21-кесте. Қырғызстанда сыртқы сауда дамуыныц негізгі көрсеткіштері, 1992-1995 жылдары (АҚШ-тың млн, долларммеи)
|
1992 ж. |
1993 ж. |
1994 ж: |
1995 ж. |
Сыртқы сауда айналымы |
737,7 |
808,0 |
744,4 |
967,8 |
Экспорт |
317,0 |
360,2 |
340,1 |
408,9 |
Импорт |
420,7 |
447,8 |
404,3 |
558,9 |
Сыртқы сауда тапшылығы |
103,7 |
87,6 |
64,2 |
150,0 |
Ақпарат көзі: Қырғыз Республикасының ұлттық статистикалық комитеті, қысқаша статистикалық жинақ, 1997 жыл.
Республика маңынан, әсіресе, Ресей жағынан әрдайым инфляциялық қысым жоғарылай түсуіне байланысты 1993 жылдың мамырында рубльдік тәртіптен шығып Қырғыз Республикасының өз ұлттық валютасы - сом енгізілді. Сом енгізілген сәтте «валюта туралы заң» күшіне енді.
Бұрынғы экономикалық жүйенің құлауы, өндіретін құлдырауы және салықтық жауапкершілік осалдығы - осының бәрі бюджет түсімдерінің азаю себептеріне айналды. Нәтижесінде бюджет тапшылығы жоғарылап 1992 жылы ЖІӨ-ң 13,4% жетті,
жылы - 13,6% жетті. 1994 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-ң 7,7% қысқарғанымен, 1995 жылы ол кайта ЖІӨ 11,8% жоғарылап кетті.
Сонымен қатар банк жүйесінде де реформа жүргізілді. Ұлттық банк пен үкімет бірлесе отырып, 1994 жылы тиімсіз кәсіпорындарды бюджет қаражаттарымен қаржыландыруды тоқтату шешімін қабылдады. 1994 жылдың қаңтарында «тақырға отыру туралы» заң қабылдаиды.
Осылайша, түбегейлі реформалардың алғашқы кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайында төмендетті.
Өмір сапасын аныңтайтын үш бірдей негізгі көрсеткіштері: халық табысы, өмір сүру деңгейі, сауаттылық деңгейі мүлдем қүлдырады.
Жогарыда аталып кеткендей, гиперинфляция нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың айтарлықтай бөлігі кедейшілік шегінде болды (1996 жылғы мәліметтер бойын- ша 70,7%).
1992 - 1993 жылдардағы инфляция (гиперинфляция) халықтың өмір деңгейін төмендету процесін жеделдете түсті. Көптеген жұмыс орындарының қысқаруы, жеке еңбекпен айналысу саласындағы жұмысшылар санын көбейте түсті. Мысалы бұл саладағы жұмысшылар саны 1993 жылы 26,7 мың адам болса,
1997 жылы бұл көрсеткіш 215,3 мың адамға жетті.
Демографиялық жағдайда да көзге көрінер құбылыстар байқалып жатты, гиперинфляция мен экономиканың құлдырауы ерлердің өмір сүру деңгейін 62,9-дан 61,4 жасқа дейін өзгертті, ал әйел адамдарда 71,7 жастан 70,4 жасқа ығыса бастады.
Осылайша, әлеуметтік-экономикалық реформалардың алғашқы кезеңі жалпы экономиканың барлық салаларында күрделі құлдыраумен сипатталып, жаңа экономикалық бағыттарға бейімделе бастауды қажетсінді.
Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының екінші кезеңі 1995 жылдан бастау алады.
Екінші кезең негізгі реформалардың аяқталуы, экономикалық құлдыраудың бәсеңдеуі және 1996-1997 жылдары экономиканың көтеріле бастауымен байланыстырылады. 1997 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 5,2% қысқарды.
Екінші кезеңдегі басты бағдарламалар мен жобалар.
ПЕСАК — шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды жою немесе қайта құру бағдарламаны (PESAC). 1994-1996 жылдар аралығында 28 ірі кәсіпорындарда тексеру аяқталып, өндірістік шығынды кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатты, нәтижесінде еңбекпен камту мәселесі бой көтеріп, жұмыссыздық деңгейі
өсті.
Бұл жобаны қаржыландыру 1996. жылы шамамен 0,2 млн доллар қүрады.
АПЕАК - ауылшаруашылық секторын дамыту бағдарламасы. АПЕАК бағдарламасы 1995 жылы басталды. Бұл жоба бойынша алынған қаражаттардың жалпы сомасы 41,8 млн доллар болды. Бүл жобаға қаржылық даму барысында Азия даму банкі 1996 жылы 19,3 млн доллар қосымша бөлді.
