- •II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы
- •Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері
- •Жапон экономикалық ғажабы
- •Жапонияның бюджет жүйесі
- •Жапонияның салық жүйесі
- •Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері
- •Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
- •Кесте. Ресей Федерациясының бюджет құрылымы
- •Қаржы жүйесі және оның буындары
- •Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
- •Ресейдің салық жүйесі
- •Украинаның қаржы жүйесінің құрыльімы мен құрамы, түрлі ой-пікірлер
- •10.2 Мемлекеттік бюджет: табыстары мен шығыстары
- •Украинаның салық жүйесі
- •Бюджет табыстарының мәні, мазмұны
- •11.2 Беларуссияның салық жүиесі
- •12.1. Қырғызстандағы әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
- •12.2 Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
- •Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі
- •12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
12.4 Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу
Түркіменстан Республикасы Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі халқының саны шамамен 4,8 млн адамнан тұратын, экономикалық жағдайы өздеріне ғана тән айрықша мемлекет.
Соңғы статистикалық мәліметтеріне жүгінетін болсақ, еңбекпен қамтылған халкының саны 1,9 млн адам.
Ел президенті С. Ниязов жасаған баяндамалары мен мәлімдемелерінің негізгі сипаты - мемлекет билігі мен халық мүмкіншіліктеріне сараптама жасау.
Бүгінде Түрікменстан Республикасында экономикалық тұрғыдан қаралып жатқан негізгі мәселелер:
елдің табиғи шикізат байланыстары, отын-энергетикалық өнеркәсіп т.с.с. қоғам меншігінде болады.
жер және су ресурстары мемлекет қолында болады;
шаруалар меншігіне қанша жерді өндеуге шамасы болса, сонша жер беріледі;
мемлекет шаруаларға су, дән, тыңайтқыш пен техника жағынан көмектеееді;
шаруа мемлекет қазынасына өнімінен тапқан пайдасының 20% салық ретінде төлеуі тиіс;
ал шаруаның жалдамалы жұмысшылары айлық табысының 10% мемлекетке салық ретінде төлейді;
мемлекет өнеркәсіп өндірісінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді;
кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет кәсіпкерлер банкін құрады;
іспен айналысам деушілерге жеңілдетікпен несие береді, әрине беру кезінде біліктілік деңгейі мен мүліктік жағдайы ескертіледі;
кәсіпкерлер де өз пайдасының 20% мемлекет қазынасына беру тиіс, ал олардың кәсіпорындағы жұмыс істейтін жұмыскерлер табысының 10% салық ретінде төлейді.
Мемлекет газ, мүнай, шикізат т.б. байлықтарын өңделмеген түрде сатудан бас тартып, ел ішінде өңделген соң ғана басқа мемлекет нарықтарына ұсынбақ.
Қазіргі кезде Түрікменстанда шетелдік капиталдың қатынасуымен бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасауда. Бірлескен кәсіпорындардағы жұмысшылардың басым бөлігі шетелдіктер, сондықтан да еңбекпен қамту мәселесіндегі бірден-бір қажет шарт - жергілікті халықты жұмыспен қамтып, ұлттық кадрлар мәртебесін көтеру болып отыр. Осыған орай С. Ниязов өз баяндамаларының бірінде аталмыш кәсіпорындардағы жұмысшылардың кем дегенде 30% жергілікті халық болуы тиіс деген
.Сонымен қатар еңбек ақы мәселесі де әлі күнге оң шешімін таппаған. Мысалы, бірлескен кәсіпорындағы түрікмен мамандары мен білікті жұмысшылардың жалақысының көлемі - шамамен 400 АҚШ доллары, бірақ та шетелдік жұмыс берушілер ел президентінің еңбек ақыны шетел валютасымен емес, ұлттык валюта яғни - манатпен беру бұйрығына сілтеме жасап, жүмысшыларға ұлттық валютамен еңбек ақы төлейді.
Еңбек ақы есептеу валютаның нақты құнымен емес, ресми (официальный) құнымен есептеледі де, жұмысшылар өздеріне тиесілі 400$ орнына тек 100$ ғана алуларына тура келеді. (себебі айырмашылық 4 есе). Бірлескен кәсіпорындардағы жұмыс күні 12 сағат, тіпті кейде 16 сағатқа да созылады.
Бүгінде оппазиция осы мәселені қайта-қайта көтеріп, жергілікті халықты пайдалану мен қорлаудың шегі жетіп, алғашқы жерде халық мүддесі тұруы керектігін айтуда.