ФинСАК - қаржы секторын қайта құру бағдарламасы. ФинС- АК бағдарламасы 1996 жылдың қыркүйегінде күшіне енді. Аталмыш бағдарламаның басты міндеттері болып:
жаңа банктік емес институттарды кұру жолымен қаржы секторын қайта құрылымдау;
ҚР ҰБ -не кецестік көмек көрсету;
Қаржы министрлігіне, коммерциялық банктерге көмек көрсету саналды.
ФинСАК бағдарламасы бойынша 1996 жылы 22,6 млн доллар түскен.
Келесі жерде әлеуметтік бағдарламалар қолға алынды. Қырғыз Республикасы Үкіметі кедейлікті жоюмен байланысты бірнеше бағдарламаларды қабылдады. Олар төменгідей:
«Манас» - денсаулық сақтауды қайта қалыптастырудың кешенді шаралары.
«Білім» - білім беру саласы;
«Ализат» - тендерлік бағдарлама;
«Ардагер» - қарт адамдарға әлеуметтік қорғау көрсету бағдарламасы.
«Аракет» - 1998 жылы қабылданған кедейлікті жеңу бағдарламасы.
«Эмгек» - «1999-2000 жылдары және 2005 жылға дейінгі Қырғыз Республикасындағы халықты еңбекпен қамту және еңбек нарығы» атты ұлттық бағдарлама.
Осы бағдарламаларды іске асыру үшін индикативтік жоспар құрылған. 1996-1998 жылы индикативті жоспары ЖІӨ-ң нақты көлемін жоғарылатуға бағытталды. ЖІӨ-нің 1996 жэне 1997 жылдарғы қортындысы бойынша номиналды көлемі 22467,8 және 30438 млн сом құрады.
1999-2001 жылы индикативті жоспар.
түрақты макроэкономикалық саясатқа қол жеткізу;
2000 ж. ЖІӨ-нен бюджет тапшылығын 2,2 кысқарту;
нақты секторды дамыту қажеттілігі.
жылы Қырғыз Республикасы сыртқы - экономикалық байланысты 62 елмен ұстады, олардың өзін-өзі екі топқа жіктеуге болады:
ТМД құрамындағы елдер
ТМД құрамына кірмейтін елдер.
ТМД елдерінің ішіндегі Қырғыстанның басты сауда әріптестері болып Ресей (25,3 - экспорт және 19,6 - импорт), Қазақстан (21,2 экспорт және 22,1 импорт) саналды. Ал, ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттер ішінен басты сауда әріптестері болып АҚШ (3,5 экспорттың жалпы көлемінен және импорт бойынша 4), Турция (экспорт бойынша 1, 5,3 - импорт бойынша), Қытай (экспорт - 7,2 және импорт 0,9) т.б. саналды.
1998 жылы сом курсы АҚШ долларына шаққанда бірден төмендеді, бұған Оңтүстік Шығыс Азия мен Ресейдегі қаржы тоқырауы да септігін тигізді. Нәтижесінде импортталатын тауарлардың бағалары бірден өсіп, іскерлік белсенділік төмендеп, өндіріс бәсеңдеп, сом құны едәуір құлдырады.
Қорыта келе түйіндейтін пікіріміз Қырғыз Республикасы нарық қатынасына көшу процестерінің алғашқы да, кейінгі де кезеңдерін қиыншылықпен өткерді.
Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер Қырғыз елінің бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайына, халықтың әл-ауқатына көз жүгіртіп, белгілі мөлшерде талдау жасауға мүмкіндік береді.
22-кесте. Қырғызстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері
Халық саны |
4.9 млн |
Еңбекпен қамтитын халық саны (бір жылғы орта есеппен) |
1,8млн адам 1 |
Жұмыссыздық деңгейі |
3,1. |
Жалпы ішкі өнім |
99,5 |
Өнеркәсіптік өнім көлемі |
87,0 : |
Біріккен бюджет табыстары 2 |
10,3 (млр ұлт. вал.) |
Біріккен бюджет шығыстары 3 |
11,3 (млр ұлт. вал.) |
Экономика саласындағы еңбекпен қамтылғандар саны |
1,8 млн адам |
дерек 2001 ж.
деректер 2000 ж.
деректер 2000 ж.
. Ақпарат көзі: Статистический ежегодник Казахстана (мировые сравнения 2003 ж.).
